ШҰҒЫЛ! МАКИНСК ЖЫЛУ ОҚШАУЛАУ ЗАУЫТЫ ӨНІМ КӨЛЕМІН АРТТЫРДЫ Толығырақ

СҮТ КӘСІПОРНЫНДА "ХИМИЯ ЖӘНЕ БИОТЕХНОЛОГИЯ" КАФЕДРАСЫНЫҢ ФИЛИАЛЫ АШЫЛДЫ

18:03, 24 қыркүйек 2021

ДИКТОР: Көкшетау қаласындағы ірі сүт зауытының базасында Шоқан Уәлиханов атындағы Көкшетау университеті кафедрасының филиалы ашылды. Кәсіпорынның жетекші мамандары өз тәжірбиелерімен білімдерін студенттердің бойына сіңіретін болады. 

РКС: Кәсіпорындарда ашылған кафедра филиалдары білім, ғылым  және өндірістің өзара іс-қимылының тиімді нысандарының бірі. Оқытудың тәжірибеге бағытталған бағытын күшейту мақсатында жоғары оқу орнымен  сүт зауыты арасында "химия және биотехнология"кафедрасының филиалын ашу туралы меморандумға қол қойылды.

СНХ: НҰРГҮЛ НҰРМҰХАНБЕТОВА, Ш.УӘЛИХАНОВ АТЫНДАҒЫ КӨКШЕТАУ УНИВЕРСИТЕТІ ХИМИЯ ЖӘНЕ БИОЛОГИЯ КАФЕДРАСЫНЫҢ МЕҢГЕРУШІСІ: Кафедра филиалы кездейсоқ құрылған жоқ. Бұл "Гормолзаводпен"  Шоқан Уәлиханов атындағы университеттің бір жылдан астам өзара әрекеттесуінің нәтижесі. Бұған дейін біз оқу, өндірістік практика кафедраларын ұйымдастыру және өткізу тұрғысынан зауытпен ынтымақтастық жасадық. Бұл шамамен бес жыл уақыт алды.

РКС: Кафедра филиалының ашылуы кәсіпорын үшін үлкен маңызға ие. Бүгінде бұл жерде кадр тапшылығы байқалады. Зауыт директоры мұндай ынтымақтастық болашақта өндірісте нәтиже көрсететін білікті мамандарды шығаруға мүмкіндік береді деп санайды. Студенттердің сынақ зертханаларының жұмыс орындарында тікелей оқуға, заманауи жабдықтармен және технологиялармен танысуға мүмкіндігі бар.

СНХ: АҚЖАН  ИКРАМОВА , Ш.УӘЛИХАНОВ АТЫНДАҒЫ КӨКШЕТАУ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ СТУДЕНТІ: Бұл ынтымақтастықтың негізгі мақсаты – кәсіби кадрларды шығару және қызметкерлер тапшылығының орнын толтыру. Мемлекет басшысы атап өткендей, дамыған елдердің қатарына қосылу жастардың қолында. Мен Қазақстанның жарқын болашағы үшін бәрін жасай алатынымызға сенемін.

РКС: Университет пен зауыт арасындағы ынтымақтастық аясында кәсіпорынның өзекті мәселелері бойынша дипломдық және магистрлік диссертациялар жазу, бірлескен ғылыми зерттеулер жүргізу жоспарлануда. Кәсіпорынның жетекші мамандары оқушыларға дәріс оқиды.

ҰМСЫНДЫҚ НАУРЫЗБАЕВА, НАЗИРА БАЛТАШЕВА, БАУЫРЖАН СМАҒҰЛОВ, ЖАМБЫЛ БАЛТАЕВ, «КӨКШЕ АҚПАРАТ»

Тақырып бойынша материалдар

АДАМ ҚҰҚЫҒЫН ҚОРҒАУ САЛАСЫНДАҒЫ ЗАҢНАМА ӨЗГЕРЕДІ
21:47, 27 қазан 2021
АДАМ ҚҰҚЫҒЫН ҚОРҒАУ САЛАСЫНДАҒЫ ЗАҢНАМА ӨЗГЕРЕДІ
Толығырақ...
«ЖАСЫЛ КЕҢСЕ» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ КОНКУРСЫНЫҢ ЖЕҢІМПАЗДАРЫ АНЫҚТАЛДЫ
21:03, 27 қазан 2021
«ЖАСЫЛ КЕҢСЕ» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ КОНКУРСЫНЫҢ ЖЕҢІМПАЗДАРЫ АНЫҚТАЛ...
Толығырақ...
ХАЛЫҚ САНАҒЫН ҚАЙТАДАН ОНЛАЙН ӨТУГЕ БОЛАДЫ
21:00, 27 қазан 2021
ХАЛЫҚ САНАҒЫН ҚАЙТАДАН ОНЛАЙН ӨТУГЕ БОЛАДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

 ТҮЙІТКІЛДІ ТАҚЫРЫП: ЖАТАҚХАНА МӘСЕЛЕСІ
19:38, 22 қазан 2021
ТҮЙІТКІЛДІ ТАҚЫРЫП: ЖАТАҚХАНА МӘСЕЛЕСІ
Толығырақ...
КӨКШЕТАУЛЫҚ  ӨНЕРТАПҚЫШ ҮЗДІКТЕР ҚАТАРЫНДА
21:09, 21 қазан 2021
КӨКШЕТАУЛЫҚ ӨНЕРТАПҚЫШ ҮЗДІКТЕР ҚАТАРЫНДА
Толығырақ...