ШҰҒЫЛ! ХАЛЫҚ: «ҚАНТТЫҢ БАҒАСЫ – 1000 ТЕҢГЕ» Толығырақ

ТАЛАНТТЫҢ БАРЛЫҒЫ АУЫЛДА

20:35, 10 қараша 2021

ДК: Өңірде «Ақмола жұлдыздары» байқауының аудандық кезеңі басталды. Биылғы іс-шараның шымылдығын ең бірінші болып Зеренді ауданы ашты. Аудандық сайыста 20-ға жуық дарын өз өнерлерін ортаға салып, көрермен қошеметіне бөленді. Айта кеткен жөн, облыстық байқау ел егемендігінің 30 жылдығына бағытталған.

ЕСТ.ШУМ:  ПРОЛОГ

СНХ: АЛМАТ БАЛТАҒАРИН, ЗЕРЕНДІ АУДАНДЫҚ МӘДЕНИЕТ ЖӘНЕ ТІЛДЕРДІ ДАМЫТУ БӨЛІМІНІҢ ЖЕТЕКШІСІ:  Бұл байқаудың негізгі мақсаты ауылдағы шыңдалып келе жатқан дарынды балаларды анықтау. Оларды әрі қарай шыңдап, үлкен өнер жолына салу.

РКС: Иә, жас таланттарды анықтап, жол көрсету. Осындай мақсатты діттеген байқау барлық аудандарда өткізілмек. Зерлі Зеренді ауданы да сайысқа тыңғылықты дайындалыпты. Ұйымдастырушылар, алдымен ауылдарды аралап, үздік өнерпаздарды іріктеп алған. Алғашқы сыннан сүрінбегендер, аудандық көркемөнерпаздар байқауында топ жарды.

СНХ:АСЫЛТАС КӨШБАЙ, КЕҢӨТКЕЛ АУЫЛДЫҚ МӘДЕНИЕТ ҮЙІНІҢ ҚЫЗМЕТКЕР: Ақмола жұлдыздары байқауына жылда қатысып тұрамыз. Бұл жерде өзіміздің тәжірбиемізді шыңдаймыз. Бұдан бөлек, көп жастарды сахнаға шығарамыз.

РКС: Таланттың барлығы ауылда. Сахна төрінде күмілжіте ән салып, мың бұралған бишілер осының дәлелі. Айталық, ауылдарда жас өнерпаздардың сахнаға бейімделіп, шыңдалуына барлық жағдай жасалған.

СНХ: АЛТЫН ҚАБДІРАШ, АҚАДЫР АУЫЛДЫҚ МӘДЕНИЕТ ҮЙІНІҢ ЖЕТЕКШІСІ: Ауылдық мәдениет үйінде 5 үйірме бар. Вокал, Би үйірмесі бар. Олар кіші және үлкен топ болып бөлінеді. Келушілер қарасы қалың.

РКС: Ал, аудандық кезеңнен сүрінбей өткендер тікелей облыстық сынға жолдама алды.

АБЗАЛ АЗАМАТҰЛЫ, МЕДЕТ ҚАЙЫРКЕНОВ, ЖАМБЫЛ БАЛТАЕВ, «КӨКШЕ-АҚПАРАТ»

Тақырып бойынша материалдар

«АҚ БИДАЙ»  ЖАЗҒЫ СПАРТАКИАДАСЫНЫҢ АШЫЛУЫ ӨТТІ
19:11, 12 тамыз 2022
«АҚ БИДАЙ» ЖАЗҒЫ СПАРТАКИАДАСЫНЫҢ АШЫЛУЫ ӨТТІ
Толығырақ...
ТӨЛЕМ ЕНГІЗУДІҢ БАЛАМА ЖҮЙЕСІ ПАЙДА БОЛДЫ
19:11, 12 тамыз 2022
ТӨЛЕМ ЕНГІЗУДІҢ БАЛАМА ЖҮЙЕСІ ПАЙДА БОЛДЫ
Толығырақ...
ЩУЧИНСК ҚАЛАСЫНДА ЖОЛ ЖӨНДЕУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРІП ЖАТЫР
19:10, 12 тамыз 2022
ЩУЧИНСК ҚАЛАСЫНДА ЖОЛ ЖӨНДЕУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРІП ЖАТЫР
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

 93 МЫҢНАН АСА АҚМОЛАЛЫҚ МІНДЕТТІ ӘЛЕУМЕТТІК МЕДИЦИНАЛЫҚ САҚТАНДЫРУ ЖҮЙЕСІНЕ ЖАРНА ТӨЛЕМЕГЕН
18:57, 10 тамыз 2022
93 МЫҢНАН АСА АҚМОЛАЛЫҚ МІНДЕТТІ ӘЛЕУМЕТТІК МЕДИЦИНАЛЫҚ САҚ...
Толығырақ...
«JAS CAMP AQMOLA – 2022» ОБЛЫСТЫҚ ЖАСТАР ФОРУМЫ БАСТАЛДЫ
19:10, 10 тамыз 2022
«JAS CAMP AQMOLA – 2022» ОБЛЫСТЫҚ ЖАСТАР ФОРУМЫ БАСТАЛДЫ
Толығырақ...