ШҰҒЫЛ! ҚАЛА ӘКІМІ АЗАМАТТАРДЫ ҚАБЫЛДАДЫ Толығырақ

СӘТСІЗ САУДА: «1 ДӘПТЕРДІҢ ҚҰНЫ – 95 МЫҢ ТЕҢГЕ».

19:47, 15 қазан 2021

 

ДК: 1 дәптердің құнын 95 мың теңгеге бағалаған. Бұланды ауданындағы білім беру мекемелерінің бірінде орын алған жағдайға қатысты тексеріс жұмыстары жүргізіліп жатыр. Аймақта тағы қандай бұзушылықтар анықталды? Толығырақ тілші бейнематериалында.

РКС: Жыл басынан бері облыстың 9 мемлекеттік ұйымында тексеріс жүргізілген. Қазынадан қаржы жымқырғысы келгендер уақытында анықталып, есеп-қисаптар тексерілді. Бұланды ауданында жалпы сомасы 14 миллион 250 мың теңгеге дәптер сатып алынбақ болған. Осыған ұқсас заңсыздықтарды анықтау арқылы  бюджеттің 1 миллиардтан астам теңгесі үнемделді.

СНХ: АРМАН РАХЫМОВ, ОБЛЫСТЫҚ СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ІС-ҚИМЫЛ ЖӨНІНДЕГІ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ ЖЕТЕКШІСІ: Бүгінгі күнге дейін 36 шенеунік, оның ішінде 18 жетекші тәртіптік жауапкершілікке тартылды. 7 лауазымды тұлға қызметінен босатылды. 11 адамға ресми талаптарды толық орындамағаны туралы ескерту берілді.

РКС: Сыбайлас жемқорлыққа қарсы маңызды және тиімді шаралардың бірі -  құқық бұзушылықтар туралы хабарлау. Биылдың өзінде сыбайлас жемқорлық фактілері туралы хабарлаған 6 адамға 800 мың теңге берілді.

СНХ: АРМАН РАХЫМОВ, ОБЛЫСТЫҚ СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ІС-ҚИМЫЛ ЖӨНІНДЕГІ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ ЖЕТЕКШІСІ: Егер қызметкер сыбайлас жемқорлыққа қатысты айыпталса, мемлекеттік органның жетекшісі де жауапкершілікке тартылады. Сонымен қатар, саяси мемлекеттік қызметші болып есептелетін жетекшілер бағыныштылардың сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасағаны үшін отставкаға кетуге міндетті.

РКС: Бүгінде заңды өрескел бұзған 6 мемлекеттік қызметкер тәртіптік жауапкершілікке тартылды. Оның 3-еуі өз еркімен жұмыстан босатылса, 1-еуі басшылық отставкаға кетуді талап еткен соң қызметтен кеткен.

ЖАНСҰЛУ ЖИЕНҚҰЛ, НАЗИРА БАЛТАШЕВА, БАУЫРЖАН СМАҒҰЛОВ, ЖАМБЫЛ БАЛТАЕВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ

Тақырып бойынша материалдар

 ҮЗДІК ЭКСКУРСОВОДТАР КӨКШЕТАУДА БАС ҚОСТЫ
19:45, 30 қараша 2021
ҮЗДІК ЭКСКУРСОВОДТАР КӨКШЕТАУДА БАС ҚОСТЫ
Толығырақ...
ЕЛБАСЫНЫҢ СҮЙІКТІ ӘНІНЕН ФЛЕШМОБ ӨТТІ
19:45, 30 қараша 2021
ЕЛБАСЫНЫҢ СҮЙІКТІ ӘНІНЕН ФЛЕШМОБ ӨТТІ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

 ОБЛЫС ӘКІМІ ЕРМЕК МАРЖЫҚПАЕВ БРИФИНГ ӨТКІЗДІ
22:35, 26 қараша 2021
ОБЛЫС ӘКІМІ ЕРМЕК МАРЖЫҚПАЕВ БРИФИНГ ӨТКІЗДІ
Толығырақ...
ЗАҢҒАР ТАУЛАР МЕН АЙДЫН КӨЛГЕ БАЙ ӨЛКЕ
19:56, 24 қараша 2021
ЗАҢҒАР ТАУЛАР МЕН АЙДЫН КӨЛГЕ БАЙ ӨЛКЕ
Толығырақ...