
Жүргізуші: Көкшетауда орталықтандырылған желіге қосылған жер үй сусыз отыр. Тұрғындар қомақты қаржы төлеп, су қостырғанымен, қуаныштары көпке созылмаған. Красный Яр бағытындағы "Құлагер" ауданындағы Жұбанов көшесінің тұрғындары осындай мәселеге тап болды.
Тілші: "Құлагер" шағын ауданда жер үйлер орналасқан. Жаңа мектепке су жеткізу мақсатында құбыр салынған. Оның құрылысы бірнеше жылға созылды. Желі іске қосылғанымен, тіршілік көзі 2 аптадай уақыт қана берілген. Қазіргі уақытта тұрғындар суды тасымалдауға мәжбүр. Көліктері жоқтарға мүлдем қиын. Себебі жақын жерде құдық та жоқ. Бұл - осы шығын аудандағы жалғыз су құбыры.
СНХ: ӨТЕМІС АЙТҚОЖИН ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ: Осы көшеде тұратын бүкіл жұртшылықтың бәрі қуанып, бәрі өздерінің үйлеріне су кіргізуге кірісті. Су құбырының өтетін жүйесінен бастап әркім үйіне былай кіргізу үшін өз қалталарынан жеке ақша төледі. 400 мыңға жақын ақша төлеп кіргіздім. Сондай су кіргізіп, бірақ қуанышымыз су сепкендей басылды.
СНХ: ӘСЕМГҮЛ ҚАЗҚОЖИНА ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ: Суды қаладан тасып ішеміз. Тұрмыстық қажеттілікке де қаладан әкелеміз. Пластикалық бөтелкелерді толтырып аламыз. Біз көпбалалы отбасымыз. Кішкентай нәрестем бар. Ал біз су тасып жүрміз.
КСМ: Құбыр екі жерден жарылған, - дейді тұрғындар. Себебі су берілгенде жердің бетіне шыққан. Жол саз-батпаққа айналыпты. Ал бұл құбырды салу үшін бюджеттен 98 миллион 498 мың теңге ақша бөлінген. Желі әлі "Көкшетау су арнасы" мекемесінің балансына да өтпепті.
СНХ: ЖАННА ӘБДІРАХМАНОВА КӨКШЕТАУ ҚАЛАСЫ ӘКІМІНІҢ БАСПАСӨЗ-ХАТШЫСЫ: Жұбанов көшесіндегі су құбырын тартқан мергідер жұмысты сапасыз атқарған. Сол компания жосықсыз мердігерлер тізіміне қосылды. Қазіргі уақытта әкімдік құбырды жөндеу туралы шешім қабылдады. "Көкшетау су арнасы" мекемесінің қызметкерлері қалпына келтіру жұмыстарын жүргізеді. Жақын күндері су беріледі.
Тілші: Жөндеу жұмыстары басталды. Тұрғындарға тағы күте тұруға тура келеді. Олар құбырды "Көкшетау су арнасы" меншігіне алып, тұрақты қызмет көрсетсе екен дейді.