ШҰҒЫЛ! ХАЛЫҚ: «ҚАНТТЫҢ БАҒАСЫ – 1000 ТЕҢГЕ» Толығырақ

СТЕПНОГОРСК ҚАЛАСЫНА ТАРТЫЛҒАН ИНВЕСТИЦИЯ КӨЛЕМІ 12 МЛРД.ТЕҢГЕ

21:00, 14 маусым 2022

ДК: Өндірістік шаһар саналатын Степногорск қаласында төрт ай ішінде 114 млрд.теңгенің өнімі өндірілген. Осы уақыт аралығында экономикаға 12 млрд.теңгеден астам инвестиция тартылды. Орташа жалақы 252 мың теңге, бұл былтырғы жылдың сәйкес мерзімімен салыстырғанда 18 процентке артқан. Бұл туралы брифинг барысында Степногорск қаласының әкімі Алпысбай Қайыржанов мәлімдеді.

РКС: Ауыл шаруашылығы саласында 1,5 млн теңге жалпы өнім шығарылған. Мал басы артып, құстардың саны да көбейген. Кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі 2021-2025 жылдарға арналған ұлттық жоба негізінде 40 жоба субсидияланған. 3 мыңнан астам шағын және орта бизнес субьектісі жұмыс істейді.  235 жаңа жұмыс орны ашылған.

СНХ: АЛПЫСБАЙ ҚАЙЫРЖАНОВ, СТЕПНОГОРСК ҚАЛАСЫНЫҢ ӘКІМІ:  В рамках индустриально-инновационного развития в текущем году ведется строительство модульной обогатительной фабрики производительностью 350 тыс. тонн руды в год. В целях получения и улучшения качества дизельного топлива на нефтеперерабатывающий завод ведутся работы по модернизации.///Индустриялды-инновациялық даму шеңберінде биыл өнімділігі жылына 350 мың тонна кен өңдейтін модульді кен-байыту фабрикасының құрылысы қолға алынды. Дизель отынын алу және сапасын жақсарту мақсатында мұнай өңдеу зауытын жаңғырту жұмыстары да жүргізілуде.

РКС: Биыл Ақсу мен Заводской ауылдарының жолдарын орташа жөндеуге 1 миллиард, ал сапалы ауыз сумен қамтуды жақсартуға 300 миллион теңге бөлінген. Сонымен қатар  45 пәтерлі екі тұрғын үйдің құрылыс жұмыстары да басталған. Оған барлық инженерлік желілер де тартылады. Ал білім мекемелеріне күрделі және ағымдағы жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін қазынадан 774 миллион теңге бөлінген.

СНХ: АЛПЫСБАЙ ҚАЙЫРЖАНОВ, СТЕПНОГОРСК ҚАЛАСЫНЫҢ ӘКІМІ: В поселке Бестобе ведется строительство новой школы на 300 мест стоимостью 1,2 млд тенге. В текущем году в рамках расширения спортивной инфраструктуры будут построены спортивные площадки в городе и в поселках. Ведется подготовка проектов по строительству ФОКов в городе Степногорске и в поселке Бестобе //// Бестөбе кентінде құны 1,2 млрд.теңгеге жаңа мектептің құрылысы басталды. Білім ошағы 300 оқушыға шақталған. Биыл спорттық инфрақұрылымды кеңейту аясында қалада және кенттерде спорт алаңдары салынады. Степногорск қаласы мен Бестөбе кентінде дене шынықтыру-сауықтыру кешені құрылысына қатысты жоба дайындалып жатыр.

РКС: Аз қамтылған және көпбалалы отбасыларға әлеуметтік қолдау да басты назарда. 26 млн.теңгеге 1485 адамға материалдық көмек көрсетілген.

САЛТАНАТ СӘРСЕМБАЙҚЫЗЫ, МЕДЕТ ҚАЙЫРКЕНОВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ

 

 

 

Тақырып бойынша материалдар

«АҚ БИДАЙ»  ЖАЗҒЫ СПАРТАКИАДАСЫНЫҢ АШЫЛУЫ ӨТТІ
19:11, 12 тамыз 2022
«АҚ БИДАЙ» ЖАЗҒЫ СПАРТАКИАДАСЫНЫҢ АШЫЛУЫ ӨТТІ
Толығырақ...
ТӨЛЕМ ЕНГІЗУДІҢ БАЛАМА ЖҮЙЕСІ ПАЙДА БОЛДЫ
19:11, 12 тамыз 2022
ТӨЛЕМ ЕНГІЗУДІҢ БАЛАМА ЖҮЙЕСІ ПАЙДА БОЛДЫ
Толығырақ...
ЩУЧИНСК ҚАЛАСЫНДА ЖОЛ ЖӨНДЕУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРІП ЖАТЫР
19:10, 12 тамыз 2022
ЩУЧИНСК ҚАЛАСЫНДА ЖОЛ ЖӨНДЕУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРІП ЖАТЫР
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

 93 МЫҢНАН АСА АҚМОЛАЛЫҚ МІНДЕТТІ ӘЛЕУМЕТТІК МЕДИЦИНАЛЫҚ САҚТАНДЫРУ ЖҮЙЕСІНЕ ЖАРНА ТӨЛЕМЕГЕН
18:57, 10 тамыз 2022
93 МЫҢНАН АСА АҚМОЛАЛЫҚ МІНДЕТТІ ӘЛЕУМЕТТІК МЕДИЦИНАЛЫҚ САҚ...
Толығырақ...
«JAS CAMP AQMOLA – 2022» ОБЛЫСТЫҚ ЖАСТАР ФОРУМЫ БАСТАЛДЫ
19:10, 10 тамыз 2022
«JAS CAMP AQMOLA – 2022» ОБЛЫСТЫҚ ЖАСТАР ФОРУМЫ БАСТАЛДЫ
Толығырақ...