ШҰҒЫЛ! ХАЛЫҚ: «ҚАНТТЫҢ БАҒАСЫ – 1000 ТЕҢГЕ» Толығырақ

ТАРИХИ ЭКСПЕДИЦИЯ ТҮЙІНДЕЛДІ

19:52, 15 қазан 2021

 

ДК: Облыс орталығында ғалымдар бас қосты. Халықаралық дәрежедегі ғылыми – тәжірибелік конференцияға Ресей, Украина елдерінің ғалымдары да онлайн қосылып, өз пікірлерін білдірді. Тақырып өзекті. Ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған «Бабалар рухына тағзым». Мақсат - «Абылай ханның қара жолы» экспедициясын түйіндеу. Келелі жиын барысында тағылымды жобаны жүзеге асыруға қаржылай демеушілік көрсеткен жергілікті кәсіпкерлер мен өзге де қатысушылар алғыс хаттармен марапатталды.

ЖКС: Конференция тарихи танымды экспедиция туралы сыр шертетін бейнероликпен басталды. Бас - аяғы 17 адамнан құрылған топ 8 мың шақырымға жуық жолды артта қалдырды. Жол - жөнекей біраз елдімекендерде болып, ауылдарға соғып, аңыз - әңгімелер жинады. Осылайша, тарихымыздың көмбесі қайта ақтарылды. Ғасырлар қойнауында қалған ақтаңдақтар жаңартылды. Жиған – терген мағлұматтың барлығы бір монографияға бірігіп, нәтижесінде, «Абылай ханның қара жолы» жинағы жарық көрді.

СНХ: ҚАНАТ ЕҢСЕНОВ, ТАРИХ ҒЫЛЫМДАРЫНЫҢ КАНДИДАТЫ: Сапар Көкше елінен басталып, Ерейментау, Баянауыл, Қарқаралы, Қайнар, Шыңғыстау ары қарай Семей, Жарма, Зайсанға дейін, одан Тарбағатай, Аягөз ауданы, Ш.Уәлихановтың жерленген жеріне дейін созылды. Біз Шоқан Уәлихановтың қайтыс болған жеріне барып, Шоқанның туған жері Көкшетаудан капсуламен  топырақ апарып, салдық. Одан әрі Райымбек батырлардың басына барып, құран бағыштадық.

ЖКС: Экспедиция мүшелеренің айтуынша, бұл үлкен істің бастамасы болды. Олар арнайы тас жолдарымен емес, Абылай ханның өзі жүрген дала жолдарымен жүруге тырысқан. Ақмола облысынан бастап дархан даламен сапар шеккен саяхатшылар тарихи орындарды белгілеп, қағаз бетіне түсірген естеліктерімен бөлісті.

СНХ: ЖАМБЫЛ АРТЫҚБАЕВ, ТАРИХ ҒЫЛЫМДАРЫНЫҢ ДОКТОРЫ: Алғашқы үлкен жинақтарын жасауға қатыстым. Алдыңғы жылдары үлкен Монография жазған болатынмын. Сол еңбегімнің үлкен септігі болды. Экспедиция барысында «Шүршіт қырған» деген тарихи орында болдық. Үлкен шайқас болған жер. Геосаяси оқиғалар орын алған жер. Абылай заманындағы тарихи шаруалардың куәсі болдық. Бабалар рухына тағзым еттік.

ЖКС: Айта кетерлігі, экспедиция қортытындысы бойынша тек кітап қана емес, арнайы туристік бағыт да әзірленді. Конференцияға қатысқан еліміздің танымал ғалымдары, тарихшылары, саясаттанушылары, зерттеушілері, зиялы қауым және БАҚ өкілдері салтанатты түрде марапатталды.

ГҮЛМИРА АМАНБАЕВА, МАРАТ АХМЕТЖАНОВ, «КӨКШЕ АҚПАРАТ»

Тақырып бойынша материалдар

«АҚ БИДАЙ»  ЖАЗҒЫ СПАРТАКИАДАСЫНЫҢ АШЫЛУЫ ӨТТІ
19:11, 12 тамыз 2022
«АҚ БИДАЙ» ЖАЗҒЫ СПАРТАКИАДАСЫНЫҢ АШЫЛУЫ ӨТТІ
Толығырақ...
ТӨЛЕМ ЕНГІЗУДІҢ БАЛАМА ЖҮЙЕСІ ПАЙДА БОЛДЫ
19:11, 12 тамыз 2022
ТӨЛЕМ ЕНГІЗУДІҢ БАЛАМА ЖҮЙЕСІ ПАЙДА БОЛДЫ
Толығырақ...
ЩУЧИНСК ҚАЛАСЫНДА ЖОЛ ЖӨНДЕУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРІП ЖАТЫР
19:10, 12 тамыз 2022
ЩУЧИНСК ҚАЛАСЫНДА ЖОЛ ЖӨНДЕУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРІП ЖАТЫР
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

 93 МЫҢНАН АСА АҚМОЛАЛЫҚ МІНДЕТТІ ӘЛЕУМЕТТІК МЕДИЦИНАЛЫҚ САҚТАНДЫРУ ЖҮЙЕСІНЕ ЖАРНА ТӨЛЕМЕГЕН
18:57, 10 тамыз 2022
93 МЫҢНАН АСА АҚМОЛАЛЫҚ МІНДЕТТІ ӘЛЕУМЕТТІК МЕДИЦИНАЛЫҚ САҚ...
Толығырақ...
«JAS CAMP AQMOLA – 2022» ОБЛЫСТЫҚ ЖАСТАР ФОРУМЫ БАСТАЛДЫ
19:10, 10 тамыз 2022
«JAS CAMP AQMOLA – 2022» ОБЛЫСТЫҚ ЖАСТАР ФОРУМЫ БАСТАЛДЫ
Толығырақ...