ШҰҒЫЛ! ХАЛЫҚ: «ҚАНТТЫҢ БАҒАСЫ – 1000 ТЕҢГЕ» Толығырақ

ШОМЫЛУ МАУСЫМЫ БАСТАЛҒАЛЫ 29 АДАМ ҚҰТҚАРЫЛДЫ

13:00, 21 шілде 2022

ДК: Жыл сайын жазғы шомылу маусымы кезінде Ақмола облысының су айдындарында 30-ға жуық адам ажал құша жаздады. Күн жылынған сәттен бастап суға шомылушылар санының арта түсетіні белгілі. Бірақ, сақтық шараларына құлақ аспайтындар құтқарушылардың жұмысын қиындата түседі. Салдарынан жазатайым оқиғалардың саны жыл өткен сайын артып отыр. Былтырдың өзінде 14  адам суға кеткен.

 РКС: Жаз маусымында жағажайда демалушылар санының күрт артады. Шомылу маусымы басталғалы бері 7 адам суға кеткен. Оның 1-і бала. Бүгінде төтенше жағдайлар жөніндегі департаментінің 4 судан құтқару бекеті жұмыс істейді. Штатта 65 құтқарушы бар. Шомылу маусымы басталғалы бері 29 адам құтқарылған.

СНХ:НҰРЛАН АТЫҒАЕВ, ОБЛЫСТЫҚ  ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙЛАР ЖӨНІНДЕГІ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ БАСТЫҒЫ:  Адамдардың суға кетуінің негізгі себебтерінің бірі өз күштерін дұрыс есептемеуі. Мас күйінде суға шомылу және арнайы құтқару құралдарын пайдаланбау қайғылы жағдайға әкеп соқтырады. Ата-аналар балаларын қараусыз қалдырады. Мұндай жағдай Аршалы, Астрахан аудандарында орын алды.

РКС: Бүгінде бұл жерлерде төтенше жаңдай қызметінің мамандары өзен-көлдер мен жағажайлардың аумағында профилактикалық шараларды екі есеге күшейткен. Жергілікті полиция қызметі мен еріктілер тобы рейд ұйымдастырып, ескерту парақтарын таратқан. Мамандардың айтуынша, суға шомылатындардың көпшілігі рұқсат етілмеген жерде, құтқару жасағы жоқ жерлерде суға түседі екен.

СНХ: НҰРЛАН АТЫҒАЕВ, ОБЛЫСТЫҚ  ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙЛАР ЖӨНІНДЕГІ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ БАСТЫҒЫ:  На сегодняшний день в регионе определено 71 разрешённое место для купания, из них 10 коммунальных и 61 частный пляж  в текущий купальный сезон открыто 2 частных пляжа. Кроме того, дополнительно планируется открытие 4–х. новых официальных пляжей, из которых 3 коммунальных, и 1 частный. ///Бүгінгі күні өңірде шомылуға рұқсат етілген 71 орын анықталды. Оның 10-ы коммуналдық, 61-і жекеменшік. Биылғы шомылу маусымында 2 жеке жағажай ашылды. Сонымен қатар, қосымша жаңа ресми 4 жағажай ашу жоспарланып отыр.  

РКС: Суға түсуге рұқсат етілмеген  жерлерде  шомылу адам өміріне аса қауіпті екенін естен шығармаған абзал. Тілсіз жаудан барынша сақ болған жөн.

САЛТАНАТ СӘРСЕМБАЙҚЫЗЫ, ЖҮРСІН ӨМІРЗАҚ, КӨКШЕ АҚПАРАТ

Тақырып бойынша материалдар

COVID - 19: АЙМАҚТА ЭПИДЖАҒДАЙ УШЫҒЫП БАРАДЫ
13:09, 21 шілде 2022
COVID - 19: АЙМАҚТА ЭПИДЖАҒДАЙ УШЫҒЫП БАРАДЫ
Толығырақ...
ТҰРАҚТАНДЫРУ ҚОРЫНДА 1 МЫҢ ТОННАДАН АСТАМ ӨНІМ БАР
12:59, 21 шілде 2022
ТҰРАҚТАНДЫРУ ҚОРЫНДА 1 МЫҢ ТОННАДАН АСТАМ ӨНІМ БАР
Толығырақ...
БИЫЛ СТУДЕНТТЕРДІҢ ШӘКІРТАҚЫСЫ ТАҒЫ ДА  ӨСЕДІ
12:58, 21 шілде 2022
БИЫЛ СТУДЕНТТЕРДІҢ ШӘКІРТАҚЫСЫ ТАҒЫ ДА ӨСЕДІ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар