
ДК: Ақмолалық таэквондошылар турнирдің жүлдегерлері атанды.Рудный қаласында кадеттер және жасөспірімдер арасында таэквондадан республикалық жарыс өтті. Ақмола облысының намысын 14 спортшы қорғады.
РКС:Рудный қаласындағы турнирде Шучинск және Көкшетау қаласының спортшылары өнер көрсетті. Таэквондошылар 4 қола мен 4 күміс медальді қанжығаға байлады.Республикалық турнирде 300 жуық спортшылар қатысқан.
СНХ: ЕРЖАН ОРМАНОВ, АҚМОЛА ОБЛЫСЫ БОЙЫНША ТАЭКВОНДОДАН АҒА ЖАТТЫҚТЫРУШЫ: Еліміздегі жағдайға байланысты спортшыларымыз 1 жыл бойы ешқандай жарыстарға қатыспады.Соған қарамастан олар өздерін жақсы көрсете білді.Енді ғана жарыстарға шығып жүрміз.Рудный қаласындағы жарыста жақсы нәтиже көрсетті.Бұл талмай жаттығу жасағаннын арқасында.
СНХ:ӘЛИ ҚОНЫСБАЕВ, РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ТУРНИРДІҢ КҮМІС ЖҮЛДЕГЕРІ: Мен Рудный қаласында өткен жарыста 2 орынды иелендім.Өте қиын болды.Қарсыластарым мықты болды.Таоеквондомен4 жыл бойы айналысып келемін.Оны таңдаған себебім ол олимпиадалық спорт түрі.Сонымен қатар онда үүнемі аяқпен жұмыс істеу керек.Мені дайындаған барлық бапкерлерімен ризашылығымды білдіремін
ИНТЕРШУМ:ЖЕКПЕ -ЖЕК
РКС: Өрендер алдағы уақытта Алматы қаласында өтетін халықаралық жарысқа дайындалудА. Ақмолалық спортшылар Ермат Урманов пен Ғалымжан Мырзагелдиннің жетекшігілімен жаттығады.
САЛТАНАТ СӘРСЕМБАҚЫЗЫ,ПАВЕЛ СОЛОВЬЕВ,КӨКШЕ АҚПАРАТ