ШҰҒЫЛ! ХАЛЫҚ: «ҚАНТТЫҢ БАҒАСЫ – 1000 ТЕҢГЕ» Толығырақ

ШОРТАНДЫ АУДАНЫНДА ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ФОРУМ ӨТЕДІ

18:46, 2 маусым 2022

ДК: Осы жылдың әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштері бойынша Шортанды ауданы 1 орынға ие болды. Аудан бойынша орташа жалақы 222 мың теңгені құрады. Бұл облыс бойынша ең жақсы көрсеткіш. Алайда, аймақта әлі де қиындықтар бар.5 елді мекенде интернетті қамтамасыз ету мәселесі өзекті. Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік өнімдерінің бағасын ұстап тұру және су құбырын қайта жаңғырту жұмыстары ерекше назар аударуды талап етеді.

РКС: Жыл басынан жұмыссыздар саны 109, жұмыспен қамту орталығына жүгінгендер саны-134. Бүгінгі таңда олардың 158-і жұмысқа орналастырылды. Шортанды ауданында 274 жаңа жұмыс орны ашылды. Аудан әкімінің айтуынша, жергілікті тұрғындарды интернетпен және байланыспен қамтамасыз ету мәселесі бақылауда.

СНХ:БАУЫРЖАН МАЛҒАЖДАРОВ, ШОРТАНДЫ АУДАНЫНЫҢ ӘКІМІ:  Ия, бұл проблемалық мәселе. Бүгінгі таңда + + + бізде желілерді қайта жүктеп, жақсартуды, қайта құру керек. Бұл туралы біз бүгінгі күні барлық ақпаратты жинап, облыстық басқармаға ұсындық және сәйкесінше барлық керекті ақпараттар, біздің операторларымызға жіберіледі.

РКС: Ауданда «Алтын Алмас» ҰК  АҚ — Жолымбет кентінде алтын құрамды кен өндіру комбинаты жұмыс істейді. Өндірістік қуаты - жылына 1 млн.тоннаға дейін кен өндіреді. Айта кету керек, "ХПП Төңкеріс" ЖШС диірмен кешенінің өндірістік қуаттылығы - тәулігіне 200 тоннаға дейін ұн тартады. Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік өнімдерінің бағасын ұстап тұру бойынша жұмыстар жүргізілуде.

СНХ: БАУЫРЖАН МАЛҒАЖДАРОВ,ШОРТАНДЫ АУДАНЫНЫҢ ӘКІМІ:  Биыл инвестициялық форум өткізуді жоспарлап отырмыз, онда қатысуға ниет білдіргендердің барлығын шақырғымыз келеді. Біз өзіміздің қаржы институттарымызбен, олардың құралдарымен таныстырамыз және кәсіпкерлеріміз үшін болашақта бағаны ұстап тұруға ықпал ететін осы жобаларды іске асыруға жәрдем көрсететін боламыз.

РКС: Аудан орталығын жазғы уақытта сумен қамтамасыз ету де өзекті мәселелердің бірі. "Шортанды кентінің су құбыры желілерін қайта жаңарту" жобасы сараптамадан өтуге дайындалуда. Оларға Егемен ауылының маңында су тартқышының құрылысы қарастырылған. Сондай-ақ, биыл Шортанды кентіндегі жазғы су құбырын күрделі жөндеу жоспарланған. Бұл мақсатқа облыстық бюджеттен 30 млн.теңге бөлінді.

САЛТАНАТ СӘРСЕМБАЙҚЫЗЫ,АЙГЕРІМ БЕГЕНОВА,МАРАТ АХМЕТЖАНОВ,КӨКШЕ АҚПАРАТ

 

Тақырып бойынша материалдар

«JAS CAMP AQMOLA – 2022» ОБЛЫСТЫҚ ЖАСТАР ФОРУМЫ БАСТАЛДЫ
19:10, 10 тамыз 2022
«JAS CAMP AQMOLA – 2022» ОБЛЫСТЫҚ ЖАСТАР ФОРУМЫ БАСТАЛДЫ
Толығырақ...
 93 МЫҢНАН АСА АҚМОЛАЛЫҚ МІНДЕТТІ ӘЛЕУМЕТТІК МЕДИЦИНАЛЫҚ САҚТАНДЫРУ ЖҮЙЕСІНЕ ЖАРНА ТӨЛЕМЕГЕН
18:57, 10 тамыз 2022
93 МЫҢНАН АСА АҚМОЛАЛЫҚ МІНДЕТТІ ӘЛЕУМЕТТІК МЕДИЦИНАЛЫҚ САҚ...
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

 93 МЫҢНАН АСА АҚМОЛАЛЫҚ МІНДЕТТІ ӘЛЕУМЕТТІК МЕДИЦИНАЛЫҚ САҚТАНДЫРУ ЖҮЙЕСІНЕ ЖАРНА ТӨЛЕМЕГЕН
18:57, 10 тамыз 2022
93 МЫҢНАН АСА АҚМОЛАЛЫҚ МІНДЕТТІ ӘЛЕУМЕТТІК МЕДИЦИНАЛЫҚ САҚ...
Толығырақ...
«JAS CAMP AQMOLA – 2022» ОБЛЫСТЫҚ ЖАСТАР ФОРУМЫ БАСТАЛДЫ
19:10, 10 тамыз 2022
«JAS CAMP AQMOLA – 2022» ОБЛЫСТЫҚ ЖАСТАР ФОРУМЫ БАСТАЛДЫ
Толығырақ...