ШҰҒЫЛ! МҮМКІНДІ ШЕКТЕУЛІ БАЛАЛАРҒА АРНАЛҒАН СПОРТЗАЛ АШЫЛДЫ Толығырақ

ШАҒЫН КОМПЛЕКТІЛІ МЕКТЕПТЕРДЕГІ БІЛІМ БЕРУ МӘСЕЛЕСІ

13:11, 22 ақпан 2021

ДИКТОР: Білім мазмұнын жаңарту жағдайында шағын комплектілі мектептерде оқытуды ұйымдастыру мәселесі өзекті. Облыс бойынша 367 осындай білім ошағы бар. Жанайдар Мусин атындағы Көкшетау жоғары педагогикалық колледжінде шағын комплектілі мектептердегі білім беруді ұйымдастыруға қатысты онлайн семинар-тренинг өтті. Қатысушылар дөңгелек үстел форматында және zoom платформасында баяндамалар жасады.   

РКС: Жиында қазақстандық білім беру жүйесіндегі негізгі мәселелер көтерілді. Баяндамашылар жаңартылған білім жүйесіндегі өз тәжірибелерімен бөлісті. Семинар тренинг оқытушы Өмірбек Төлегеннің 60 жас мерейтойына орайластырылып ұйымдастырылып отыр.  Өмірбек Шаймұратұлы 35 жылдық еңбек жолында 6 оқулық пен оқу-әдістемелік құралын жазған.  11 ғылыми жоба мен 30-дан астам мақала жазды. Студенттердің дипломдық және курстық жұмыстарына жетекшілік етті.

СНХ: ӨМІРБЕК ТӨЛЕГЕН, Ж.МУСИН АТЫНДАҒЫ КӨКШЕТАУ ЖОҒАРЫ ҚАЗАҚ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ КОЛЛЕДЖІНІҢ ОҚЫТУШЫСЫ:///Бізде білім жүйесінде өзекті мәселелердің бірі – оқушылардың математикалық дағдыларын қалыптастыру. Осыған байланысты бастауыш мектептерде қолдануға «Логикалық жаттығулар мен қызықты тапсырмалар»  деген жинақты шығардым. Өйткені, бастауыш мектеп мұғалімдері тапсырмаларды іздеп, қиналып жүреді.

РКС: Сондай-ақ, Өмірбек Шаймұратұлының «Бастауыш мектепте математиканы оқыту әдістемесі» оқу-әдістемелік құралының презентациясы өткізілді.  

СНХ: БАЛКҮМІС СЕКЕНОВА, Ж.МУСИН АТЫНДАҒЫ КӨКШЕТАУ ЖОҒАРЫ ҚАЗАҚ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ КОЛЛЕДЖІНІҢ ОҚЫТУШЫСЫ:///Бүгінгі өтіп жатқан керемет, тамаша іс-шарамыздың басты кейіпкері – Өмірбек Төлеген Шаймұратұлы, ол кісінің 60 жасқа толу мерейтойы, сонымен қатар, ол кісінің 35 жылдық еңбек өтілі. Ол кісінің басты зерттеп жатқан тақырыбы – шағын жинақталған мектептердің болашағы жайлы. Керемет, тамаша зерттеу жұмыстарын жүргізіп жатыр.

РКС: Семинар-тренингтің нәтижесі шағын жинақты мектептерде оқытуды ұймыдастыруда оңтайлы шешімдер қабылдауға жол ашпақ.

БАҚЫТЖАН ОТАРБАЕВА, МЕДЕТ ҚАЙЫРКЕНОВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ

 

Тақырып бойынша материалдар

ДЕРТКЕ ДАУА БОЛАР ДӘРІ-ДӘРМЕК ЖЕТКІЛІКТІ
20:42, 26 ақпан 2021
ДЕРТКЕ ДАУА БОЛАР ДӘРІ-ДӘРМЕК ЖЕТКІЛІКТІ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ВАКЦИНАЦИЯЛАУДЫҢ ЕКІНШІ КЕЗЕҢІ БАСТАЛДЫ
17:30, 23 ақпан 2021
ВАКЦИНАЦИЯЛАУДЫҢ ЕКІНШІ КЕЗЕҢІ БАСТАЛДЫ
Толығырақ...
27 АҚПАННАН БАСТАП КАРАНТИН ТАЛАПТАРЫ ЖЕҢІЛДЕТІЛЕДІ
18:24, 24 ақпан 2021
27 АҚПАННАН БАСТАП КАРАНТИН ТАЛАПТАРЫ ЖЕҢІЛДЕТІЛЕДІ
Толығырақ...