ШҰҒЫЛ! ӨҢІРДЕ 400 АДАМ ИНТЕРНЕТ АЛАЯҚТАРДЫҢ АРБАУЫНА ТҮСТІ Толығырақ

СТУДЕНТТЕРДІҢ ҚҰҚЫҚТАРЫ МЕН МҮДДЕЛЕРІН ҚОРҒАУ-БАСТЫ НАЗАРДА

21:17, 17 қараша 2021

ДК: Тәуелсіз мемлекеттің болашағы жастардың қолында. Еліміздің белсенді студенттерінің бастамасымен 2005 жылы Қазақстан студенттер Альянсы құрылды. Оның құрамына республиканың түкпір-түкпірінен 170-тен астам жоғарғы оқу орнының өкілі кірді. 2012 жылы Ақмола облысында студент жастары ұйымының филиалы құрылды.

РКС:  Қазақстанның студенттер Альянсы-бұл жоғары оқу орындарында білім алушылардың құқықтары мен мүдделерін қорғайтын республикалық қозғалыс.  Ұйымның басты мақсаты-білім беру сапасын арттыру, жастардың бойына жағымды қасиеттерді сіңіру. 2018 және 2019 жылдары студенттер альянсының Ақмола филиалы үздік жобалар номинациясын жеңіп алды. Солардың бірі – «Study Union» жобасы.

СНХ: ДАСТАН ЕРМЕКОВ, ҚАЗАҚСТАН СТУДЕНТТЕР АЛЬЯНСЫ ОБЛЫСТЫҚ ФИЛИАЛЫНЫҢ ЖЕТЕКШІСІ:  «Study Union» - бұл өзін-өзі тану және өзін-өзі басқару. Яғни, студент жобаны өзі жүзеге асырып, оны өзі басқара алуы үшін әр оқушының идеялары бар. Біздің облыстың студенттері 150-ге жуық жобаны жүзеге асырды. Тәжірибелі адамдар шеберлік сабақтарын, осындай трамплинді берді.

РКС: Бүгінде Ақмола облысының филиалында 160-қа жуық адам бар.  Олардың 100-ге жуығы волонтерлік қызметпен, қалғандары ойын-сауық іс-шараларын ұйымдастырумен айналысады. Студенттер Альянсы қызметінің тағы бір бағыты студенттердің оқуы мен тұратын жеріне тексеру жүргізу және барынша жағдай жасау болып табылады.

СНХ: СЫМБАТ АРАПБАЙ, Ш. УӘЛИХАНОВ АТЫНДАҒЫ КӨКШЕТАУ УНИВЕРСИТЕТІ СТУДЕНТТЕР АЛЬЯНСЫНЫҢ ЖЕТЕКШІСі: Біз студенттердің құқықтарын қорғаумен ғана айналыспаймыз, сонымен қатар олардың шығармашылық жақтарын ашамыз. Студенттер оқу үшін таңдаған салада ғана емес,басқа қырларынан талантты екені белгілі.  Мысалы, біздің ұйымда поэтикалық команда бар. Студенттер ақындық кештер ұйымдастырып, бірге жиналады. Гитаристер мен вокалистер тобы да бар. Олар концерттер ұйымдастырады.

РКС: Қазақстан Студенттер альянсының барлық филиалы бірлесіп жұмыс істеуді әдетке айналдырған. Олар жыл сайын түрлі республикалық съездер, байқаулар ұйымдастырып, лагерьлер ашуды да қолға алған. Сонымен бірге мониторингтік топтар да жұмыс істейді.

САЛТАНАТ СӘРСЕМБАЙҚЫЗЫ,  НАЗИРА БАЛТАШЕВА, МЕДЕТ ҚАЙЫРКЕНОВ,КӨКШЕ АҚПАРАТ

Тақырып бойынша материалдар

МАЛ ДӘРІГЕРЛЕРІНІҢ ЖАЛАҚЫСЫ 60% ПРОЦЕНТКЕ  ӨСЕДІ
17:50, 19 тамыз 2022
МАЛ ДӘРІГЕРЛЕРІНІҢ ЖАЛАҚЫСЫ 60% ПРОЦЕНТКЕ ӨСЕДІ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

 ОБЛЫСТА 68 КӘСІПОРЫН АСТЫҚ ҚАБЫЛДАУҒА ДАЙЫН
19:07, 15 тамыз 2022
ОБЛЫСТА 68 КӘСІПОРЫН АСТЫҚ ҚАБЫЛДАУҒА ДАЙЫН
Толығырақ...