
ДК:Ақмола облысында су тасқынының қаупі сейілді. Дегенмен сәуірдің алғашқы онкүндігінде оның қаупі біршама артқан. Әсіресе, күннің күрт жылынуына байланысты Целиноград, Аршалы аудандарында күрделі жағдай қалыптасты. Төтенше жағдай қызметінің мамандары әлі де қауіпті елдімекендер тәулік бойы бақылауда деп отыр. Бұл туралы өткен брифингте облыстық төтенше жағдайлар департаментінің бастығы Нұрлан Атығаев мәлімдеді.
РКС: Жағдай тұрақталғандықтан, жедел штабтардың да жұмысы біршама жеңілдеген. Дегенмен көктемгі су тасқыны кезеңі Целиноград және Аршалы аудандарында қиын өтті,- дейді мамандар. Қоянды мен Жібек жолы секілді елді мекендер қызыл судың астында қалды. Қазір барлығына сараптама жасалып жатыр. Қазіргі таңда облыстың жеті өңірі – Қосшы қаласы, Целиноград, Аршалы, Астрахан, Атбасар, Ерейментау, Сандықтау аудандары су басу қаупі жоғарыдан орташа деңгейге ауыстырылған.
СНХ: НҰРЛАН АТЫҒАЕВ, ОБЛЫСТЫҚ ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙЛАР ЖӨНІНДЕГІ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ БАСТЫҒЫ: Жалпы, облыс бойынша елді мекендерден 1,1 миллион текше метрден астам қар шығарылып, 800 мың текше метрден астам еріген қар суы сорғытылды. Бұдан бөлек, құм салынған 9,2 мың қап төселіп, 1,3 шақырым болатын бөгет салынып, нығайтылды.Сондай-ақ, 98 шақырым су арнасы тазартылды.
РКС: Су басу кезеңінде 18 су тасқыны және жол төсемі бұзылған. Салдарынан, қазіргі уақытта 1 елдімекенге қатынау тоқтаған. Ол - Астрахан ауданындағы Ягодное ауылы.
СНХ: НҰРЛАН АТЫҒАЕВ, ОБЛЫСТЫҚ ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙЛАР ЖӨНІНДЕГІ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ БАСТЫҒЫ: Біздің тарапымыздан су тасқыны жағдайының жалпы көрінісін бағалау, қар жамылғысының болуы мен түсуіне мониторинг жүргізу жұмыстары әлі де жалғасып жатыр. Сондай-ақ, еріген қар суы жиналатын учаскелер мен орындарды анықтау және олардан келетін ықтимал қауіп-қатерді анықтау үшін Зеренді, Сандықтау, Атбасар, Бурабай, Астрахан және Бұланды аудандарының аумақтарына аэровизуалды зерттеу жүргізілді.
РКС: Биыл көктемде су тасқыны аса қауіпті болған жоқ. Десе де қол қуысырып қарап отыруға болмайды. Келер жылға дайындықты осы тұстан бастау аса маңызды,-дейді мамандар. Су тасқаны болуы ықтимал елдімекендерді инженерлік қорғауға қатысты іс-шаралар жоспарына талдау және әзірлеу жүргізілуде.
САЛТАНАТ СӘРСЕМБАЙҚЫЗЫ, ЖҮРСІН ӨМІРЗАҚ, КӨКШЕ АҚПАРАТ