ШҰҒЫЛ! ҚҰРЫЛЫС САЛАСЫНА ҚОЛДАНЫЛАТЫН ОТАНДЫҚ ӨНІМНІҢ ҮЛЕСІ АРТУДА Толығырақ

ШЕТЕЛДІК ЕҢБЕК МИГРАНТТАРЫНА РҰҚСАТ БЕРУ ТОҚТАТЫЛДЫ

18:46, 18 наурыз 2020

 

ДК: Өңірдегі арнайы әлеуметтік қызмет көрсету орталықтарында қауіпсіздік шаралары күшейтіліп, дезинфекциялық шараларды жүргізудің арнайы кестесі бекітілді. Сондай-ақ, өңірге шетелден жұмыс күшін әкелуге рұқсат қағаздарын беру тоқтатылды. Айта кетейік, бүгінде облыстағы 15 кәсіпорында шетелден келген еңбек мигранттары жұмыс істейді.

 

РКС: Облыстағы арнайы әлеуметтік қызмет көрсету орталықтары бүгінде 1322 адамға қызмет көрсетеді. Олардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында барлық стационарлар  карантинге жабылды.

СНХ: ДИНА АХМЕТЖАНОВА, ОБЛЫСТЫҚ ЖҰМЫСПЕН ҚАМТУ ЖӘНЕ ӘЛЕУМЕТТІК БАҒДАРЛАМАЛАРДЫ ҮЙЛЕСТІРУ БАСҚАРМАСЫНЫҢ ЖЕТЕКШІСІ   ///Өңірде 10 интернат  үйі бар. 6-уы психоневрологиялық  орталық. Балалар мен қарттарға 790 маман қызмет көрсетеді. Қауіпсіздікті күшейту мақсатында орталықтарда дезинфекциялық режим енгізілді. Мамандар жаппай маска тағады. Бөлмелер кварцтеледі, жалпы тазалыққа ерекше мән берілуде. Орталықтарда азық-түліктің 2-3 айға жететін қоры бар. Маска да жетерлік. Қазір 20 мың данасы тұр. ///

РКС: Өңірге шетелден жұмыс күшін тарту мақсатында биыл 161 квота беру қарастырылған. Екі айда оның 5-уіне рұқсат берілген. Елде жарияланған төтенше жағдай режиміне сәйкес қазір шетелден келетін еңбек мигранттарына рұқсат беру тоқтатылды. Айта кетейік, өңірдегі 15 кәсіпорында шетел азаматтары еңбек етеді.

СНХ: ДИНА АХМЕТЖАНОВА, ОБЛЫСТЫҚ ЖҰМЫСПЕН ҚАМТУ ЖӘНЕ ӘЛЕУМЕТТІК БАҒДАРЛАМАЛАРДЫ ҮЙЛЕСТІРУ БАСҚАРМАСЫНЫҢ ЖЕТЕКШІСІ//Бұл үрдіс уақытша тоқтады. Қазірде елімізде 29 рұқсат қағазымен жұмыс істеп жатқан шетел азаматы бар. Олардың мерзімі ұзартылды. ///

РКС: Коронавирустық инфекцияның таралуына жол бермеу мақсатында жекелеген ұйымдардың қызметі шектелген. Сондықтан, бүгінде бірқатар еңбеккерлер толық емес және  қашықтықтан жұмыс істеуге көшірілді.  

СНХ: ДҮЙСЕНБЕК БАЙМҮСЕНОВ, ОБЛЫСТЫҚ ЕҢБЕК ИНСПЕКЦИЯСЫ ЖӨНІНДЕГІ БАСҚАРМАСЫ ЖЕТЕКШІСІНІҢ МІНДЕТІН АТҚАРУШЫ///:Еңбек Кодексінің 112-бабына сәйкес жұмыс тұралап қалған уақытқа ақы төлеу  талаптары еңбек, ұжымдық шарттарда айқындалады және жалақының ең төмен мөлшерінен, яғни, 42500 теңгеден   кем болмайтын мөлшерде белгіленеді. ///

РКС: Облыстық еңбек инспекциясы бір айда жұмысшылардан түскен 100 шақты арыз-шағымды қарастырады. Елдегі соңғы күндердегі төтенше жағдай режиміне байланысты жұмысшылар тарапынан еңбек құқығының бұзылуына қатысты бірде-бір арыз түспеген. Айта кетейік, мемлекет басшысы барлық мемлекеттік орган мен квазимемлекеттік ұйымдардағы қызметкерлердің 70 пайызын қашықтықтан еңбек етуге ауыстыру жөнінде тапсырма берді. Мемлекеттік емес және жеке кәсіпорындар да осы тәртіпке көшуі қажет.

 

БИБІНҰР ӘМІРХАНҚЫЗЫ, ЕРМЕК МАХМАТОВ КӨКШЕ АҚПАРАТ

Тақырып бойынша материалдар

21:17, 28 мамыр 2020
ЖАСӨСПІРІМДЕР АРАСЫНДАҒЫ ҚЫЛМЫС АЗАЙМАЙ ОТЫР
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

«БАСТАУ БИЗНЕС» . ПОСТУПИЛО БОЛЕЕ 300 ЗАЯВОК
13:17, 22 мамыр 2020
«БАСТАУ БИЗНЕС» . ПОСТУПИЛО БОЛЕЕ 300 ЗАЯВОК
Толығырақ...