
ДК: Ерейментау ауданы жыл басынан бері 7,5 миллиард теңгенің өнімін шығарды. Тау-кен өндіру өнеркәсібі өндірісінің көлемі 2,7 млрд теңгені құрады. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 1,6 есе жоғары көрсеткіш. Ауданның экономикалық дамуында тағы қандай өзгерістер бар? Тілші айтсын.
РКС: Өңдеу өнеркәсібі өндірісінің көлемі 1,5 млрд.теңгені құрады. Сумен жабдықтау, кәріз жүйесі өндірісінің көрсеткіші қалдықтардың бөлінуін бақылау 39,9 млн теңге
СНХ: АБАЙ ӘЛЖАНОВ, ЕРЕЙМЕНТАУ АУДАНЫНЫҢ ӘКІМІ: "Қызылту" ЖШС - молибден кенін өндіру. Қызмет Бестоғай а/о Қызылту кен орнында молибден-мыс кенін өндіруге келісімшарт негізінде жүргізіледі. 2022 жылдың қаңтар-сәуір айларында тиеп-жөнелтілген мыс-молибден кенінің көлемі 917,7 млн. теңге сомасына 177,7 мың тоннаны құрады.
РКС: Ауыл, орман, балық шаруашылықтарының жалпы өнімінің көлемі – 7,2млрд теңге. Ауданда шағын және орта бизнесті дамытуға басымдық беріліп отыр. Бүгінгі таңда 288 шағын және орта кәсіпкерлік, 863 жеке кәсіпкер, 663 шаруа қожалығы бар.
СНХ: АБАЙ ӘЛЖАНОВ, ЕРЕЙМЕНТАУ АУДАНЫНЫҢ ӘКІМІ: 2022 жылдың қаңтар-сәуір айларында тірі салмақта мал мен құстың барлық түрлерін союға 3,8 мың тонна ет, сүт – 10,5 мың тонна жұмыртқа – 1 295,8 мың дана сатылды. 1 мамырына шаруашылықтың барлық санаттарындағы ауыл шаруашылығы жануарларының мал басы: Ірі Қара Мал – 70,6 мың бас немесе өткен жылдың сәйкес деңгейіне 107,5% құрады
РКС: Ерейментау қаласындағы 45 пәтерлі тұрғын үйдің құрылысын жалғастыруға қаражат бөлінді. Осы жылы сумен жабдықтау мәселесіне де ден қойылмақ.
ЖАНСҰЛУ ЖИЕНҚҰЛ, МЕДЕТ ҚАЙЫРКЕНОВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ