
ДК: Депозитті қалай ашуға болады? Заң жүзінде сатып алушының қандай құқықтары бар? Зейнетақы мөлшеріне нендей факторлар әсер етеді? Студенттердің жиі мазалайтын сұрақтардың реті осылай. «Жас Отан» жастар қанатының облыстық филиалы ұйымдастырған шарада студенттер белсенділік танытты.
РКС: Студенттер арасында кеңес беру шарасы былтырғы жылдың ақпан айынан бастап жүргізіліп келеді. Зейнетақы қоры, тұтынушылардың құқықтарын қорғау және Көкшетау банкінің қызмет көрсету саласының бір топ өкілдері университетте болып, тегін кеңестер берді. Оқу орнының әрбір студенті көкейдегі жүрген сауалын қоя алады.
СНХ: АЛЕКСАНДРА ГОМОНОВА, «КЕҢЕС ОРТАЛЫҒЫ» ЖОБАСЫНЫҢ КЕҢЕСШІСІ: Бұл іс-шаралар онлайн және офлайн режимінде өткізіледі. Түрлі ұйымдардың мамандарының қатысуымен тікелей эфир түрінде ақпарат беріледі. Шараның басты мақсаты – жастарға арналған мемлекеттік бағдарламаларды түсіндіру.
РКС: 4 курс студенті Диас Мұхамедқалиев депозит ашып, қаржы жинау керек дейді.
СНХ: ДИАС МҰХАМЕДҚАЛИЕВ, А.МЫРЗАХМЕТОВ АТЫНДАҒЫ КӨКШЕТАУ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ СТУДЕНТІ: «Кеңес орталығы» туралы көп естідім. Ал бүгін осы мүмкіндікті пайдаланып, өзімізді қызықтырған сұрақтарды қойдым. Сұрағыма толық жауап алдым. «Отбасы банкінен» депозит ашу жолдарын сұрадым. Университеттің тәмәмдайтын болғандықтан болашақты алдын ала ойлауым керек.
РКС: Көкшетау қаласында бүгінде «Кеңес орталығының» 1 филиалы бар. Жоба аясында қаланың тағы 12 оқу орнын аралау жоспарланып отыр.
ЖАНСҰЛУ ЖИЕНҚҰЛ, ЗАРИНА БЕКҚАЛИЕВА, ПАВЕЛ СОЛОВЬЕВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ