ШҰҒЫЛ! ӨҢІРДЕГІ БІРНЕШЕ КӨЛ ТАЗАРТЫЛАДЫ Толығырақ

СҮТ ЗАУЫТЫ ТӘУЛІГІНЕ 17 ТОННАҒА ДЕЙІН ӨНІМ ШЫҒАРМАҚ

14:50, 11 маусым 2021

ДИКТОР: Жарқайың ауданындағы Тасөткел ауылында 2020 жылдың басында шағын сүт зауыты ашылып жұмыс істей бастады. Жергілікті «Темірлан» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі өз қаржысына салған кәсіпорында 5 адам жұмыс істейді.

РКС: 200 бастан астам сауынды сиыры бар серіктестік сүт өнімдерін өңдеуді біраз жылдардан бері жоспарлады. Осы орайда шаруашылық жетекшісі Құрмет орденінің иегері Ерлан Алин бизнес жоспар жасап, Германиядағы әріптестерімен тығыз қарым-қатынас орнатты және сол елдің құрал-жабдықтарымен озық технологиясын пайдаланды. Бүгіндері Тасөткел ауылындағы сүт зауытының өнімдері бірнеше аудан мен қалаларда сатылып жатыр.

СНХ: САМАТ АЛИН, ОПЕРАТОР///Аударма:Алғашқы күндері екі тонна сүт өңдеп, нарыққа шықтық. Неміс жабдықтарымен жұмыс істеуді өз бетімізбен интернет арқылы игеріп алдық. Алматыға барып, ақылы курстан өттік. Бұл саланың қыры мен сырын енді игеріп келе жатырмыз.  Мақсат – экологиялық таза сүт тағамдарын тұтынушыларға жеткізу. Бүгіндері оның 9 түрін шығарамыз. Атап айтқанда, айран, сүт, қатық, құрт сияқты тағамдардың дәмі тіл үйіреді, сапасымен де жұртшылықтың сұранысына ие. //

РКС: Ауылдағы шағын сүт зауыты уақыт озған сайын өнім түрлерін көбейтуді көздеген. Бұл орайда ізденіс бар. Шикізат та жеткілікті.

СНХ: БАҚЫТГҮЛ БАТАБЕКОВА, ОРАМШЫ ///АУДАРМА: мен шығарылған сүт өнімдерін орау, қаптау жұмыстарымен айналысамын. Оны арнайы жабдық арқылы жүзеге асырамыз. Күн сайын арнайы техникамен Есіл, Арқалық, Державинск қалаларының сауда орындарына жөнелтеміз. Шығарған өнімнің сыртқы қаптамасы стандартқа сай. ///

РКС: Ауылдағы сүт зауытының аумағы да шағын. Өндіріс орны уақытында санитарлық тазалықтан өтеді. Болашақта сүт өнімдерінің түрін де көбейту жоспарланған.

STAND-UP: ҚАЛЫМБЕК МҰХАМЕДЖАНОВ, ТІЛШІ //Осында жасалатын құртқа сұраныс тіпті арта түсті.

РКС: Күніне 17 тонна сүт өнімдерін шығаруға қауқары бар зауыт әлі толық күшіне енген жоқ. Бүгіндері төңіректегі аудан орталықтарының сауда орындарында Тасөткел ауылындағы сүт зауытының өнімдері үлкен сұранысқа ие.

Қ. МҰХАМЕДЖАНОВ, Д. САҒЫН, А. СӘДУАҚАСОВ КӨКШЕ АҚПАРАТ

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар

ЖҮК КӨЛІКТЕРІ ЖАҢА ТӨСЕЛГЕН ЖОЛДЫ БҮЛДІРДІ
14:06, 18 маусым 2021
ЖҮК КӨЛІКТЕРІ ЖАҢА ТӨСЕЛГЕН ЖОЛДЫ БҮЛДІРДІ
Толығырақ...