ШҰҒЫЛ! РЕСПУБЛИКАЛЫҚ МАҢЫЗЫ БАР 200 ШАҚЫРЫМ АВТОЖОЛ ЖӨНДЕЛЕДІ Толығырақ

СОТТАЛҒАНДАРДЫҢ 60%-Ы ЕҢБЕКПЕН ҚАМТЫЛҒАН

23:34, 12 мамыр 2022

ДК: Степногорск қаласындағы ЕЦ-166/18 мекемесіндегі сотталғандардың 60% жұмыспен қамтылған. Жазасын өтеушілердің бүгінгі жағдайы жөнінде тілші баяндайды.

РКС: Бүгінгі таңда Степногорск қаласындағы ЕЦ-166/18 мекемесінде 500-ден астам жазасын өтеуші бар. Мұнда жеке кәсіпкерлер өз қызметін сәтті жүзеге асыруда. «Еңбек-Көкшетау» рөт үш учаскесі тігін өндірісімен, металл және ағаш өңдеумен, аяқ киім, бас киім тігумен айналысады.

СНХ: ҚАЙРАТ АЙДАРБЕКОВ - АҚМОЛА ОБЛЫСЫ БОЙЫНША ҚЫЛМЫСТЫҚ-АТҚАРУ ЖҮЙЕСІ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ БАСТЫҒЫ: Бүгін осы мекемеге жоспарлы түрде келіп отырмыз. Асхананы, сотталғандар тұратын отрядтарды аралап шықтық Сотталғандар жеке мәселелері бойынша қабылданды. Бүгін шағын бизнес өкілдері де шақырылды.

РКС: «Атамекен» өңірлік кәсіпкерлер палатасымен өзара іс-қимыл шеңберінде, «Еңбек» филиалдарымен бірлесіп, тұрақты негізде бизнес өкілдерін шақырылады. Арнайы ашық есік күндері өтіп жатыр.

СНХ: ТИМУР СӘДУАҚАСОВ, ҚР ІІМ ҚАЖ ЕЦ-166/18 РЕСПУБЛИКАЛЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІНІҢ БАСТЫҒЫ: Әкімдіктің қолдауымен кәсіпкерлер біздің мекемеге жіберіледі. Сотталғандармен жұмысқа орналасуға болатынын түсіндіру жұмыстарын жүргіземіз. Олар сотталғандарды серіктестіктерге жұмысқа орналастырады. Еңбекақы да төленеді.

РКС: Мекемеде медициналық-санитарлық бөлім бар. Мұнда сотталғандар қажетті медициналық көмек ала алады. УЗИ, ЭКГ аппараттары, қажетті дәрі-дәрмектермен қамтылған. Стоматологиялық, флюорографиялық кабинеттер жұмыс істейді. Қамаудағылар амбулаторлық емді сол жерде алады. Азаматтық Денсаулық сақтау дәрігерлерінің қатысуымен жыл сайын медициналық тексеру жүргізіледі.  

ЕРЗАТ СМАҒҰЛОВ, АЛЕКСАНДРА ГАУЭРТ, ЖҮРСІН ӨМІРЗАҚ, КӨКШЕ АҚПАРАТ

Тақырып бойынша материалдар

 КӨЛІКТІК БАҚЫЛАУ САЛАСЫНДА 20-ДАН АСТАМ ЖЕМҚОРЛЫҚ ТӘУЕКЕЛІ АНЫҚТАЛҒАН
19:44, 27 мамыр 2022
КӨЛІКТІК БАҚЫЛАУ САЛАСЫНДА 20-ДАН АСТАМ ЖЕМҚОРЛЫҚ ТӘУЕКЕЛІ...
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

РЕФЕРЕНДУМ: 33 БАПҚА 56 ӨЗГЕРІС ЕНУІ МҮМКІН
19:30, 24 мамыр 2022
РЕФЕРЕНДУМ: 33 БАПҚА 56 ӨЗГЕРІС ЕНУІ МҮМКІН
Толығырақ...
ЕРЕКШЕ ҚАЖЕТТІЛІКТЕРІ БАР БАЛҒЫНДАРҒА АРНАЛҒАН МЕРЕКЕ
18:26, 25 мамыр 2022
ЕРЕКШЕ ҚАЖЕТТІЛІКТЕРІ БАР БАЛҒЫНДАРҒА АРНАЛҒАН МЕРЕКЕ
Толығырақ...
ЖОЛДАРДЫ ЖӨНДЕУГЕ 1 МЛРД.ТЕҢГЕДЕН АСТАМ ҚАРЖЫ БӨЛІНБЕК
18:22, 25 мамыр 2022
ЖОЛДАРДЫ ЖӨНДЕУГЕ 1 МЛРД.ТЕҢГЕДЕН АСТАМ ҚАРЖЫ БӨЛІНБЕК
Толығырақ...