ШҰҒЫЛ! БАТЫР ҚЫЗ, АЙҒАНЫМ. СОТ ҮКІМІ ШЫҚТЫ Толығырақ

СУДЫҢ ДА СҰРАУЫ БАР

20:28, 3 шілде 2020

Диктор кадрда: Көкшетау қаласы бойынша тұрғындардың тұтынған ауыз суға берешегі 136,4 миллион теңгені құрап отыр. Десе де қарыз көлемі өткен жылдың сәйкес мерзімімен салыстырғанда әлдеқайда азайған. Яғни тұрғындар карантин кезеңінде тұтынған судың ақысын  уақытылы төлеп отыр,-дейді су арнасының мамандары.

РКС: Қазіргі карантин уақытында тұрғындардың тұтынған ауыз судың ақысын төлеу көрсеткіші 124,5 процентті құраған. Өткен жылдың сәйкес мерзімінде тұрғындардың берешек қарызы 200 миллион теңгеден асып кеткен. Биылғы қарыз 136 миллион теңге көлемінде. Бұл жылдар бойы уақытылы төлемей, қарызы қордалаған тұрғындар мен заңды тұлғалардың берешегі.  

СНХ: ӘСЕЛ ЕСЕНҒОЖИНА, «КӨКШЕТАУ СУ АРНАСЫ» КӘСІПОРНЫНЫҢ БӨЛІМ ЖЕТЕКШІСІ /Насос станциялары мен апатты бригадалар өз жұмысын қалыпты режимде жалғастыруда. Әлеуметтік маңызы бар нысандарға аурухана, бала-бақшаларды сумен қамтамасыз ету жұмыстары еш кедергісіз жүргізілуде. Карантин кезінде суды тұтыну мөлшері бірнеше есеге артты. Мысалы заңды тұлғалардың суды тұтынуы көрсеткіші 14 процентке көбейген. Ал көрсетілген қызмет ақысын уақытылы төлеген тұтынушыларымызға алғысымызды білдіреміз. /

РКС: Ал көрсетілген қызмет ақысын уақытылы төлемей жүрген заңды тұлғалар мен қала тұрғындарына заң шеңберінде қатаң шара қолдануға мәжбүрміз. Карантин кезеңі аяқталған соң қарызы қордаланған тұрғындармен күрес жұмыстары жалғады,- дейді су арнасының мамандары.

М.АЙБАБИНА, БАУЫРЖАН СМАҒҰЛ, КӨКШЕ АҚПАРАТ

Тақырып бойынша материалдар

ОБЛЫСТЫҚ ОРЫС ДРАМА ТЕАТРЫ ЖАҢА ҚОЙЫЛЫМДАР ФЕСТИВАЛІН ҰСЫНАДЫ
20:47, 24 маусым 2021
ОБЛЫСТЫҚ ОРЫС ДРАМА ТЕАТРЫ ЖАҢА ҚОЙЫЛЫМДАР ФЕСТИВАЛІН ҰСЫНАД...
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ЖҮК КӨЛІКТЕРІ ЖАҢА ТӨСЕЛГЕН ЖОЛДЫ БҮЛДІРДІ
14:06, 18 маусым 2021
ЖҮК КӨЛІКТЕРІ ЖАҢА ТӨСЕЛГЕН ЖОЛДЫ БҮЛДІРДІ
Толығырақ...