ШҰҒЫЛ! ХАЛЫҚ: «ҚАНТТЫҢ БАҒАСЫ – 1000 ТЕҢГЕ» Толығырақ

ТАЛАНТТЫЛАР МЕН ТАЛАПТЫЛАР ОРТАСЫ

21:07, 21 қазан 2021

ДК: Өнер ұлт пен ұлыс таңдамайды. Елімізде түрлі этнос өкілдері бар. Олардың мәдениеті мен тұрмыс-тіршілігінің жақсаруына мемлекет тарапынан бар жағдай жасалып отыр. Аймақта да мәдениет саласының дамуы үшін күш салынуда. Осы орайда кавказдықтардың лезгинка биімен айналысатын өнер ұжымдары бар. Шапшаң қимыл мен ерік-жігер ерекше үйлесетін бидің бұл түрінде қандай ерекшеліктер бар? Толығырақ келесі сюжетте.

РКС: Лезгинка Түркия мен Кавказ тұрғындарының дәстүрлі халық биі деп есептеледі. Дағыстан - ресми түрде лезгинканың отаны. Алайда қай халықтың ойлап тапқаны туралы түрлі пікір бар. Аталған би түрі қатаң ырғақ, шалт қимыл, шапшаң ырғақтылығымен ерекшеленеді. Бүгінде Көкшетаудағы «ASSA» шығармашылық ұжымы жігерді жанитын би түрімен тұрақты түрде айналысады. Ұжым жетекшісі бір кездері студенттердің басын қосып, кавказ билерін үйретемін деп ойламаған екен.

СНХ: АСЛАН АЛЕСХАНОВ, «ASSA» ХОРЕОГРАФИЯЛЫҚ АНСАМБЛІНІҢ ЖЕТЕКШІСІ: Бастапқыда ансамбльді құру идеясы болған жоқ. Алғаш рет осы өнерді үйренгенімде өз ісімнің шебері болуды ғана ойладым. 2012 жылдан бері айналысып келемін. Спорт мектебіне барып жүргенімде бір жігітті кездестіріп, дуэт болып би билей бастадық. Содан соң костюм тіктіріп, дуэтімізге «Асса» деп ат қойдық. Міне бәрі осыдан басталды.

РКС: Бүгінде «ASSA» ансамблінің 2 филиалы бар. Олардың әрқайсысында 2 топ жұмыс істейді. Бишілердің жас санаты да әртүрлі. Ансамбльдің репертуарында лезгинка, попури, Грузияның үйлену тойының биі Картули, Ачарулидің қыз биі секілді қойылымдар бар.

СНХ: ДАНА ҚҰРМАНАЛИНОВА , «ASSA» ХОРЕОГРАФИЯЛЫҚ АНСАМБЛІНІҢ МҮШЕСІ: Әйелдер лезгинкасы оңай көрінгенімен, іс жүзінде олай емес.  Сахнада көрерменге  әдемілікті, әсемдікті көрсетуге барымызды саламыз. Барлығы жаттығудың арқасы.

СНХ: РУСЛАН ХУСАИНОВ, «ASSA» ХОРЕОГРАФИЯЛЫҚ АНСАМБЛІНІҢ ҚАТЫСУШЫСЫ: Мен 4 жылдан бері осы би түрімен айналысып келемін. Маған өте қатты ұнайды.  Ұжым да тату, кілең талантты адамдар. Бұл ансамбльдің бір мүшесі болу мен үшін зор бақыт.

РКС: «ASSA» хореографиялық ансамблі түрлі конкурстар мен шоуларға қатысып, жеңіспен оралған. Өткен аптада шығармашылық ұжым Көкшетауда өткен дарындылар шоуында гран-приге ие болды.

ЖАНСҰЛУ ЖИЕНҚҰЛ, АЛЕКСАНДРА ГАУЭРТ, ВАСИЛИЙ ВЕРЕЖНИКОВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ.

Тақырып бойынша материалдар

«АҚ БИДАЙ»  ЖАЗҒЫ СПАРТАКИАДАСЫНЫҢ АШЫЛУЫ ӨТТІ
19:11, 12 тамыз 2022
«АҚ БИДАЙ» ЖАЗҒЫ СПАРТАКИАДАСЫНЫҢ АШЫЛУЫ ӨТТІ
Толығырақ...
ТӨЛЕМ ЕНГІЗУДІҢ БАЛАМА ЖҮЙЕСІ ПАЙДА БОЛДЫ
19:11, 12 тамыз 2022
ТӨЛЕМ ЕНГІЗУДІҢ БАЛАМА ЖҮЙЕСІ ПАЙДА БОЛДЫ
Толығырақ...
ЩУЧИНСК ҚАЛАСЫНДА ЖОЛ ЖӨНДЕУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРІП ЖАТЫР
19:10, 12 тамыз 2022
ЩУЧИНСК ҚАЛАСЫНДА ЖОЛ ЖӨНДЕУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРІП ЖАТЫР
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

 93 МЫҢНАН АСА АҚМОЛАЛЫҚ МІНДЕТТІ ӘЛЕУМЕТТІК МЕДИЦИНАЛЫҚ САҚТАНДЫРУ ЖҮЙЕСІНЕ ЖАРНА ТӨЛЕМЕГЕН
18:57, 10 тамыз 2022
93 МЫҢНАН АСА АҚМОЛАЛЫҚ МІНДЕТТІ ӘЛЕУМЕТТІК МЕДИЦИНАЛЫҚ САҚ...
Толығырақ...
«JAS CAMP AQMOLA – 2022» ОБЛЫСТЫҚ ЖАСТАР ФОРУМЫ БАСТАЛДЫ
19:10, 10 тамыз 2022
«JAS CAMP AQMOLA – 2022» ОБЛЫСТЫҚ ЖАСТАР ФОРУМЫ БАСТАЛДЫ
Толығырақ...