ШҰҒЫЛ! ЭКСПОРТТЫҚ ӘЛЕУЕТ. ИМПОРТТЫҢ ЖАЙЫ Толығырақ

ШІЛДЕНІҢ ҮШІНШІ ЖЕКСЕНБІСІ - МЕТАЛЛУРГТЕР КҮНІ

19:30, 19 шілде 2021

 

ДИКТОР: Жыл сайын шілденің үшінші жексенбісі елімізде металургтер күні аталып өтіледі. Бұл кәсіптің тарихы шамамен 6000 жыл бұрын басталған.  Металлург жұмысының мақсаты - руда өндіріп, одан металл жасау. Тарихы тереңде жатқан мамандықты толығырақ тілшіміз тарқатып айтсын.

РКС: Болат өңдеушілер мен балқытушылар - жұмыстың технологиясын білумен қатар, кәсіпорында өңделетін барлық маркалы және арнайы қорытпалардағы болат өңдеу процесі жайлы хабардар болуы керек. Сондықтан да балқыған темірдің ортасында жүрген жандардың еңбегі орасан зор. Осындай қиын жұмыстың жүгін арқалап жүрген жанның бірі, Түркістан облысының тумасы - Мұрат Қойшыбаев. Бүгінде Теміртау қаласындағы домна цехында қызмет атқарады. Өзі ісінің маманы бізбен бастапқы сәттегі қиындықтарымен бөлісті.

СНХ: МҰРАТ ҚОЙШЫБАЕВ, ТЕМІРТАУ ҚАЛАСЫНДАҒЫ ДОМНА ЦЕХЫНЫҢ АУЫСЫМ ЖЕТЕКШІСІ:  Қиындықтар болды. Оның бәрін өту үшін ұжымның бірігіп жұмыс істегеннен кейін ол қиындықтан да өтуге болады. Ең жаман қиындық болғаны ол 2002 жылы шілде күні жұмысқа тұрған кезде қатты ыстық болған еді. Сол ыстық болғаннан кейін, шойынның градусы 1500 градус соның қасында тұрғаннан кейін оңай емес.

РКС: Темір-бетонды іргетасқа орнатылған домна пешінің сыртқы беті қалыңдығы 30 – 35 мм темірмен тысталған, ішкі беті отқа төзімді материал. Осындай нысанда жұмыс жасап, балқыған темірді, қалқып алған қаймақтай керегімізге жарату үшін дайындап жүрген металургтердің өз ісін сүйетіні анық.

СНХ: МҰРАТ ҚОЙШЫБАЕВ, ТЕМІРТАУ ҚАЛАСЫНДАҒЫ ДОМНА ЦЕХЫНЫҢ АУЫСЫМ ЖЕТЕКШІСІ:  Домна цехында ең алғашқы жұмыс жоспарын бастаған біздің елбасымыз, тұңғыш президентіміз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев жұмыс істеген осы домна пешінде. Мен келген кезде соны естіген кезде маған ерекше болды. Енді осы жерде Нұрсұлтан Әбішұлы жұмыс істеді, менде осы жерде жұмыс істеп жатырмын, соның бәрі маған өте маңызды болды.

РКС: Осымен металлургтер күні елімізде 18-ші рет тойланып келеді. Айта кететін болсақ Ақмола облысында бүгінгі таңда 8 металургиялық нысан  жұмыс атқаруда.

АБЗАЛ ЖҰМАБЕК, БЕРІК МАНАП  КӨКШЕ АҚПАРАТ

Тақырып бойынша материалдар

ОБЛЫС ОРТАЛЫҒЫНДА 15 СПОРТ АЛАҢЫ САЛЫНАДЫ
21:28, 3 тамыз 2021
ОБЛЫС ОРТАЛЫҒЫНДА 15 СПОРТ АЛАҢЫ САЛЫНАДЫ
Толығырақ...
АЙМАҚТЫҢ ДАМУЫНА ҮЛЕС ҚОСЫП ЖҮРГЕН ТӘУЕЛСІЗДІК ҚҰРДАСЫ
21:27, 3 тамыз 2021
АЙМАҚТЫҢ ДАМУЫНА ҮЛЕС ҚОСЫП ЖҮРГЕН ТӘУЕЛСІЗДІК ҚҰРДАСЫ
Толығырақ...
ҚОЯН-ҚОЛТЫҚ ҰРЫСТАН ӨҢІР ҚОРЖЫНЫНДА 1 ЖҮЛДЕ
21:24, 3 тамыз 2021
ҚОЯН-ҚОЛТЫҚ ҰРЫСТАН ӨҢІР ҚОРЖЫНЫНДА 1 ЖҮЛДЕ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ САЛАСЫН НЕСИЕЛЕНДІРУДІҢ ТИІМДІЛІГІ
18:59, 28 шілде 2021
АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ САЛАСЫН НЕСИЕЛЕНДІРУДІҢ ТИІМДІЛІГІ
Толығырақ...
ТӘУЕЛСІЗДІК ҚҰРДАСЫ - ТӘРТІП КҮЗЕТШІСІ
19:10, 28 шілде 2021
ТӘУЕЛСІЗДІК ҚҰРДАСЫ - ТӘРТІП КҮЗЕТШІСІ
Толығырақ...