
ДИКТОР: Сәуір айының бірінші онкүндігінде ауа райының күрт өзгеруі, жаңбыр мен қар түрінде жауын-шашынның көп түсуі қардың күрт еруіне әкеледі деген болжам бар. Осыған орай облыс аумағында су тасқынының алдын алуға дайындық жұмыстары күшейтілген режимде жүргізілуде.
РКС: Су тасқыны орын алуы ықтимал жағдайға облыстық бюджеттен 643 миллион теңге мөлшерінде резерв қарастырылған. Облыс аумағындағы елдімекендерге жергілікті бюджеттен төтенше жағдайдың алдын алу және жою бағдарламасы бойынша 226 миллион теңге көзделген. Сондай-ақ, су тасқынының алдын алу үшін ғарыштық және метеорологиялық мониторинг қызметтеріне, мұздарды жару жұмыстарына 72 миллион теңге бөлінді.
СНХ: ҚАНАТ ДОСПАЕВ, ОБЛЫСТЫҚ ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙЛАР ЖӨНІНДЕГІ ДЕПАРТАМЕНТІ БАСТЫҒЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:///аударма///Облыс аумағындағы барлық елдімекендерде жедел штабтар жағдайды күнделікті бақылап, мониторинг жүргізіп отырады. Кез келген ақпарат облыстық штабқа жіберіледі. Төтенше жағдайлар қызметінің, полиция департаментінің, әкімдіктердің қызметкерлерімен және еріктілермен бірлесіп 299 рейд өткізілді. Сонымен қатар жекеменшік секторлардағы аулаларды да аралап шықтық.
РКС: Күні бүгінге дейін өңірдің елдімекендерінен 789 мың текше метр қар шығарылды. 770 метр бөгет нығайтылды. 50 мың метрге жуық су бұру арнасы мен арық тазартылды. Күн сайын су тасқыны жағдайын бақылау үшін ғарыштық мониторинг картасы жасалады.
СНХ: ҚАНАТ ДОСПАЕВ, ОБЛЫСТЫҚ ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙЛАР ЖӨНІНДЕГІ ДЕПАРТАМЕНТІ БАСТЫҒЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:///354 тонна жанар-жағар май, 15 мың тоннадан астам инертті материал, 95 мың данадан артық қап дайындалды. Өңірдің 9 ауданында өзен-көлдерде мұз жару жұмыстары жүргізілді.
РКС: Қауіпті аумақтардағы барлық гидротехникалық құрылыстар бақылауда. Су тасқыны бола қалған жағдайда халықты оқшаулайтын 200-ден астам орын дайындалды. Департамент тарапынан су тасқыны жұмыстарына 500-ге тарта қызметкер тартылмақ. 100 шақты техника, 10-нан астам жүзу құралы мен 100-дей мотопомпа да сапта дайын. Су тасқынының алдын алу шарасына Көкшетау техникалық институтының курсанттары мен 5510 әскери бөлімнің әскерилері жұмылдырылады.
БАҚЫТЖАН ОТАРБАЕВА, БАУЫРЖАН СМАҒҰЛОВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ.