ШҰҒЫЛ! ТӘУЕЛСІЗДІККЕ-30 ЖЫЛ: БАЛАБАҚША – БІЛІМ БАСТАУЫ Толығырақ

ТАРИХТЫ ОҚЫТУДЫҢ ТЫҢ ТӘСІЛІ

19:52, 14 қыркүйек 2021

ДИКТОР: Былтыр ел Президенті тарих пәнін тың  тәсілмен, жаңаша мазмұнда оқытуды тапсырған еді. Әсіресе, тәуелсіздіктің 30 жылдығы қарсаңында ел шежіресіндегі ақтаңдақтар жойылып, әр кезеңге шынайы баға берілсе, - деді. Осы ретте, Зеренді ауданындағы М.Ғабдуллин атындағы мектеп-гимназиясының 30 жылдан бері  қалыптастырған өзіндік оқыту тәсілі бар. Толығырақ тілші бейнематериалында.

РКС: Талғат Нұрсейітов 27 жылдан бері М.Ғабдуллин атындағы мектеп-гимназиясында тарих пәнінен сабақ береді. Білікті маман әуел бастан тарихты жазба деректен ғана емес, жер асты мен үстіндегі  жәдігерлерді зерттеу арқылы оқытады. Оқушыларын Көкшетаудың түкпір-түкпіріндегі археологиялық қазба жұмыстарына қатыстырады. Табылған экспозицияларды мектеп қабырғасындағы мұражайға жинайды. 

СНХ: ТАЛҒАТ НҰРСЕЙІТОВ, М.ҒАБДУЛЛИН АТЫНДАҒЫ МЕКТЕП-ГИМНАЗИЯСЫ ТАРИХ ПӘНІНІҢ МҰҒАЛІМІ:1994 жылдан бастап Ұлы Отан соғысының 50 жылдығына арнап тарихи-этнографиялық мұражай аштық. Мұражайда 4 көрме бар. Негізінен бәрі жергілікті тарихқа байланысты. Бірінші көрме археологиялық қазба жұмыстарынан табылған мұраларға арналған. Ол төрт кезеңге бөлінеді. Жазда біз балаларды қазба жұмыстарына қатыстырып отырамыз. Биыл да Көкшетаудың жанындағы энеолит дәуіріне жататын ескерткішті зерттедік. Кезінде 2000 жылдары тарих ғылымдарының докторы Виктор Федорович Зайберт американдықтармен бірге сол жерді зерттеуді бастаған. Қазір де сол жерде 50 шақты ашылмаған ескерткіштің орны қалған. Біз биыл соның біреуін зерттедік.

РКС: Балаларды қызықтыру үшін мұғалім әр оқушыны зерттеуші образына енгізеді. Мектептегі мына 4 бөлмелі мұражайдың ішін оқушылар мен мұғалімдер өздері толтырыпты. Көне жәдігерлер кезең-кезеңімен орналастырылады. 

СНХ: ТАЛҒАТ НҰРСЕЙІТОВ, М.ҒАБДУЛЛИН АТЫНДАҒЫ МЕКТЕП-ГИМНАЗИЯСЫ ТАРИХ ПӘНІНІҢ МҰҒАЛІМІ: Көбінесе осы жергілікті халықтың салт-дәстүріне байланысты күнделікті өмірде қолданатын әртүрлі заттар қойылған. Кеңес кезіндегі пайдаланған әртүрлі аспаптар көріп тұрсыз. Және локалды соғыстарға қатысқан біздің жерлестерімізге арналған экспозиция. Мұны былтыр жасадық.

РКС: Мектеп музейінің қорында бүгінде 300-ден астам экспонат бар. 1994 жылдан бері мұражайға келген-кеткен қонақтардың пікірі жазылған көне журнал да бар екен. Мектеп қабырғасынан тарихты өз бетінше зерттеп үйренген оқушылардың арасында археология ғылымына бет бұрғандары да баршылық дейді Талғат Олжабайұлы.

АЙСӘУЛЕ СЪЕЗБЕК, МЕДЕТ ҚАЙЫРКЕНОВ, АЛМАС  СӘДУАҚАСОВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ

Тақырып бойынша материалдар

СОЛТҮСТІК ӨҢІР ТЕАТРЛАРЫНЫҢ III АЙМАҚТЫҚ  ФЕСТИФАЛІ
19:09, 20 қыркүйек 2021
СОЛТҮСТІК ӨҢІР ТЕАТРЛАРЫНЫҢ III АЙМАҚТЫҚ ФЕСТИФАЛІ
Толығырақ...
ТӘУЕЛСІЗДІККЕ-30 ЖЫЛ: БАЛАБАҚША – БІЛІМ БАСТАУЫ
19:08, 20 қыркүйек 2021
ТӘУЕЛСІЗДІККЕ-30 ЖЫЛ: БАЛАБАҚША – БІЛІМ БАСТАУЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

 ЕРТЕҢНЕН БАСТАП СУМЕН ҚАМТУ МӘСЕЛЕСІ ШЕШІЛЕДІ
20:30, 16 қыркүйек 2021
ЕРТЕҢНЕН БАСТАП СУМЕН ҚАМТУ МӘСЕЛЕСІ ШЕШІЛЕДІ
Толығырақ...
 ПОДАЧА ВОДЫ БУДЕТ ВОССТАНОВЛЕНА ДО КОНЦА НЕДЕЛИ
20:20, 15 қыркүйек 2021
ПОДАЧА ВОДЫ БУДЕТ ВОССТАНОВЛЕНА ДО КОНЦА НЕДЕЛИ
Толығырақ...