ШҰҒЫЛ! ЭКСПОРТТЫҚ ӘЛЕУЕТ. ИМПОРТТЫҢ ЖАЙЫ Толығырақ

ШЕБЕРДІҢ ҚОЛЫ ОРТАҚ...

19:21, 21 шілде 2021

 

ДК: Ерейментау ауданында  Тәуелсіздіктің 30-жылдығына орай «Менің Отаным – менің Қазақстаным» атты сәндік қолданбалы өнер шеберлерінің облыстық байқауы өтті. Ауданның оннан астам өнер иесі қолөнер бұйымдарын жұртшылыққа таныстырып, қазылар алқасының әділ бағасын алды.

РКС: Байқауға Ерейментау ауданынан 11 өнерпаз бақ сынады. Қатысушылар ағаштан, қағаздан, тоқыма жіптер мен түрлі бояуларды қолдана отырып, қазақи нақышта көптеген экспонат әзірлеген. 

СНХ:  ЕРМЕК НҰҒМАНОВ, «ҚОҒАМДЫҚ КЕЛІСІМ» МЕМЛЕКЕТТІК КОММУНАЛДЫҚ МЕКЕМЕСІНІҢ ЖЕТЕКШІСІ: Бұл көрме енді жастарды патриоттық сезімге тәрбиелеу, Отансүйгіштік, елдің тарихын, өнерін паш ету. Осы іс-шараны Қазақстан Халқы Ассамблея жанындағы Қоғамдық келісім ұжымы өткізіп жатыр. Бүкіл аудандар белсенді қатысып жатыр. Ел іші өнер кеніші демекші, ел ішіндегі көптеген  өнер иелері бар.

РКС: Байқау қорытындысы бойынша  бас жүлдені Әлем Нахшир алса, 1-орынды Күлатай Жанимхан, 2, 3-орындарды Дастан Ахметов пен Руслан Мұхаммедияровтар иеленді.

СНХ: АБАЙ ӘЛЖАНОВ, ЕРЕЙМЕНТАУ АУДАНЫНЫҢ ӘКІМІ: Тарихтан танылған киелі  Ерейментау жерінде өтіп жатқан байқаудың мәні өте зор. Қолға іліккен затына көркемдік ерекше сән беретін әрбір өнер иесіне сәттілік тілейміз. Өнерлеріңіз өрге жүзсін.

РКС: Алдағы уақытта ұлттық құндылықтарды насихаттайтын мұндай шаралар облыстың түкпір-түкпірінде өткізіледі.  Ұлттық құндылықтарды дәріптеп, бүгінгі ұрпаққа қаз қалпында жеткізу-байқауды ұйымдастырушылардың басты мақсаты. 

ЖАНСҰЛУ ЖИЕНҚҰЛ, СЫРЫМ ӘБЖІКОВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ

Тақырып бойынша материалдар

ОБЛЫС ОРТАЛЫҒЫНДА 15 СПОРТ АЛАҢЫ САЛЫНАДЫ
21:28, 3 тамыз 2021
ОБЛЫС ОРТАЛЫҒЫНДА 15 СПОРТ АЛАҢЫ САЛЫНАДЫ
Толығырақ...
АЙМАҚТЫҢ ДАМУЫНА ҮЛЕС ҚОСЫП ЖҮРГЕН ТӘУЕЛСІЗДІК ҚҰРДАСЫ
21:27, 3 тамыз 2021
АЙМАҚТЫҢ ДАМУЫНА ҮЛЕС ҚОСЫП ЖҮРГЕН ТӘУЕЛСІЗДІК ҚҰРДАСЫ
Толығырақ...
ҚОЯН-ҚОЛТЫҚ ҰРЫСТАН ӨҢІР ҚОРЖЫНЫНДА 1 ЖҮЛДЕ
21:24, 3 тамыз 2021
ҚОЯН-ҚОЛТЫҚ ҰРЫСТАН ӨҢІР ҚОРЖЫНЫНДА 1 ЖҮЛДЕ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ САЛАСЫН НЕСИЕЛЕНДІРУДІҢ ТИІМДІЛІГІ
18:59, 28 шілде 2021
АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ САЛАСЫН НЕСИЕЛЕНДІРУДІҢ ТИІМДІЛІГІ
Толығырақ...
ТӘУЕЛСІЗДІК ҚҰРДАСЫ - ТӘРТІП КҮЗЕТШІСІ
19:10, 28 шілде 2021
ТӘУЕЛСІЗДІК ҚҰРДАСЫ - ТӘРТІП КҮЗЕТШІСІ
Толығырақ...