ШҰҒЫЛ! ОТАНДЫҚ ТАУАР ӨНДІРУШІЛЕРДІ ҚОЛДАУ ЭКОНОМИКАҒА СЕРПІН БЕРМЕК Толығырақ

ШАҒЫН ШАҺАРДАҒЫ ШАРУА...

17:29, 20 қаңтар 2021

ДК: Біржан Сал ауданының орталығы Степняк шағын ғана шаһар. Осы өңірде табан аудармастан 25 жыл ішкі істер қызметінде қырағы сержант болған Ерлан Жанәділовті зейнеткерлікке шыққан соң жерлестері мал-құс өсіруде алдына жан салмайтын шаруа адам ретінде құрметтейтін болды. Өйткені, оның отбасы өндіретін азық-түлік өнімдері сапалы әрі арзан.

РКС: Кешегі Көкшетау облысына атақ-даңқы танымал даңғайыр диқан бірнеше ордендердің иегері марқұм Базар Жанәділовтің 11 баласының бәрі еңбекпен есейіп, білім нәрімен сусындап өсті. Ортаншы ұлы Ерлан аяулы әжесі Бағиланың тәрбиесінде болды. Сондықтан ол өн бойына қазақи тәрбие мен мал өсірудің тылсым сырын сіңіріп өсті. 25 жыл бойы қоғамдық тәртіпті күзеткен жаны жайсаң азамат зейнеткерлікке шығысымен Степняк қаласында өзінің жеке кәсібін ашты. Бүгіндері Ерлан Базарұлының отбасымен бірлесе өсірген жылқы, сиыр, қой, ешкі, құс өнімдері сұранысқа ие. Оның сырын шағын шаһарда тұратын шаруа былайша сабақтады.

СНХ: ЕРЛАН ЖАНӘДІЛОВ, КӘСІПКЕР: /қаз/ Бүгінгі табысқа жетудің жолы қиын әрі күрделі болды. Жарым Салтанат та көп балалы отбасында тәрбиеленді. Кіндік қаны өзіміздің ауданның Ұйымшыл ауылында тұрған. Кәсібіміздің өрге басуына ықпал етіп отырған да сол. Барлық есеп-қисапты жарым Салтанат жүргізеді. Бала-шағам, немере-жиендерім еңбекпен есейіп келеді. Соған қуанамын.

РКС: Әйел отбасы ошақ қасының берекесі. Жанәділовтердің ортаншы келіні Салтанат Нұрмаханова да Ерланның шаңырағына нұр шашып, шаңырақтың берекесін келтіруде.

СНХ: САЛТАНАТ НҰРМҰҚАНОВА, ЖҰБАЙЫ: /қаз/ Өз отбасымда ата-анамның келін болып, түскеннен кейін енем-мен әжемнің ақыл-кеңесін тыңдап, сол қасиеттерді 3 балапанымның бойына дарыттым. Жарым Ерлан бала кезінен еңбекпен өскен азамат. Ол әрбір ісін тиянақты атқарады. Отбасында аяулы әке, ақылшы ата. Барлық жұмысты бірлесіп атқарамыз. Өндірген өнімімізді Степняк, Щучинск, Көкшетау, Нұр-Сұлтан қалаларының тұрғындары арнайы тапсырыспен сатып алады. Болашақта кәсібімізді кеңейту ойымызда бар.

РКС: Ерлан мен Салтанаттың көркіне ақылы сай Айдана, Ләйлә, Азия сынды қыздары да отбасын құрған. Айта кетерлігі Айдана мен Азия әкелері Ерлан Базарұлының жолын қуып, полицияда қызмет атқарады. Өткен 2020 жылы Көкшетау қаласында тұратын кіші қыздары Ләйлә және күйеу баласы Мұхтар жандарына көшіп келді.

СНХ: МҰХТАР СҮЙІНДІК, КҮЙЕУ БАЛАСЫ: /қаз/ Көкшетау қаласында пәтер жалдап тұрдым. Тапқан таянғаным отбасыма жетпеді. Атам жаныма кел, еңбек ет деп шақырды. Ақылын тыңдағаныма қуаныштымын. Қазір шаруаны бірлесіп атқарып, мол табысқа кенеліп жүрміз. Бұл ерінбей еңбектенудің нәтижесі деп білемін.

РКС: Әнші әрі композитор Біржан бабамыздың туған топырағынан түлеп, тамырын тереңге жайған еңбекқор жандардың жарқын ісі осындай.

Тақырып бойынша материалдар

ЕКІ ПОЛИЦЕЙДІҢ ӨЛІМІНЕ ӘКЕЛГЕН ЖОЛ АПАТЫНА КІНӘЛІ ЖІГІТ СОТТАЛДЫ
20:08, 3 наурыз 2021
ЕКІ ПОЛИЦЕЙДІҢ ӨЛІМІНЕ ӘКЕЛГЕН ЖОЛ АПАТЫНА КІНӘЛІ ЖІГІТ СОТТ...
Толығырақ...
ІНДЕТКЕ ШАЛДЫҚҚАН ОҚУШЫЛАР САНЫ АРТҚАН
20:06, 3 наурыз 2021
ІНДЕТКЕ ШАЛДЫҚҚАН ОҚУШЫЛАР САНЫ АРТҚАН
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар