
ДИКТОР: Биылғы қуаңшылық жылы Бұланды ауданындағы «Даниловка және К» серіктестігінің диқандары гектарынан 14 центнерден өнім жинап,құт қамбаға құйып алды. Бидайдың сапасы өте жоғары.Бұл облыс бойынша үздік көрсеткіш.
РКС: Серіктестік 10 мың гектардан астам алқапқа бидай себеді. Ол құрғақшылыққа төзімді сұрыптар.Егін орағын тамыздың ортасында бастап,екі аптаның ішінде толық аяқтап шыққан жер қожалары алдағы егістің қамы үшін сүдігер жырту жұмыстарына жаппай кірісті.
ИНТЕРШУМ:СТЭНДАП ҚАЛЫМБЕК МҰХАМЕДЖАНОВ Сүдігер жыртумен бірнеше техника айналысуда.
СНХ:АЙБАТ ЕСЕНТҰРОВ, «ДАНИЛОВКА ЖӘНЕ К» СЕРІКТЕСТІГІНІҢ БАС ДИРЕКТОРЫ:Ала жаздай жауын болмай егіншілердің еңсесін түсірді. Алайда агротехникалық шараларда тиімді қолдану нәтижесінде шілденің басында ылғалды сақтап қалдық. Химиялық өңдеу жұмыстары жүйелі жүргізілді. Соның игі нәтижесін көрдік.Астық шығымы бұрынғы жылдарға қарағанда төмен болғанымен сапасы жоғары. Баға да қолжетімді. Алдағы жылға жетерлік тұқым қорын жинап алдық.Сапалы бидай сұрыптары қоймада жатыр.
РКС: Сүдігер жырту жұмыстары кестеге сай жүргізіліп жатыр. Сондай-ақ 5 мың гектар алқап парға қалдырылды. Осылайша «Даниловка және К» серіктестігінің диқандары алдағы көктемгі егіске де дайындық жұмыстарын бастап кетті.
ҚАЛЫМБЕК МҰХАМЕДЖАНОВ,МЕДЕТ ҚАЙЫРКЕНОВ,КӨКШЕ АҚПАРАТ