ШҰҒЫЛ! «АРҚА ТӨРІ – АҚМОЛА!» ОБЛЫСТЫҚ БАЙҚАУЫНЫҢ ЖЕҢІМПАЗДАРЫ МАРАПАТТАЛДЫ Толығырақ

ШЕГІРТКЕМЕН КҮРЕС: ПЕСТИЦИДТІҢ ҚҰНЫ АРЗАНДАЙДЫ

21:10, 21 маусым 2022

ДК: Үйірлі шегірткемен күресу үшін республикалық бюджеттен 1,9 миллиард теңге бөлінді. Бұл туралы бүгін Қазақстан Республикасы Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің төрағасы  Алмабек Марс мәлімдеді.  Пестицидтің де қоры жеткілікті ме? Аймақтағы ахуал қандай? Тілші айтсын.

РКС: Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің мамандары елдегі 38 миллион гектар жерге мониторинг жүргізбек. Дәнді-дақылды түгел жайпап тастамас үшін  фитосанитарлық диагностика жүргізіліп жатыр.

СНХ: АЛМАБЕК МАРС, ҚР АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ МИНИСТРЛІГІ АГРОӨНЕРКӘСІП КЕШЕНІНДЕГІ МЕМЛЕКЕТТІК ИНСПЕКЦИЯСЫ КОМИТЕТІНІҢ ТӨРАҒАСЫ: Республика аумағында қауіпті организмнің 12 түрі, зиянды организмнің 5 түрі таралған. Шегірткелермен күресуге мән беріліп отыр. Үйірлі шегірткелер 997 мың гектар алаңында таралған. Оның ішінде италяндық – 760 мың, азиялық шегіртке 201 мың, марокколық шегіртке – 35 мың гектар алаңына таралған.

РКС: Ең қауіптісі – шегірткенің қанаты өскен сәт. Өйткені, қанаты өскен бұл жәндік күніне 10-нан 100 гектарға дейінгі алқапты жайпап, жоқ қылады. Аймақта  италяндық шегірткеден қауіп бар.

 СНХ: БАУЫРЖАН БЕГІМБЕТОВ, АГРОӨНЕРКӘСІП КЕШЕНІНДЕГІ ОБЛЫСТЫҚ АУМАҚТЫҚ ИНСПЕКЦИЯСЫ ӨСІМДІК ҚОРҒАУ БӨЛІМІ ЖЕТЕКШІСІНІҢ МІНДЕТІН АТҚАРУШЫ: Италияндық шегірткемен күресу үшін 900 мың гектар жерге мониторинг жүргізу жоспарланған. 358 мыңы тексерілді. Жалпы 4, 985 мың гектар жерге химиялық өңдеу жүргізілмек. Облыс қорында 600 литр пестицид бар.

РКС: Алмабек Марстың сөзінше, министрлік облыс әкімдіктерімен бірлесіп, жедел штабтар құрған. Химиялық өңдеу жұмыстарына тас түйін дайын. Биыл гербицидке бөлінген субсидия көлемі 40 миллиард теңге шамасында. Пестицидтердің құнын 50 процентке дейін арзандату үшін 2 миллиард теңге субсидия бөлінген.

ЖАНСҰЛУ ЖИЕНҚҰЛ,  ПАВЕЛ СОЛОВЬЕВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ

Тақырып бойынша материалдар

ӨҢІРДЕ ЭХИНОКОККОЗ АУРУЫ БЕЛЕҢ АЛА БАСТАДЫ
20:20, 1 шілде 2022
ӨҢІРДЕ ЭХИНОКОККОЗ АУРУЫ БЕЛЕҢ АЛА БАСТАДЫ
Толығырақ...
БІЛІМ САЛАСЫНА БӨЛІНГЕН ҚАРЖЫ 160 МЛРД. ТЕҢГЕДЕН АСТЫ
20:19, 1 шілде 2022
БІЛІМ САЛАСЫНА БӨЛІНГЕН ҚАРЖЫ 160 МЛРД. ТЕҢГЕДЕН АСТЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

 МЕДИЦИНА САЛАСЫНА 73 МЛРД.ТЕҢГЕ БӨЛІНДІ
19:16, 30 маусым 2022
МЕДИЦИНА САЛАСЫНА 73 МЛРД.ТЕҢГЕ БӨЛІНДІ
Толығырақ...
 «АРҚА ТӨРІ – АҚМОЛА!» ОБЛЫСТЫҚ БАЙҚАУЫНЫҢ ЖЕҢІМПАЗДАРЫ МАРАПАТТАЛДЫ
19:31, 28 маусым 2022
«АРҚА ТӨРІ – АҚМОЛА!» ОБЛЫСТЫҚ БАЙҚАУЫНЫҢ ЖЕҢІМПАЗДАРЫ МАРА...
Толығырақ...
АҚМОЛА ОБЛЫСЫНЫҢ ҚҰРМЕТТІ ЖУРНАЛИСІ АНЫҚТАЛДЫ
19:32, 28 маусым 2022
АҚМОЛА ОБЛЫСЫНЫҢ ҚҰРМЕТТІ ЖУРНАЛИСІ АНЫҚТАЛДЫ
Толығырақ...