ШҰҒЫЛ! 13 СӘУІРДЕ РАМАЗАН АЙЫ БАСТАЛАДЫ Толығырақ

ШАЛҒАЙДАҒЫ ЕЛДІМЕКЕНДЕРДЕГІ ТӘРТІП МӘСЕЛЕСІ БАСТЫ НАЗАРДА

20:25, 24 ақпан 2021

ДК: Ақмола облысының бас полицейі Шортанды ауданына қарасты Жолымбет, Научный елдімекендерінде азаматтарды жеке мәселелерімен қабылдады. Онда тұрғындар полиция қызметіне еңбегі сіңген ардагерлермен жұмыс, Шахманов тау-кен байыту комбинатының аумағында полиция жасағын ұйымдастыру, кентке кіретін және шығатын аумағына бейнебақылау камераларын орнатуға қатысты мәселелерді көтерді. Сондай-ақ, Арманбек Баймурзин Жолымбет кенттік полиция бөлімінің жаңа бастығы Әмір Серікұлы Доскеновты таныстырды.

РКС: Сапар барысында жедел-қызметтік іс-әрекеттің өткен жылғы қорытындысы сараланды. Аудан әкімі Ғайдар Қасенов өңірлік полиция бөлімінің жұмысына оң баға беріп, ризашылығын жеткізді. Ведомство бастығы жергілікті атқарушы билік органдары пен прокурорлардың полицияға деген көзқарасының  біршама жақсарғанын атап өтті.

СНХ: АРМАНБЕК БАЙМУРЗИН, ОБЛЫСТЫҚ ПОЛИЦИЯ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ БАСТЫҒЫ///аударма/// Для того чтобы имидж поднять по итогом февраля... Ақпан айының қорытындысына сәйкес облыс бойынша 20 үздік учаскелік полиция қызметкеріне 100 000 теңгеден сыйақы беріледі. Бұл тоқсандық емес, ақпан айындағы жұмыстары үшін. Патрульдік қызметтің 50 қызметкері 50 000 теңгеден алады. Жақсы жұмыс істегендерді осылайша ынталандырып отырамыз.

РКС: Жыл қорытындысына арналған жиында тәртіп сақшыларының коронавирустық инфекцияның таралуына жол бермеудегі жанкешті қызметі, блок-бекеттердегі жұмысы, сондай-ақ қысқы кезеңде жолаушыларды қар құрсауынан шығарудағы ерлік істеріне аудан басшылығы алғыс білдірді. Электрондық форматтағы  қылмыстық істерді тергеуге қажетті компьютерлік техника сатып алу үшін жергілікті полиция бөліміне сертификат табыс етілді. Жиыннан соң облыстың бас полицейі Научный кентіндегі учаскелік полиция пунктінің жұмысымен де танысты. Айта кетейік, аталған бекет Бараев атындағы ғылыми-өндірістік орталығының ғимаратында орналасқан. Сондықтан мұндағы музейді көрмей кету мүмкін емес.  

РКС: Мұражай қоры академик Александр Бараев пен қазақстандық селекциялық жүйенің негізін қалаушы Валентин Кузьминнің қызметіне арналған экспозициялардан тұрады. Мұражайда 270-тен астам тарихи құнды экспонат пен ғылыми құжат бар. Кейін учаскелік полиция бекетінде департамент бастығы Арманбек Баймурзинмен кездескен кент тұрғындары  көші-қон мәселелері бойынша сауалдарын жолдады. Ал Жолымбет кентінде өткен жеке қабылдауда "Қазақалтын" акционерлік қоғамы филиалының директоры Ерлан Шахманов тау-кен байыту комбинатының аумағында полиция жасағын ұйымдастыру туралы өтінішін жеткізді. Полиция департаменті мен филиал басшылығы Жолымбет кентіне кіретін және шығатын аумаққа құқық бұзушылықтардың алдын алу мақсатында бейнебақылау камераларын орнатуға қатысты уағдаластыққа қол жеткізді.

ОБЛЫСТЫҚ ПОЛИЦИЯ ДЕПАРТАМЕНТІ БАСПАСӨЗ ҚЫЗМЕТІНІҢ МАТЕРИАЛДАРЫ БОЙЫНША КӨКШЕ АҚПАРАТҚА ДАЙЫНДАҒАН ТІЛЕК ҚАЙЫРЖАН, ЖАМБЫЛ БАЛТАЕВ

 

Тақырып бойынша материалдар

ОРТАЛЫҚ МЕШІТТЕ ЕКПЕ ЕГУ ПУНКТІ АШЫЛДЫ
20:57, 12 сәуір 2021
ОРТАЛЫҚ МЕШІТТЕ ЕКПЕ ЕГУ ПУНКТІ АШЫЛДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

АУЫЛ ТҰРҒЫНДАРЫ Е.ӘУЕЛБЕКОВ ҚОРЫНА ҮЛЕС ҚОСТЫ
13:56, 7 сәуір 2021
АУЫЛ ТҰРҒЫНДАРЫ Е.ӘУЕЛБЕКОВ ҚОРЫНА ҮЛЕС ҚОСТЫ
Толығырақ...
«WORLDSKILLS KAZAKHSTAN-2021» ЧЕМПИОНАТЫ ЖАЛҒАСУДА
17:58, 6 сәуір 2021
«WORLDSKILLS KAZAKHSTAN-2021» ЧЕМПИОНАТЫ ЖАЛҒАСУДА
Толығырақ...