ШҰҒЫЛ! МҮМКІНДІ ШЕКТЕУЛІ БАЛАЛАРҒА АРНАЛҒАН СПОРТЗАЛ АШЫЛДЫ Толығырақ

СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ВИРТУАЛДЫ КӨРМЕ

13:13, 22 ақпан 2021

ДК: Сыбайлас жемқорлық – әлеуметтік індет. Оның алдын алу үшін де өңірде бірқатар шаруалар атқарылып жатыр. Қоғамның жегіқұртына айналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы «Болашақ» сарайында виртуалды көрме өткізілді. Тақырыптың жай-жапсарын іс-шараға қатысып қайтқан тілшіміз Жансұлу Жиенқұл баяндайды.

РКС: Сыбайлас жемқорлық  - заман ағысымен бірге өсіп-өркендеп, мол қаражат және қоғамдық бәсекелестік пайда болған жерлерге тамырын  тереңінен жайып келеді. Бүгінгі күні бұл кесел дамушы елдердегідей Қазақстанға да орасан зор нұқсан келтіріп отыр.  Осы орайда, жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру мақсатында бірнеше жоба таныстырылды.

СНХ: МҰРАТ ТӨЛЕУБАЕВ, ОБЛЫСТЫҚ СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ІС-ҚИМЫЛ ЖӨНІНДЕГІ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ ЖЕТЕКШІСІ/// аударма///Основная идея заключается в том...его эффективно...Өңір тұрғындары, біздің аймаққа келген қонақтар облыс бойынша сыбайлас жемқорлықтың алдын-алуға қатысты қандай жұмыстардың атқарылып жатқанын көре алады. Біздің көздеген мақсатымыз да осы. Бізде «Адалдық алаңы» жобасы бар. Қоғамда ерекше үлес қосып отыр. Әрине, осындай жұмыстардың барлығы ең алдымен әкімшіліктің қолдауымен жүзеге асырылуда. Президентіміз жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру мәселесін өткір қойып отыр. Сондықтан, осы жұмысты тиімді жүзеге асыруымыз қажет.

РКС: Арнайы мониторингтік топ мүшелерінің, ақпараттық-ағартушылық штабтың, «Адалдық алаңы» кеңсесінің жұмысын да осындай құрылғының көмегі арқылы көруге болады. Сонымен қатар бизнес пен инвестицияларды қорғау, сапалы жол, адал ұрпақ пен саналы ұрпақ  сияқты бағыттарды да қамтиды.  

СНХ: АЙНА МҮСІРӘЛІМОВА, ОБЛЫС ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ///аударма///Я бы хотела сказать... Кез келген тақырыпта ақпарат бергенде осындай креативті, халыққа түсінікті болатындай жаңаша тәсілдерді қолдану керек деп есептеймін. Облыс бойынша бұдан бөлек басқа да көптеген жоба ұйымдастырылып жатыр. 

РКС: Бүгінгі таңда елімізде сыбайлас жемқорлықпен күрес жалпымемлекеттік маңызға ие. Сол себепті мұндай ауқымды жобаларды ұйымдастыру жұртшылықтың  жемқорлыққа қарсы иммунитетін қалыптастыруда қуатты құралға айналуы тиіс.

ЖАНСҰЛУ ЖИЕНҚҰЛ, АЗАМАТ БЕКМАҒАНБЕТОВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ

Тақырып бойынша материалдар

ДЕРТКЕ ДАУА БОЛАР ДӘРІ-ДӘРМЕК ЖЕТКІЛІКТІ
20:42, 26 ақпан 2021
ДЕРТКЕ ДАУА БОЛАР ДӘРІ-ДӘРМЕК ЖЕТКІЛІКТІ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ВАКЦИНАЦИЯЛАУДЫҢ ЕКІНШІ КЕЗЕҢІ БАСТАЛДЫ
17:30, 23 ақпан 2021
ВАКЦИНАЦИЯЛАУДЫҢ ЕКІНШІ КЕЗЕҢІ БАСТАЛДЫ
Толығырақ...
27 АҚПАННАН БАСТАП КАРАНТИН ТАЛАПТАРЫ ЖЕҢІЛДЕТІЛЕДІ
18:24, 24 ақпан 2021
27 АҚПАННАН БАСТАП КАРАНТИН ТАЛАПТАРЫ ЖЕҢІЛДЕТІЛЕДІ
Толығырақ...