ШҰҒЫЛ! БАТЫР ҚЫЗ, АЙҒАНЫМ. СОТ ҮКІМІ ШЫҚТЫ Толығырақ

ТЕАТР МАЙТАЛМАНЫ ЖАНАР ҚҰСАЙЫНОВА - 50 ЖАСТА!

19:28, 13 қаңтар 2021

ДК: Сахна саңлағы, театр майталманы, Қазақстан Республикасының мәдениет қайраткері Жанар Құсайынова 50 жаста. Өнер иесі өзінің ширек ғасырдан астам уақытын театр сахнасындаөткізіп келеді. Ол облыстық Шахмет Құсайынов атындағы қазақ музыкалық-драмма театрының негізін қалауға үлес қосқан жандардың бірі. Яғни, облыс орталығындағы өнер ордасы ашылған кезде Жанар Құсайынова Алатау бөктеріндегі оқуын тәмәмдап дәл осы театрға жұмысқа орналасады. Көрермен көзайымына айналған дарын иесі әлі де сахна төрінен түскен емес. 

РКС: Көкшетаудың Ақтоқтысы. Белгілі акирисаны елі осылай еркелеиеді. Яғни, 1996 жылы облыстық Шахмет Құсайынов атындағы  театр шымылдығын Ғабит Мүсіреповтың «Ақан сері - Ақтоқты» қойылымымен ашты. Сол спектакальде Жанар Құсайынова басты рольді, яғни Ақтоқтыны сомдайды.

СНХ: ЖАНАР ҚҰСАЙЫНОВА, ҚР МӘДЕНИЕТ ҚАЙРАТКЕРІ//қаз/// Ең бірінші Ақан сері Ақтоқтыны ойнағандағы көрермен қошеметі бөлек болды. Көшеден көріп, мынау Ақтоқты ғой деп танып жатқанда төбем көкке жететін.Қазір мені Көкшетаудың Жанары, Көкшенің Ақтоқтысы дейді кейбір жандар. Бұл менің жетісітігім, еңбегімнің жемісі деп есептеймін.

РКС: Сахна  саңлағы қазіргі Біржан сал ауданына қарасты Ақбұлақ ауылында дүниеге келген. Жасынан өнерге құштар ол Көкшетаудағы Ақан сері атындағы жоғары мәдениет колледжінде, кейіннен Алматы қаласындағы Темірбек Жүргенов атындағы өнер академиясында білім алады. Еңбек жолын  шаһардағы қазақ драма театрында бастады.

СНХ:  ЖАНАР ҚҰСАЙЫНОВА, ҚР МӘДЕНИЕТ ҚАЙРАТКЕРІ//қаз/// Бізден бәрін жаңадан бастадық. Енді тәй-тәй басып сахнаға шықтық. Біздің косюмдерімізде болған жоқ.  Сол алғашқы спектакальге арнайы тігілді. Әлі де кө алдымда Алматыдан келген костюмдерді күтіп алып, цехқа апарып өлшеп көрдік. Тіктірдік. Бәріміз мәзбіз, жаспыз.көзімізде от. Ешқандай қиындық жоқ сияқты көрінді.

РКС: Иә, сол кезде халық батасымен ашылған өнер ордасы бүгінде іргелі қара шаңыраққа айналды. Дәл осы театрдың сахнасында Жанар Құсайынова 100-ден астам қойылымда түрлі рөлдерді сомадаған. Әртістің сахнадағы шеберлігі мен адами болмысын әріптестері де жоғары бағалайды.

СНХ: ТӨЛЕУБЕК КӨҢБАЙ, Ш.ҚҰСАЙЫНОВ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ МУЗЫКАЛЫҚ-ДРАМА ТЕАТРЫНЫҢ КӨРКЕМДІК ЖЕТЕКШІСІ, ӘРІПТЕСІ//қаз/// Мен үшін Жанар амплуасы бөлек актриса. Өйткені дауысының тембрі, ішкі жан дүниесі бай тұлға. Әрбір рөлді шынайылықпен ойнап, өз деңгейінде жеткізе біледі.

РКС: Білікті актриса, ұлағатты ұстаз, аяулы жар, ардақты ана.Осының бәрі өнер иесінің негізгі болмысына саяды. Айта кету керек, Жанар Құсайынованың өмірлік серігіде театр майталманы, ҚР мәдениет қайраткері Қайрат Мырзаболатов. Өнердің қос  жұлдызы әлі де көрермен қауымды өздерінің тың туындыларымен қуанта берері  сөзсіз.

АБЗАЛ АЗАМАТҰЛЫ, АЗАМАТ БЕКМАҒАНБЕТОВ, АЛМАС СӘДУАҚАСОВ, КӨКШЕ-АҚПАРАТ

Тақырып бойынша материалдар

ОБЛЫСТЫҚ ОРЫС ДРАМА ТЕАТРЫ ЖАҢА ҚОЙЫЛЫМДАР ФЕСТИВАЛІН ҰСЫНАДЫ
20:47, 24 маусым 2021
ОБЛЫСТЫҚ ОРЫС ДРАМА ТЕАТРЫ ЖАҢА ҚОЙЫЛЫМДАР ФЕСТИВАЛІН ҰСЫНАД...
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ЖҮК КӨЛІКТЕРІ ЖАҢА ТӨСЕЛГЕН ЖОЛДЫ БҮЛДІРДІ
14:06, 18 маусым 2021
ЖҮК КӨЛІКТЕРІ ЖАҢА ТӨСЕЛГЕН ЖОЛДЫ БҮЛДІРДІ
Толығырақ...