ШҰҒЫЛ! ӨҢІРДЕ 400 АДАМ ИНТЕРНЕТ АЛАЯҚТАРДЫҢ АРБАУЫНА ТҮСТІ Толығырақ

СОҢҒЫ 10 АЙДА ТҰТЫНУШЫЛАРҒА 14 МИЛЛИОН ТЕҢГЕ ҚАЙТАРЫЛДЫ

19:25, 18 қараша 2021

ДИКТОР:  Ақмола облысында Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігінің құрылымдары азаматтар мен өндірушілердің сапалы және қауіпсіз өнімге қол жеткізуі бойынша жоспарлы жұмыс жүргізуде. Бүгінгі күні тұтынушылардың құқықтарын қорғау  мәселесі жүйеленіп келеді.

РКС:  Биылғы жылдың шілде айынан бастап  «Техникалық реттеу туралы» заң қолданысқа енгізілді. Мұны, ең біріншіден, жосықсыз сауда процестеріне қатысушылармен күрес жүргізуден шаршаған отандық тауар өндірушілері күтті. Заң жобасын әзірлеу кезінде бірнеше міндеттер қойылды. Солардың бірі- тұтынушылардың құқықтарын қорғау. Сондай-ақ отандық тауар өндірушілерге жағдай жасап, бақылау жасау кезіндегі іс-шараларда оларға артық жүктеме көрсетпеу мәселесі де қарастырылған.

СНХ: РҮСТЕМ АЙМЕНОВ, МЕМЛЕКЕТТІК БАҚЫЛАУ ЖӘНЕ ҚАДАҒАЛАУ ЖӨНІНДЕГІ БАС МЕМЛЕКЕТТІК ИНСПЕКТОР:  Бұл үшін зертханалық сынақтар жүргізу мақсатында өнім үлгілерін іріктеу рәсімі енгізіледі. Егер жүргізілген зертханалық сынақтардың нәтижелері бойынша өнімнің техникалық регламенттері талапқа сай болмай, тауар қауіпті деп танылса, өнім сатылымнан алынатын болады.  Сонымен қатар, бұл өнімді алу тек сот тәртібімен ғана жүзеге асырылады.

РКС:  Тұтынушылардың құқығын қорғау саласы бүгінгі таңда елімізде ең өзекті мәселелердің бірі болып отыр. Тұтынушылардың құқықтарын қорғау жүйесін күшейту мақсатында 2019 жылы өңірлерде аумақтық департаменттері бар жеке комитет құрылды.  Ал 2020 жылдың маусым айында комитеттің бастамасымен  заңнамалық актілерге 200-ден астам өзгерістер мен толықтырулар енгізілді. Алайда, атқарылып жатқан жұмыстарға қарамастан, азаматтардан келіп түскен өтініштер саны жылдан жылға артып келеді.

СНХ: СВЕТЛАНА ЗАНЕГИНА, ОБЛЫСТЫҚ ТҰТЫНУШЫЛАР ҚҰҚЫҒЫН ҚОРҒАУ ЖӨНІНДЕГІ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ ЖЕТЕКШІСІ: Соңғы он айда облыстық техникалық реттеу және бақылау комитеті департаментіне 702 өтініш келіп түсті. Бұл өткен жылдың 10 айымен салыстырғанда 176 өтінішке немесе 25% - ға артық. 702 өтініштің 333-і толығымен қанағаттандырылды. Заң аясында тұтынушыларға 340 өтініш бойынша түсініктемелер берілді. Осылайша, нәтижесінде биылғы жылдың 10 айында тұтынушыларға 14 миллион теңге қайтарылды.

РКС: Азаматтардың өтініштері «egov.kz» электрондық үкіметінде, сондай-ақ  «instagram» және  «facebook» әлеуметтік желілерінде өңделеді. Мұндай формат мәселені жедел шешіп қана қоймай, сонымен қатар азаматтарға жағдайдың мән-жайын толығымен түсіндіреді. Облыстық тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаменті "Jas Otan" жастар қанатының аймақтық филиалымен бірлесіп 218 іс-шара өткізді.

ҰМСЫНДЫҚ НАУРЫЗБАЕВА, ИВАН ОДНОРОГ, БАУЫРЖАН СМАҒҰЛОВ, «КӨКШЕ АҚПАРАТ»

 

Тақырып бойынша материалдар

МАЛ ДӘРІГЕРЛЕРІНІҢ ЖАЛАҚЫСЫ 60% ПРОЦЕНТКЕ  ӨСЕДІ
17:50, 19 тамыз 2022
МАЛ ДӘРІГЕРЛЕРІНІҢ ЖАЛАҚЫСЫ 60% ПРОЦЕНТКЕ ӨСЕДІ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

 ОБЛЫСТА 68 КӘСІПОРЫН АСТЫҚ ҚАБЫЛДАУҒА ДАЙЫН
19:07, 15 тамыз 2022
ОБЛЫСТА 68 КӘСІПОРЫН АСТЫҚ ҚАБЫЛДАУҒА ДАЙЫН
Толығырақ...