ШҰҒЫЛ! РЕСПУБЛИКАЛЫҚ МАҢЫЗЫ БАР 200 ШАҚЫРЫМ АВТОЖОЛ ЖӨНДЕЛЕДІ Толығырақ

СТУДЕНТТЕРДІҢ ШӘКІРТАҚЫСЫ ЖОҒАРЫЛАЙДЫ

19:56, 27 қаңтар 2022

ДИКТОР: Қазақстандық жоғары оқу орындарының студенттері үшін жағымды жаңалық. Биыл олардың шәкіртақылары өседі деп жоспарланған. Бұл туралы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі мәлімдеді. Алдағы қыркүйек айынан бастап студенттер қазіргіден 15-20 процентке жоғары шәкіртақы алатын болады. Тақырыпты әріптесім Фариза Асылбекова тарқатады.

STAND-UP: ФАРИЗА АСЫЛБЕКОВА, ТІЛШІ: Білім және ғылым министрлігінің мәліметінше, 2022 жылдың 1 қыркүйегінен бастап студенттердің шәкіртақысы тағы да өседі. Бакалаврда оқитын студенттердің стипендиясы 20 пайызға, магистранттар мен докторанттардыкі 15 пайызға артады. Өткен жылы да стипендия дәл осы мөлшерде өскен болатын.

РКС: Қыркүйек айынан бастап педагогика мамандарын даярлау бағыты бойынша оқитын студенттер 58 мың теңгеден алса, басқа бағыттар бойынша білім алатындар 37 мың теңгеге жуық стипендия ала бастайды. Магистранттардың шәкіртақысы 86 мың теңгеден асса, докторанттардікі 195 000 теңгеге дейін өседі.

СНХ: САНСЫЗБАЙ МЕМЕШОВ, Ш.УӘЛИХАНОВ АТЫНДАҒЫ КӨКШЕТАУ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ  ПРОРЕКТОРЫ:  Қазіргі уақытта Шоқан Уәлиханов атындағы Көкшетау университетінде 7 мыңнан астам студент білім алуда. Оның ішінде 3954 студент мемлекеттік тапсырыс грант бойынша білім алуда. Және де 172 магистрант грант бойынша және 34 докторант білім алуда. + 01:57-02:05 Мемлекет тарапынан, бюджет тарапынан жасалып жатқан бұл ынталандыру студенттер үшін. Яғни, оқу сапасын жоғарылату, білім сапасын жоғарылату.

РКС: Бұл жаңалық, студенттерді қуантпай қоймады. Шоқан Уәлиханов атындағы Көкшетау университетінің 3 курс студенті Еркемай Шаймұратова болашақ мұғалім. 2019 жылдан бері шәкіртақы 3 рет жоғарылап, 21 мыңнан 50 мыңға дейін өсті,-дейді бойжеткен.  

СНХ: ЕРКЕМАЙ ШАЙМҰРАТОВА, Ш.УӘЛИХАНОВ АТЫНДАҒЫ КӨКШЕТАУ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ  СТУДЕНТІ:  Және де айта кететінім осы 3 жылдың көлемінде мен үздік оқыдым соның арқасында ҚР Президентінің шәкіртақысының иегері атандым. Және де ол студенттерге үлкен ынталандыру болып табылады деп есептеймін.  + 01:18-01:28 Яғни, әрі қарай жетілдіруге болсын, әрі қарай мотивация ала береміз. Сол себепті үлкен алғысымды білдіргім келеді.

РКС: Шәкіртақының өсуі білім сапасына тікелей әсер етеді деген университет педагогтары алдағы уақытта мемлекеттік грант иегерлерінің көбеюі мүмкін дейді.

ФАРИЗА АСЫЛБЕКОВА, ПАВЕЛ СОЛОВЬЕВ, ӘМІР ҚОЙШЫБАЕВ «КӨКШЕ-АҚПАРАТ»

 

Тақырып бойынша материалдар

АУДАНҒА ТАРТЫЛҒАН ИНВЕСТИЦИЯ КӨЛЕМІ АЗ
18:38, 26 мамыр 2022
АУДАНҒА ТАРТЫЛҒАН ИНВЕСТИЦИЯ КӨЛЕМІ АЗ
Толығырақ...
ЕРЕКШЕ БАЛАЛАРҒА АРНАЛҒАН «МЕЙІРІМДІ ЖҮРЕК» ОБЛЫСТЫҚ ФЕСТИВАЛІНІҢ ҚОРЫТЫНДЫСЫ ЖАРИЯЛАНДЫ
18:37, 26 мамыр 2022
ЕРЕКШЕ БАЛАЛАРҒА АРНАЛҒАН «МЕЙІРІМДІ ЖҮРЕК» ОБЛЫСТЫҚ ФЕСТИВА...
Толығырақ...
 БИЗНЕСТЕГІ САЛЫҚ САЛУ МӘСЕЛЕСІ ӨЗЕКТІ
18:35, 26 мамыр 2022
БИЗНЕСТЕГІ САЛЫҚ САЛУ МӘСЕЛЕСІ ӨЗЕКТІ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ЖҰМЫС БЕРУШІ-ТҮЛЕК: ӨҢІРДІҢ АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ САЛАСЫНДА МАМАНДАР ТАПШЫ
20:40, 20 мамыр 2022
ЖҰМЫС БЕРУШІ-ТҮЛЕК: ӨҢІРДІҢ АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ САЛАСЫНДА МАМАН...
Толығырақ...
РЕФЕРЕНДУМҒА ҚАТЫСУДЫҢ МАҢЫЗДЫЛЫҒЫ ТАЛҚЫЛАНДЫ
20:38, 20 мамыр 2022
РЕФЕРЕНДУМҒА ҚАТЫСУДЫҢ МАҢЫЗДЫЛЫҒЫ ТАЛҚЫЛАНДЫ
Толығырақ...
ОТАНЫМ – ӘНІМДІ САҒАН СЫЙЛАЙМЫН» АТТЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ БАЙҚАУЫ
20:42, 20 мамыр 2022
ОТАНЫМ – ӘНІМДІ САҒАН СЫЙЛАЙМЫН» АТТЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ШЫҒАРМАШЫЛ...
Толығырақ...