ШҰҒЫЛ! МАКИНСК ЖЫЛУ ОҚШАУЛАУ ЗАУЫТЫ ӨНІМ КӨЛЕМІН АРТТЫРДЫ Толығырақ

СОЛТҮСТІК ӨҢІР ТЕАТРЛАРЫНЫҢ III АЙМАҚТЫҚ ФЕСТИФАЛІ

19:09, 20 қыркүйек 2021

 

ДИКТОР: Демалыс күндері Шахмет Құсайынов атындағы қазақ музыкалық-драма театрының 25 жылдығы мен ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай Көкшетауда III-аймақтық театрлар  фестивалі өтті. Іс-шараға Қарағанды, Павлодар, Қостанай мен Солтүстік Қазақстан облыстық қазақ драма театрларының әртістері қатысып, көрермен назарына қойылымдар ұсынды. 

РКС:Фестивальдің алғашқы күні Сәкен Сейфуллин атындағы Қарағанды облыстық академиялық және Ілияс Омаров атындағы Қостанай облыстық қазақ драма театрлары өнер көрсетті. Екі театр да комедия жанрын таңдапты. Қарағандылықтар Михаил Задорновтың «Күйеуіңізді сатыңызшы» спектаклін ұсынды. Пьесада отбасындағы ерлі-зайыптылардың күйбең тірлігі мен өмірге тереңдеп мән бермейтін шолақ ойлы, жеңіл жүрісті жастардың көзқарасы баяндалады.

СНХ:. АХАЙ ЖҰМАМҰРАТОВ, С.СЕЙФУЛЛИН АТЫНДАҒЫ ҚАРАҒАНДЫ ОБЛЫСТЫҚ АКАДЕМИЯЛЫҚ ҚАЗАҚ ДРАМА ТЕАТРЫНЫҢ АКТЕРІ\:Шахмет Құсайынов атындағы қазақ музыкалық-драма театрының 25 жылдығымен құттықтаймыз. Осы Көкше еліне келіп,осындай өнер көрсеткеніміз үшін шын жүректен құттықтаймыз. Көрермендерге деген,әріптестерімізге деген алғысымыз шексіз. Осылай өнерді бағалап жатқандарыңызға көптен- көп рахмет.

РКС: Оқиға желісі жеңіл болып көрінгенімен, астарлап айтары көп, тәрбиелік мәні зор,-дейді қарағандылықтар. Әсіресе, өмірге жеңіл қарайтын жастардың болашағына дұрыс жол сілтеп, отбасының бірлігі ерлі-зайыптылардың екеуіне де байланысты екендігін еске салады. Театр – тірі ағза. Онда бәрі шынайы, дауыс та, сезім де, көңіл-күй де. 

СНХ:АЯЖАН ТАСБОЛАТОВА, КӨРЕРМЕН: Бүгінгі спектакль өте жоғары деңгейде өтті.Өмірдегі шынайы оқиғаларды көрерменге шынайы әдемі күлкімен жеткізді.

РКС: Ілияс Омаров атындағы Қостанай облыстық қазақ драма театры Антон Чеховтың «Кішкентай адамның үлкен трагедиясы» атты шығармасын таңдаған. Қысқаша әңгімелерден құралған бұл қойылым, адамдар арасындағы кездесіп тұратын кейбір мінез-құлықтарды суреттейді.

 

РКС: Қойылымда туындының көтерген тақырыбы өте ауқымды, әрі өзекті. Қалжыңсыз комедия жанрындағы қойылымда күлкілі жағдайлар көп орын алуы мүмкін, бірақ оның арғы жағында үлкен трагедия жатыр. Қойылым өмір шындығына терең бойлап, қоғамдағы әлеуметтік-философиялық тақырыпта  адамға ой салады. 

СНХ:ҚУАНЫШ МАРАТҰЛЫ, І.ОМАРОВ АТЫНДАҒЫ ҚОСТАНАЙ ОБЛЫСТЫҚ ҚАЗАҚ ДРАМА ТЕАТРЫНЫҢ АКТЕРІ: Қалжыңсыз комедия жанрында спектакль әкелдік. Бұл спектакль 1 жыл бұрын қойылған. Премьерасы сәтті өтіп,әбден төселген актерлері сыннан өткен өзіміздің  репертуарымыздағы алдыңғы спектакльдердің бірін әкелдік. Қалжыңсыз комедия жанрының өзінде астарында біраз әңгіме жатыр. Өйткені әр комедияның айтарында астарында ащы шындық бар. Оңай емес әрине.

РКС:Мәдениет – ұлттың рухани болмысы, бет-бейнесі, ақыл-ой, парасаты. Ал театр – мәдениеттің басты ошағы әрі ұйытқысы.

САЛТАНАТ СӘРСЕМБАЙҚЫЗЫ, МАРАТ АХМЕТЖАНОВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ

Тақырып бойынша материалдар

АДАМ ҚҰҚЫҒЫН ҚОРҒАУ САЛАСЫНДАҒЫ ЗАҢНАМА ӨЗГЕРЕДІ
21:47, 27 қазан 2021
АДАМ ҚҰҚЫҒЫН ҚОРҒАУ САЛАСЫНДАҒЫ ЗАҢНАМА ӨЗГЕРЕДІ
Толығырақ...
«ЖАСЫЛ КЕҢСЕ» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ КОНКУРСЫНЫҢ ЖЕҢІМПАЗДАРЫ АНЫҚТАЛДЫ
21:03, 27 қазан 2021
«ЖАСЫЛ КЕҢСЕ» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ КОНКУРСЫНЫҢ ЖЕҢІМПАЗДАРЫ АНЫҚТАЛ...
Толығырақ...
ХАЛЫҚ САНАҒЫН ҚАЙТАДАН ОНЛАЙН ӨТУГЕ БОЛАДЫ
21:00, 27 қазан 2021
ХАЛЫҚ САНАҒЫН ҚАЙТАДАН ОНЛАЙН ӨТУГЕ БОЛАДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

 ТҮЙІТКІЛДІ ТАҚЫРЫП: ЖАТАҚХАНА МӘСЕЛЕСІ
19:38, 22 қазан 2021
ТҮЙІТКІЛДІ ТАҚЫРЫП: ЖАТАҚХАНА МӘСЕЛЕСІ
Толығырақ...
КӨКШЕТАУЛЫҚ  ӨНЕРТАПҚЫШ ҮЗДІКТЕР ҚАТАРЫНДА
21:09, 21 қазан 2021
КӨКШЕТАУЛЫҚ ӨНЕРТАПҚЫШ ҮЗДІКТЕР ҚАТАРЫНДА
Толығырақ...