ШҰҒЫЛ! ТӘУЕЛСІЗДІККЕ-30 ЖЫЛ: БАЛАБАҚША – БІЛІМ БАСТАУЫ Толығырақ

СOVID-19: ҚАУІП СЕЙІЛМЕЙ ТҰР

20:40, 27 шілде 2021

 

ДК: Аймақта эпидемиологиялық ахуал өршіп барады. Соңғы тәулікте облыста 195 адамнан коронавирустық инфекция анықталған. Өңірдегі ахуал осылай жалғаса берсе, өткен жылғы жағдай қайталануы мүмкін. Бұл туралы арнайы брифингте Көкшетау көпсалалы қалалық ауруханасының бас дәрігері Ерлан Аяғанов мәлімдеді. Дендеген дерттің ортасында күресіп  жүрген дәрігер тағы қандай жайттарды баяндады? Тілшіміздің материалына назар аударыңыздар.  

РКС: Аймақта ауру әлі де айылын жимай тұр. Қауіпті кеселдің құрығына түскендердің саны күн өткен сайын артып келеді.

СНХ: ЕРЛАН АЯҒАНОВ, КӨКШЕТАУ КӨПСАЛАЛЫ ҚАЛАЛЫҚ АУРУХАНАСЫНЫҢ БАС ДӘРІГЕРІ: Шілде айында науқастардың дәрігерлерге жүгіну деңгейі 30 процентке артты. Күн өткен сайын дерт дендеп барады. Осы айда 1475 адам дәрігер көмегіне жүгінді, оның ішінде 423-і ауруханада ем алып жатыр. Бүгінгі таңда 57 пациент реанимацияға жатып шықты.   

РКС: Індеттің алғашқы кезеңдерінде инфекция егде адамдарға аса қауіпті деп санайтын едік. Алайда коронавирус күн өткен сайын жасарып барады. Қазіргі тіркелетін деректердің көбі – жастар мен жасөспірімдер арасында. Тіпті, жарық дүние есігін жаңа ашқан нәрестеге де жұқтыру фактілері тіркелген. Ауруханада жыл басынан бері 2580 адам емделіп шықты. Оның- 63-і жаңа туған нәресте.

СНХ: ЕРЛАН АЯҒАНОВ, КӨКШЕТАУ КӨПСАЛАЛЫ ҚАЛАЛЫҚ АУРУХАНАСЫНЫҢ БАС ДӘРІГЕРІ///аударма/// Өткен аптада Солтүстік Қазақстан облысында 1 жастан енді асқан сәби қайтыс болды. Ол енді жас-кәрі демей,  иммунитеті әлсіз кез келген адамға қауіп төндіруі мүмкін. Қазір науқастарда өкпенің 45 проценттік қабынғаны жиі байқалады. Оны емдеу өте қиын. Сол себепті вакцина алғанда оны жеңілірек өткеруге мүмкіндік бар. Стационарда вакцина салдырып, инфекция жұқтырғандар бар. Алайда реанимацияға түскен дерегі жоқ.

РКС: Дәл қазір ауруханада 209 науқас ем алып жатыр. Оның 26-сының жағдайы ауыр. Бас дәрігердің айтуынша, республика халқының 70 проценті вакцина алса ғана қалыпты өмірге оралуға мүмкіндік бар. Естеріңізге сала кетейік, қазір аймақта екпе алғандардың үлесі  60 процентке жеткен.  

ЖАНСҰЛУ ЖИЕНҚҰЛ, МАРАТ АХМЕТЖАНОВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ

Тақырып бойынша материалдар

СОЛТҮСТІК ӨҢІР ТЕАТРЛАРЫНЫҢ III АЙМАҚТЫҚ  ФЕСТИФАЛІ
19:09, 20 қыркүйек 2021
СОЛТҮСТІК ӨҢІР ТЕАТРЛАРЫНЫҢ III АЙМАҚТЫҚ ФЕСТИФАЛІ
Толығырақ...
ТӘУЕЛСІЗДІККЕ-30 ЖЫЛ: БАЛАБАҚША – БІЛІМ БАСТАУЫ
19:08, 20 қыркүйек 2021
ТӘУЕЛСІЗДІККЕ-30 ЖЫЛ: БАЛАБАҚША – БІЛІМ БАСТАУЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

 ЕРТЕҢНЕН БАСТАП СУМЕН ҚАМТУ МӘСЕЛЕСІ ШЕШІЛЕДІ
20:30, 16 қыркүйек 2021
ЕРТЕҢНЕН БАСТАП СУМЕН ҚАМТУ МӘСЕЛЕСІ ШЕШІЛЕДІ
Толығырақ...
 ПОДАЧА ВОДЫ БУДЕТ ВОССТАНОВЛЕНА ДО КОНЦА НЕДЕЛИ
20:20, 15 қыркүйек 2021
ПОДАЧА ВОДЫ БУДЕТ ВОССТАНОВЛЕНА ДО КОНЦА НЕДЕЛИ
Толығырақ...