ШҰҒЫЛ! ТӘУЕЛСІЗДІККЕ-30 ЖЫЛ: БАЛАБАҚША – БІЛІМ БАСТАУЫ Толығырақ

ШӨП ШАБУ НАУҚАНЫ ҚЫЗУ ЖҮРІП ЖАТЫР

20:01, 7 шілде 2021

 

ДК: Жарқайың ауданының шаруалары күннің қолайлы әр сәтін пайдаланып, мал азығын жинап жатыр. Аудандағы  малшыларға биыл 40 мың тоннадан астам шөп қажет. Ауыл шаруашылығы басқармасының берген мәліметіне сүйенсек, қазір оның 25 процентке жуығы әзірленген.

РКС: Биыл ауа райының қолайсыздығынан жемшөп дақылдарының шығымы былтырғы деңгейден төмен. Бұл тек аймақта ғана емес, республиканың түкпір-түкпірінде күйіп тұрған мәселе. Осыған қарамастан Жарқайың ауданының ауыл шаруашылығы кәсіпорындары мал азығын дайындауға кірісті.

СНХ: ЖАНБОЛАТ ХАМИТОВ, ЖАРҚАЙЫҢ АУДАНЫНЫҢ ӘКІМІ:///(орысша)///Биылғы жылы жемшөпті көп мөлшерде алуға күш салып отырмыз. Бір жылдық мал азықтық дақылдарының егіс алаңы - 4700  гектар. Оның ішінде 700 гектар алқапқа көпжылдық шөп егілді.  Облыстың ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерінде жанар-жағармай қоры жеткілікті.

РКС: Бастысы - шөп шабатын, жинайтын, орамаға түсіретін қажетті техникамен де жарақтандырылған. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 1,2 есеге артық.Жыл сайын машина-трактор паркі жаңартылып отырады.   

СНХ: ЖАНБОЛАТ ХАМИТОВ, ЖАРҚАЙЫҢ АУДАНЫНЫҢ ӘКІМІ:///(орысша)///Бүгінгі күні 10,2 мың тонна жемшөп жиналды. Бұл жылдық қажеттіліктің 25 проценті. Жемшөп дақылдарының төмен өнімділігіне қарамастан, облыстың ауыл шаруашылығы тауар өндірушілері барлық мүмкіндіктерді, жарамды учаскелерді пайдаланады. Алдағы уақытта бір жылдық шөп шабылады, арпа, сұлы піскеннен кейін сабан жинау жалғасады.

РКС: Ауа райының қолайсыздығы мол өнім алуға кедергі болмаса екен,- дейді шаруалар. Мал азығын дайындау жұмыстары оңай шаруа болмай тұрғаны анық.

ЖАНСҰЛУ ЖИЕНҚҰЛ,  ӘСЕМ БЕЙСЕМБАЕВА, КӨКШЕ АҚПАРАТ

Тақырып бойынша материалдар

СОЛТҮСТІК ӨҢІР ТЕАТРЛАРЫНЫҢ III АЙМАҚТЫҚ  ФЕСТИФАЛІ
19:09, 20 қыркүйек 2021
СОЛТҮСТІК ӨҢІР ТЕАТРЛАРЫНЫҢ III АЙМАҚТЫҚ ФЕСТИФАЛІ
Толығырақ...
ТӘУЕЛСІЗДІККЕ-30 ЖЫЛ: БАЛАБАҚША – БІЛІМ БАСТАУЫ
19:08, 20 қыркүйек 2021
ТӘУЕЛСІЗДІККЕ-30 ЖЫЛ: БАЛАБАҚША – БІЛІМ БАСТАУЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

 ЕРТЕҢНЕН БАСТАП СУМЕН ҚАМТУ МӘСЕЛЕСІ ШЕШІЛЕДІ
20:30, 16 қыркүйек 2021
ЕРТЕҢНЕН БАСТАП СУМЕН ҚАМТУ МӘСЕЛЕСІ ШЕШІЛЕДІ
Толығырақ...
 ПОДАЧА ВОДЫ БУДЕТ ВОССТАНОВЛЕНА ДО КОНЦА НЕДЕЛИ
20:20, 15 қыркүйек 2021
ПОДАЧА ВОДЫ БУДЕТ ВОССТАНОВЛЕНА ДО КОНЦА НЕДЕЛИ
Толығырақ...