ШҰҒЫЛ! РЕСПУБЛИКАЛЫҚ МАҢЫЗЫ БАР 200 ШАҚЫРЫМ АВТОЖОЛ ЖӨНДЕЛЕДІ Толығырақ

СҮТ ӨҢДЕУ ІСІ ДАМЫП КЕЛЕДІ

19:57, 20 қаңтар 2022

ДИКТОР:  20 қаңтар- сүттен жасалған ірімшік, яғни сыр күні. Төрт түлігін түлетіп, оның өнімін кеңінен пайдаланған қазақ халқы үшін де бұл ерекше күн. Ақмола облысында сүт өнімдерін өндіру ісі қолға алынып, қарқынды дамып келеді.

РКС: Ірімшіктің атауы немесе түрлері оның шыққан географиялық аймағымен байланысты болып келеді. Оның сапасы әрдайым қатаң бақыланып, түрлі стандарттарға сай қатаң тексеріледі. Ақмола облысында сыр өндіруші кәсіпкердің бірі - Әсем Саркина. Ол бұл бизнеспен 2020 жылдан бері айналысады. Ірімшік жасаудың барлық құпияларын біледі.

СНХ: ӘСЕМ САРКИНА, ЖЕКЕ КӘСІПКЕР:  Менің балаларым ірімшік жегенді ұнатады. Сондықтан да, мен осы бизнеспен айналысуды жөн көрдім. Өзің дайындаған өнім әрқашан пайдалырақ болатыны анық. Мен бұл кәсіпті тез үйреніп алдым. Мұны пісіру ұзақ процесс. 10 литр сүттен 1 кг ірімшік дайындалады.

РКС: Әлемде ірімшіктің 900-ден астам түрі бар. Олар тығыздығына қарай бөлінеді. Ірімшіктің түрлеріне мысал келтірсек: жаңа ғана әзірленген ірімшік-рикотта, жұмсағы-фета, жартылай жұмсағы-фонтина, жартылай қатты ірімшік-гауда, қаттысы-чеддер және тағы басқа.

СНХ: ӘСЕМ САРКИНА, ЖЕКЕ КӘСІПКЕР: Ірімшіктердің сақтау мерзімі 7  күннен 10 күнге дейін. Кейбір ірімшіктерді ұзақ уақыт сақтауға болады. Мен сулугуни, брынза сияқты жартылай жұмсақ ірімшіктер дайындаймын. Мысалы, мен оны бүгін пісірсем, сырдың дәмі 2-3 күнде өзгеруі мүмкін. Сырды әрдайым салқын жерде сақтау қажет.

РКС: Статистикалық деректерге сүйенетін болсақ,Еуропалықтар ірімшікті сүйіп жейді. Бұл тағам түрін қазақстандықтар да жақсы көреді. Сұраныс күннен күнге артып келеді.

ҰМСЫНДЫҚ НАУРЫЗБАЕВА, АЛЕКСАНДРА ГАУЭРТ,  ЖАМБЫЛ БАЛТАЕВ, «КӨКШЕ АҚПАРАТ»

 

Тақырып бойынша материалдар

АУДАНҒА ТАРТЫЛҒАН ИНВЕСТИЦИЯ КӨЛЕМІ АЗ
18:38, 26 мамыр 2022
АУДАНҒА ТАРТЫЛҒАН ИНВЕСТИЦИЯ КӨЛЕМІ АЗ
Толығырақ...
ЕРЕКШЕ БАЛАЛАРҒА АРНАЛҒАН «МЕЙІРІМДІ ЖҮРЕК» ОБЛЫСТЫҚ ФЕСТИВАЛІНІҢ ҚОРЫТЫНДЫСЫ ЖАРИЯЛАНДЫ
18:37, 26 мамыр 2022
ЕРЕКШЕ БАЛАЛАРҒА АРНАЛҒАН «МЕЙІРІМДІ ЖҮРЕК» ОБЛЫСТЫҚ ФЕСТИВА...
Толығырақ...
 БИЗНЕСТЕГІ САЛЫҚ САЛУ МӘСЕЛЕСІ ӨЗЕКТІ
18:35, 26 мамыр 2022
БИЗНЕСТЕГІ САЛЫҚ САЛУ МӘСЕЛЕСІ ӨЗЕКТІ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ЖҰМЫС БЕРУШІ-ТҮЛЕК: ӨҢІРДІҢ АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ САЛАСЫНДА МАМАНДАР ТАПШЫ
20:40, 20 мамыр 2022
ЖҰМЫС БЕРУШІ-ТҮЛЕК: ӨҢІРДІҢ АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ САЛАСЫНДА МАМАН...
Толығырақ...
РЕФЕРЕНДУМҒА ҚАТЫСУДЫҢ МАҢЫЗДЫЛЫҒЫ ТАЛҚЫЛАНДЫ
20:38, 20 мамыр 2022
РЕФЕРЕНДУМҒА ҚАТЫСУДЫҢ МАҢЫЗДЫЛЫҒЫ ТАЛҚЫЛАНДЫ
Толығырақ...
ОТАНЫМ – ӘНІМДІ САҒАН СЫЙЛАЙМЫН» АТТЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ БАЙҚАУЫ
20:42, 20 мамыр 2022
ОТАНЫМ – ӘНІМДІ САҒАН СЫЙЛАЙМЫН» АТТЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ШЫҒАРМАШЫЛ...
Толығырақ...