ШҰҒЫЛ! ӨҢІРДЕГІ БІРНЕШЕ КӨЛ ТАЗАРТЫЛАДЫ Толығырақ

СҰРАПЫЛ СОҒЫСТА ӨТКЕН БАЛАЛЫҚ

19:33, 6 мамыр 2021

ДК: Адамзат тарихындағы ең сұрапыл, қайғылы да қасіретті кезеңде тылда еңбектің арқасында Жеңіс күні жақындай түсті.  Асыл азаматтар Отан қорғауға аттанғанда, орнын қариялар мен балалар, үйдегі әйелдер басты. Сондай тыл ардагерлерінің бірімен әріптесіміз кездесіп қайтты.

РКС: Евдокия Осиненко бұрынғы Васильковский ауылында дүниеге келген. Евдокия Никитична өскен отбасында бес бала болды. Соғыс басталған сәтте 10 жасар қыздың мойнына зор жауапкершілік артылған еді.

СНХ: ЕВДОКИЯ ОСИНЕНКО, ТЫЛ АРДАГЕРІ///аударма///  Бұқа айдап, еңбек еттік. Ол кезде тракторлар болған жоқ. Егде жастағы әйел соқамен жүретін. Таңдыы таңға ұрыптірлік қылдық. Шөп шауып, бидай да жинадық.

РКС: Әкесі, анасы   мен әкесінің ағалары майданға аттанған. Өкінішке орай, жақын туыстары ұрыс даласынан қайта оралмады.

СНХ: ЕВДОКИЯ ОСИНЕНКО, ТЫЛ АРДАГЕРІ///аударма/// Жеңіске жеттік деген  хабар келгенде бәрі ән айтып, көшеге шықты. Еңбектеген баладан  еңкейген кәріге дейін сұрапыл соғыстың біткеніне қатты қуанды.

РКС: Соғыстан кейін Евдокия әжей қалаға көшіп, мейрамханаға аспаз болып жұмысқа орнаалсты.  Сонымен қатар Новосибирскідегі институтта технолог мамандығын оқып шықты. Ұзақ уақыт бойы аспап жасау зауытының асханасында меңгеруші қызметін атқарды. Қоғамдық тамақтану саласындағы еңбегі үшін Евдокия Осиненко көптеген марапаттарға, соның ішінде мемлекеттік марапаттарға ие болды. Балалары мен немерелеріне тылда атқарған ерен еңбегін жиі айтып, еске алып отырады.

 ЖАНСҰЛУ ЖИЕНҚҰЛ, ИВАН ОДНОРОГ, БАУЫРЖАН СМАҒҰЛОВ, ДАНИЯ ҒАББАС, КӨКШЕ АҚПАРАТ

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар

ЖҮК КӨЛІКТЕРІ ЖАҢА ТӨСЕЛГЕН ЖОЛДЫ БҮЛДІРДІ
14:06, 18 маусым 2021
ЖҮК КӨЛІКТЕРІ ЖАҢА ТӨСЕЛГЕН ЖОЛДЫ БҮЛДІРДІ
Толығырақ...