ШҰҒЫЛ! ӨҢІРДЕ ЭПИДЕМИОЛОГИЯЛЫҚ ЖАҒДАЙ УШЫҒЫП ТҰР Толығырақ

СОҢҒЫ 3 ЖЫЛДА 201 ЖЕТІМ БАЛА БАСПАНАЛЫ БОЛДЫ

19:18, 18 қараша 2021

ДК: Өңірде прокурорлық қадағалау жүйесі қатаңдады. Жыл басынан бері облыстық прокуратура 113 тексеру жүргізген. Нәтижесінде 1 мыңнан астам қылмыстың беті ашылды. Орынсыз жұмсалған 3,2 млрд.теңге анықталып, мемлекетке қайтарылды. Бұл туралы облыс әкімі жанындағы қоғамдық кеңестің кезекті отырысында белгілі болды. Жиында бұдан бөлек, білім, орман шаруашылығына қатысты қордаланған бірнеше мәселе талқыланды.

РКС:Қылмыстық процестің үш буынды моделі нәтижесін беруде. Аталмыш процесті Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев өз Жолдауында көтерген еді. Міне, дәл осы процесс аясында азаматтардың құқықтары дер кезінде қорғалуда.  Сондай-ақ, жаңа модель жоғары халықаралық стандарттарға жауап береді.

СНХ:ЕРЖАН ЖАНДОСОВ, АҚМОЛА ОБЛЫСЫ ПРОКУРОРЫНЫҢ АППАРАТ ЖЕТЕКШІСІ: Ақмола облысы басқа өңірлермен салыстырғанда, үш буынды модельдеу процесі бойынша алдыңғы қатарда. Яғни, биыл осы процесс шеңберінде бірде-бір азаматтың қылмыстық процесте құқықтарының бұзылуына жол берілген жоқ.Биылдың өзінде прокурорлық ықпал етудің негізінде 260 мыңнан астам адамның құқықтары қорғалды. Соның ішінде 74 мың конституциялық құқық қорғалғанын атап өткім келеді. 500-ге жуық кәсіпкердің де құқығын қорғап шықтық.

РКС: Балаларды қорғау – басты назарда. Кеңесте көтерілген екінші сауал осы.Қазіргі уақытта облыста 205 мың 746 кәмелетке толмаған бала бар. Соның 1542-сі ата-ана қамқорлығынсыз қалған. Осы санаттағы балалар үшін аймақта 4 білім беру ұйымы жұмыс істейді. Сондай-ақ, баспанамен қамтамасыз ету мәселесіде мықтап қолға алынған.

СНХ: БЕЙБІТ ЖҮСІПОВ, ОБЛЫСТЫҚ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ ЖЕТЕКШІСІ:  Жетім балаларды қолдау үшін жергілікті атқарушы органдар жыл сайын тұрғын үй бөледі. Соңғы  үш жыл ішінде 201 пәтер бөлінді. Балалар үйінің түлектері колледждер мен жоғары оқу орындарында тегін білім ала алады. «Ана үйі» қорымен ынтымақтастық негізінде балалар үйінің балғындарын асырап алу бойынша «Балажан» эксперименттік бағдарламасын енгізуге қатысты жұмыс жүргізілуде. 2022 жылдан бастап Ақмола облысы кәсіби асырап алушы отбасылар институтын дамыту бойынша пилоттық жоба әзірлеуде.

РКС: Жергілікті маңызы бар балық аулайтын су айдындарының тізбесін бекіту қажет. Бұл мақсатта облыс әкімдігі тарапынан жаңа жоба іске қосылған. Кеңес барысында осы жобаға қатысты пікірлер айтылып, ортақ ойлар ортаға салынды.

 

АБЗАЛ АЗАМАТҰЛЫ, ПАВЕЛ СОЛОВЬЕВ, БЕРІК МАНАП, «КӨКШЕ-АҚПАРАТ»

Тақырып бойынша материалдар

 ӨҢІРДЕ 4 ЖАҢА МЕКТЕПТІҢ ҚҰРЫЛЫСЫ ЖОСПАРЛАНҒАН
19:53, 21 қаңтар 2022
ӨҢІРДЕ 4 ЖАҢА МЕКТЕПТІҢ ҚҰРЫЛЫСЫ ЖОСПАРЛАНҒАН
Толығырақ...
ПӘТЕРДІ ЖӨНДЕУ ЖҰМЫСТАРЫНЫҢ ҚЫР-СЫРЫ
19:43, 21 қаңтар 2022
ПӘТЕРДІ ЖӨНДЕУ ЖҰМЫСТАРЫНЫҢ ҚЫР-СЫРЫ
Толығырақ...
ӨҢІРДЕ ЭЛЕКТРОНДЫҚ ҚЫЗМЕТТЕРДІҢ ҮЛЕСІ 94,5% - ҒА ДЕЙІН ӨСТІ
19:42, 21 қаңтар 2022
ӨҢІРДЕ ЭЛЕКТРОНДЫҚ ҚЫЗМЕТТЕРДІҢ ҮЛЕСІ 94,5% - ҒА ДЕЙІН ӨСТІ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ӨҢІРДЕ ЭПИДЕМИОЛОГИЯЛЫҚ ЖАҒДАЙ УШЫҒЫП ТҰР
19:39, 21 қаңтар 2022
ӨҢІРДЕ ЭПИДЕМИОЛОГИЯЛЫҚ ЖАҒДАЙ УШЫҒЫП ТҰР
Толығырақ...