ШҰҒЫЛ! ӨҢІРДЕ ЭПИДЕМИОЛОГИЯЛЫҚ ЖАҒДАЙ УШЫҒЫП ТҰР Толығырақ

ШОРТАНДЫ АУДАНЫНДА 51 ЖОБА ЖҮЗЕГЕ АСЫРЫЛДЫ

21:13, 15 қараша 2021

ДК: Шортанды ауданында көп қабатты тұрғын үй салынбақ. Оған облыстық бюджет есебінен 355 млн теңге бөлінген. Жоба сәтті аяқталған уақытта әлеуметтік осал топтарынан шыққан 36 отбасы үшін тұрғын үй мәселесін шешілмек.Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте  Шортанды ауданының әкімі Бауыржан Малғаждаров мәлімдеді.

РКС:   Шортанды ауданында ауыл шаруашылығының өнімінің өндіріс көлемі 32,1 млрд. теңгені құрады. Бұдан басқа 51,3 мың тонна шөп және 13,8 мың тонна сабан дайындалды. 250 бас ірі қара малы  бар 3 ет фермасы ашылған.Азық-түлік белдеуі саналатын аймақта жыл аяғына дейін тағы бір ет фермасы ашылмақ. Ауданда 1123 шағын бизнес субъектісі жұмыс істейді. Онда 917 жаңа жұмыс орны құрылды.

СНХ: БАУЫРЖАН МАЛҒАЖДАРОВ, ШОРТАНДЫ АУДАНЫНЫҢ ӘКІМІ: 2021 жылы 14 шағын кәсіпкерлік субъектісі Ақмола облысының «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» акционерлік қорынан 54 млн.теңге сомасында қарыз алды. 2020-2021 жылдары сомасы 75,3 млн.теңгеге 51 бизнес-жоба іске асырылды. Ауданда 5 дүкен, 6 қоғамдық тамақтану орындары мен азық-түлік цехтары, 16 қызмет көрсету нысандары және 85 жаңа жұмыс орындарын құрумен ауыл шаруашылығы мен көлік қызметтері саласында 24 жоба ашылды.

РКС: Ауданда сапалы ауыз сумен үздіксіз қамтамасыз ету ең өзекті мәселе. Төңкеріс ауылындағы су құбыры желілерін қайта жаңғыртуға 285,8 млн.теңге бөлінген.

СНХ: БАУЫРЖАН МАЛҒАЖДАРОВ, ШОРТАНДЫ АУДАНЫНЫҢ ӘКІМІ: Бірқатар жобалар әзірленуде олар - Раевка ауданында су тарту ұңғымалары мен су таратқыштарының құрылысы, Егемен ауылы және Гуляй ауылы сумен жабдықтаудың тарату желілерін қайта жаңарту, Ключи және Новографское ауылдарында блок модульдік қондырғылардың құрылысы, Шортанды ауданында  су құбыры желілерін қайта жаңарту және Ключи ауылында су таратқышының құрылысы.

РКС: Биыл ауданның 6 ауылында 7 ойын және 2 ашық спорт алаңы ашылды. Жыл басынан бері Шортанды кентінде стадионға күрделі жөндеу жүргізілді.

САЛТАНАТ СӘРСЕМБАЙҚЫЗЫ,  ВАСИЛИЙ ВЕРЕЖНИКОВ ,КӨКШЕ АҚПАРАТ

 

Тақырып бойынша материалдар

 ӨҢІРДЕ 4 ЖАҢА МЕКТЕПТІҢ ҚҰРЫЛЫСЫ ЖОСПАРЛАНҒАН
19:53, 21 қаңтар 2022
ӨҢІРДЕ 4 ЖАҢА МЕКТЕПТІҢ ҚҰРЫЛЫСЫ ЖОСПАРЛАНҒАН
Толығырақ...
ПӘТЕРДІ ЖӨНДЕУ ЖҰМЫСТАРЫНЫҢ ҚЫР-СЫРЫ
19:43, 21 қаңтар 2022
ПӘТЕРДІ ЖӨНДЕУ ЖҰМЫСТАРЫНЫҢ ҚЫР-СЫРЫ
Толығырақ...
ӨҢІРДЕ ЭЛЕКТРОНДЫҚ ҚЫЗМЕТТЕРДІҢ ҮЛЕСІ 94,5% - ҒА ДЕЙІН ӨСТІ
19:42, 21 қаңтар 2022
ӨҢІРДЕ ЭЛЕКТРОНДЫҚ ҚЫЗМЕТТЕРДІҢ ҮЛЕСІ 94,5% - ҒА ДЕЙІН ӨСТІ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ӨҢІРДЕ ЭПИДЕМИОЛОГИЯЛЫҚ ЖАҒДАЙ УШЫҒЫП ТҰР
19:39, 21 қаңтар 2022
ӨҢІРДЕ ЭПИДЕМИОЛОГИЯЛЫҚ ЖАҒДАЙ УШЫҒЫП ТҰР
Толығырақ...