ШҰҒЫЛ! 15 МАМЫР – ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ОТБАСЫ КҮНІ Толығырақ

ТАСҚЫНҒА ТОСҚЫН

13:22, 13 сәуір 2021

ДК: Апат айтып келмейді. Жыл сайын халықты әбігерге салатын еріген қар суы биыл да аймақ тұрғындарын алаңдатқаны рас. Целиноград ауданында да су тасқыны қаупінің алдын алу үшін  қандай шаралар атқарылды? Аудандағы тасқын қаупі сейілді ме? Тілші бейнематериалында.

РКС: Сәуір айының басында күн күрт жылынып, қардың қатты еруіне себеп болды. Көп мөлшерде жиналған су табиғи ағысқа ұласты. Уақытылы атқарылған шараның арқасында, Қоянды ауылында 850 мың текше метрден астам су сорылды.

СНХ: АЙБЕК ЕСЕЕВ,  ҚОЯНДЫ АУЫЛДЫҚ ОКРУГІНІҢ ӘКІМІ ///аударма///  Қазіргі уақытта ауданда су басқан 3 үйдің ауласындағы су сорып алынды. Төтенше жағдай департаментінің қызметкерлері мен жергілікті атқарушы органдар тәулік бойы жұмыс істейді. Ол үшін жалпы саны 35 адам жұмылдырылды.  5 жерде жұмыс істейтін 5 ірі өрт станциясы 14 су айдайтын мотопомпа бар.

РКС: Жергілікті тұрғындар бұл жағдай жылдан жылға қайталануы мүмкін деп алаңдайды.

СНХ: МӘЛІК БАЯНБАЙ, ҚОЯНДЫ АУЫЛЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ///қаз. /// Біз көп қиыншылықтар көріп жатырмыз. Баламыз оқуға бара алмай жатыр + скл+ осыны ескеріп енді бұны қалай жөнге салу керек, болмаса арық тартып ана көлге қарай құйып беру керек. +скл+ Биыл осы су туралы бюджетте ақша да бөлінді дейді, енді ондай ақша бөлінген болса сөз   жоқ алдағы 6-шы,7-ші ай күн ысыған жағдайда мынада арық тартып жөнге салып беріңіздер.

РКС: Суды жедел режимде айдау жұмысы бойынша жұмыс Қосшы мен Тайтөбе ауылында қызу жұмыс жүріп жатыр.

СНХ: ЕРЖАН ЖОЛЫМБЕТОВ , ҚОСШЫ АУЫЛЫНЫҢ ӘКІМІ ///аударма/// Су үйлерге кірмеді. Қажетті шаралар қабылданды. Облыстық әкімдік пен «ҚосшыҚуат» серіктестігі тарапынан 10-ға жуық техника, 5 канализациялық көлік және 4 мотопомпа жұмылдырылды.

СНХ: ХАБДІЛБАР АБАҚОВ, ТАЙТӨБЕ АУЫЛЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ///қаз. /// Ешқандай көп үлкен қауіп қатер болған жоқ көріп тұрсыздар.Тай төбе ауылының шетінде тұрмыз. Су қауып қатері жоқ ешқандай.+скл+ осы жердегі 20 шақты үйге кішкене сукеліп еді, бірақ ауданның күш қуат организациясының әкімшіліктің тез іске кірісіп осындай қауіп қатерді алдын алып жер қазып былай айтқанда, техника жауып мотопомпа қойып төрт бес жерден тез осылай қауіпті кетіріп үйлерімізге су жақындамады.

РКС: Мамандардың айтуынша, су тасқыны қаупі сейілді. Соған қарамастан тасқынға қарсы шаралар әлі де жалғасады.

ЖАНСҰЛУ ЖИЕНҚҰЛ,  ИВАН ОДНОРОГ, МЕДЕТ ҚАЙЫРКЕНОВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ

Тақырып бойынша материалдар

САУЫН СИЫРЛАРДЫ КӨБЕЙТУ ЖОСПАРЛАНЫП ОТЫР
17:15, 14 мамыр 2021
САУЫН СИЫРЛАРДЫ КӨБЕЙТУ ЖОСПАРЛАНЫП ОТЫР
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

РЕСЕЙДІҢ ХАЛЫҚ ӘРТІСІ КӨКШЕЛІК КӨРЕРМЕНМЕН ҚАУЫШТЫ
17:39, 11 мамыр 2021
РЕСЕЙДІҢ ХАЛЫҚ ӘРТІСІ КӨКШЕЛІК КӨРЕРМЕНМЕН ҚАУЫШТЫ
Толығырақ...