ШҰҒЫЛ! ҚҰРЫЛЫС САЛАСЫНА ҚОЛДАНЫЛАТЫН ОТАНДЫҚ ӨНІМНІҢ ҮЛЕСІ АРТУДА Толығырақ

СПОРТ ЗАЛДАРЫНЫҢ САНЫ КӨБЕЮДЕ

17:20, 21 мамыр 2020

 

ДК: Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев спорт индустриясы үшін басым міндеттердің бірі - бұқаралық спортты дамыту екендігін алға тартты. Ақмола облысында 66 мектепте спортзал жоқ. Бұл дегеніңіз төрт орта мектеп, 34 негізгі және 27 бастауыш білім ошағы. Қазіргі  таңда  1127 дене шынықтыру пәнінің мұғалімі бар. Мектеп спорт залдары қалай жабдықталған  және аудандарда фитнес-орталықтарының  құрылысы қалай жүзеге асуда? Әріптесім Абзал Азаматұлы жауап іздеп көрді.

РКС: Көкшетау қаласында  25 мектеп бар. 37 типтік спорт зал, олардың 32-і облыс орталығында болса 5-і қала маңындағы мектептерде. Мәселен, облыс орталығындағы гуманитарлық-техникалық лицейінде спорт зал мүлдем жоқ. Жас өрендер қысқы уақытта   шаңғы тебу  мен  үстел ойындарына, жазда, күзде және көктемде - жеңіл атлетикамен айналысады. Сарапшылардың айтуынша, спортқа қызықандардың сана  өскен сайын, жергілікті жаттығу алаңдарына сұраныс жоғары.

СНХ: БОТАГӨЗ ДҮЙСЕНОВА, ОБЛЫСТЫҚ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫ ЖЕТЕКШІСІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ//қаз// Облыс бойынша 566 мектеп бар, бірақ 66-да спорт залдары жоқ. Мұндай мектептердің бір бөлігі типтік спорт залдары бар, кейбір жерлерде спорт залы жоқ, онда бейімделген. Сонымен қатар, көп бөлігі - шағын жинақты бастауыш мектептер. +Оқушылар саны көп мектептер бар, бұл аудан орталықтарының мектептері және үш ауысымда оқитын мектептер.

РКС: Аймақта спорт залдардың тапшылығынан, Бұланды ауданындағы Алтынды орта мектебінде жаңа спортзалдың құрылысы басталды. Ал, ескі ғимарат апатты жағдайда. Целиноград ауданында үлкен спорт залдары бар 4 жаңа мектеп салу жоспарлануда. Яғни,  Қосшы мен  Қояндыда – 1200 орындық және Максимовка мен Қажымұқан орта мектептерінде 300 орынға шақталған екі мектеп салу көзделген.

СНХ: АМАН ЕРМҰХАНОВ, ОБЛЫСТЫҚ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫ ЖАНЫНДАҒЫ ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК ОРТАЛЫҒЫНЫҢ ДИРЕКТОРЫ//Аударма// Ақмола облысы бойынша Аршалы ауданындағы Ижевск орта мектебіне қаржы бөлініп, 4 тоқсанның басына дейін спортзалына жеңіл жөндеу жұмыстарын аяқтауы тиіс. Бұланды ауданында Макинск қаласындағы №3 орта мектептің спорт залы аяқталды.

 

ГЕО: АРШАЛЫ

 

РКС: Аршалы ауданында да дене шынықтыру-сауықтыру кешенінің құрылысы жүргізілуде. Бұл күні жұмыс қызу жүріп жатыр. Бүгінгі күні мұнда су құбыры мен кәріз желілерін салу жұмыстары аяқталды. Қабырғалары көтеріліп, нысанға жылу тартылды. Құрылыс жұмыстарына осы жылы 322 миллион теңгеден астам қаражат бөлінді. Шарт бойынша нысанды пайдалануға беру мерзімі қазан айына жоспарланған. Естеріңізге сала кетейік, бүгінгі күні елімізде 23 мың спорт ғимараты жұмыс істейді.

АБЗАЛ АЗАМАТҰЛЫ, ЖАМАЛ ҒАБДУЛЛИНА,  БАУЫРЖАН СМАҒҰЛОВ, ОЛЬГА МУСТАФИНА «КӨКШЕ-АҚПАРАТ»

Тақырып бойынша материалдар

15:11, 31 мамыр 2020
КАРАНТИН КЕЗІНДЕГІ ЭКСПОРТТАУ МӘСЕЛЕСІ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

МАҚТААРАЛҒА 45 ТОННА КӨМЕК ЖӨНЕЛТІЛГЕН
13:23, 29 мамыр 2020
МАҚТААРАЛҒА 45 ТОННА КӨМЕК ЖӨНЕЛТІЛГЕН
Толығырақ...
ЕЛБАСЫНЫҢ  ХАЛЫҚАРАЛЫҚ  БАСТАМАЛАРЫ. ТӘЖІРИБЕ МЕН БАСЫМДЫҚТАР
17:03, 29 мамыр 2020
ЕЛБАСЫНЫҢ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ БАСТАМАЛАРЫ. ТӘЖІРИБЕ МЕН БАСЫМДЫҚТА...
Толығырақ...