ШҰҒЫЛ! ХАЛЫҚ: «ҚАНТТЫҢ БАҒАСЫ – 1000 ТЕҢГЕ» Толығырақ

STREET WORKOUT. ӘУЕСҚОЙЛАР ЖАРЫСЫ

19:25, 9 маусым 2022

ДК: Облыс орталығында стрит воркауттан ашық біріншілік өтті. Бұл сайыс жыл сайын ұйымдастырылады. Оған еліміздің бірнеше облысынан 50-ге жуық спортшы қатысты.

РКС: Стрит воркаут - бұл әуесқой спорт түрі. Ашық чемпионатқа Көкшетау, Щучинск, Атбасар, Петропавл, Нұр-Сұлтан және Алматы қалаларының спортшылары қызығушылық танытты.

СНХ: АНДРЕЙ СМИРНОВ, ТОП БАСШЫСЫ (АЛМАТЫ Қ.): Алматыдан шақыртумен келдік, мен 2 команда алып келдім. Клубиішілік жарыстан топ жарған жеңімпаздар республикалық сайыста бақ сынасты.  Өте жақсы спортшылар жиналған. Өте тартысты ойын болды.

СНХ: ИВАН ЧЕКАЕВ – ЖАРЫСҚА ҚАТЫСУШЫ (АЛМАТЫ Қ.): Жарысқа тыңғылықты дайындалдым, жеңіске жету үшін барымды салдым.

РКС: Өңірде бұқаралық спорт біртіндеп дамып келеді. Ұйымдастырушылардың айтуынша, бұл жарыс жастар арасындағы салауатты өмір салтын насихаттауға бағытталған. Спортшылар бірнеше номинация бойынша сынға түсті

СНХ: ИМРАН ИБРАГИМ, СТРИТ ВОРКАУТ БОЙЫНША ОБЛЫСТЫҢ  БАС ЖАТТЫҚТЫРУШЫСЫ:  Жалпы 5 номинация болды. 16 жасқа дейінгі және одан жоғары жастағылар да екіге бөлінді. Олар биатлоннан сынға түсті. Жарысқа қатысам деушілерге еш шектеу қойылған жоқ. Бұл спорт түрімен айналысу үшін спортзалға барудың да қажеті жоқ. Тек жаз маусымында ашылатын осы алаңдарға келе алады

РКС: Жарыс нәтижесі бойынша жеңімпаздарға мақтау қағаздары мен медальдар табысталды. 


 

 РИЗА ТӨЛЕГЕН, ЗАРИНА БЕКҚАЛИЕВА, ПАВЕЛ СОЛОВЬЕВ, ӘМІР ҚОЙШЫБАЕВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ.


 

 

 

 

Тақырып бойынша материалдар

«JAS CAMP AQMOLA – 2022» ОБЛЫСТЫҚ ЖАСТАР ФОРУМЫ БАСТАЛДЫ
19:10, 10 тамыз 2022
«JAS CAMP AQMOLA – 2022» ОБЛЫСТЫҚ ЖАСТАР ФОРУМЫ БАСТАЛДЫ
Толығырақ...
 93 МЫҢНАН АСА АҚМОЛАЛЫҚ МІНДЕТТІ ӘЛЕУМЕТТІК МЕДИЦИНАЛЫҚ САҚТАНДЫРУ ЖҮЙЕСІНЕ ЖАРНА ТӨЛЕМЕГЕН
18:57, 10 тамыз 2022
93 МЫҢНАН АСА АҚМОЛАЛЫҚ МІНДЕТТІ ӘЛЕУМЕТТІК МЕДИЦИНАЛЫҚ САҚ...
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

 93 МЫҢНАН АСА АҚМОЛАЛЫҚ МІНДЕТТІ ӘЛЕУМЕТТІК МЕДИЦИНАЛЫҚ САҚТАНДЫРУ ЖҮЙЕСІНЕ ЖАРНА ТӨЛЕМЕГЕН
18:57, 10 тамыз 2022
93 МЫҢНАН АСА АҚМОЛАЛЫҚ МІНДЕТТІ ӘЛЕУМЕТТІК МЕДИЦИНАЛЫҚ САҚ...
Толығырақ...
«JAS CAMP AQMOLA – 2022» ОБЛЫСТЫҚ ЖАСТАР ФОРУМЫ БАСТАЛДЫ
19:10, 10 тамыз 2022
«JAS CAMP AQMOLA – 2022» ОБЛЫСТЫҚ ЖАСТАР ФОРУМЫ БАСТАЛДЫ
Толығырақ...