ШҰҒЫЛ! 15 МАМЫР – ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ОТБАСЫ КҮНІ Толығырақ

ТЕЛЕАРНА ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ ВАКЦИНА АЛДЫ

19:36, 13 сәуір 2021

ДК: Жұқпалы індеттің таралуын тоқтатып, қалыпты өмірге оралуға көмектесетін бірден бір жол - екпе алу. Ақмола облысында жаппай егу науқаны қарқынды жүріп жатыр. Бүгін біздің «Көкше» телеарнасының ұжымы да вакцина алды.  

РКС: Жүргізуші – редактор Айсәуле Съезбек күнделікті түсірілімдерде жүреді. Жұмыс барысында түрлі әлеуметтік топ өкілдерімен кездеседі. Кей күндері аурухана, емханаларға да баруына тура келеді. Осы күнге дейін мүмкіндігінше сақтанып та жүр. Дегенмен, қоғам болып егілу науқанын қолдау азаматтық борышым деп санайды. 

СНХ: АЙСӘУЛЕ СЪЕЗБЕК, «KOKSHE» ТЕЛЕАРНАСЫНЫҢ РЕДАКТОР-ЖҮРГІЗУШІСІ///қаз///Коронавирусқа қарсы вакцинаны алудағы басты себебім – қоғамдық иммунитет қалыптастырып, дерттің жалпы елімізден, әлемнен кеткенін қалаймын. Жұмыс барысында көп адамдармен кездесетін болғандықтан, жақындарымды да, өзімді де сақтау үшін осы қадамды саналы түрде қабылдадым. Біздің халқымыз осы дертті жеңіп шығады деген сенімім мол. 

РКС: Дүниені дүрліктірген дерт елімізге келген сәттен телеарнаның шығармашылық тобы күні-түні жұмыс істеді. Коронавирус жұқтырғандар емделіп жатқан орталықтағы «қызыл аймақтан» да, блок-бекеттерден де тоқтаусыз ақпарат таратты. Ендігі мақсат елімізде жүргізіліп жатқан індетті ауыздықтау шарасын мейлінше қолдау.

СНХ: ЕРЛАН АТАМБАЙ, «ҚАЗАҚСТАН» РТРК» АҚМОЛА ОБЛЫСТЫҚ ФИЛИАЛЫНЫҢ ДИРЕКТОРЫ///қаз/// Коронавирусқа қарсы екпе алып шықтым. Денсаулығыма ешқандай кері әсерін сезіп тұрған жоқпын. Өзімді өте жақсы сезініп тұрмын. +скл+ Бүгінгі жер бетіндегі бар инфекциялық аурулардың емі, олардың алдын алу жолы – екпе, вакцина.+скл+Әлем елдерінің барлығы қазір осы вакцина алып жатыр. Меніңше, соңғы бір жылдан астам уақытта бүкіл әлемді әбігерге түсіріп, оның ішінде біздің Қазақстанның барлық саласына кесірін тигізіп жатқан тәж тажалды жеңу үшін халықтың басым көпшілігі осы екпені алуы керек. Әр азаматты ерікті түрде барып, екпе алуға шақырамын.  

РКС: Қоғаммен тығыз байланыста жұмыс істейтін оператор, журналист, көлік жүргізушісі сияқты бірнеше маманымыз екпе алды. Вакцина қабылдаған адамдарды жарты сағат бойы дәрігерлер  қадағалады. Алғашқы күні дене қызу көтерілуі мүмкін екен. Бірақ, екпені барлық алғысы келген адамға сала бермейді.  

СНХ: ДАРЬЯ КИСЕЛЁВА, КӨКШЕТАУ ҚАЛАЛЫҚ ЕМХАНАСЫНЫҢ ФЕЛЬДШЕРІ///аударма/// Вакцина екпестен бұрын, ең әуелі,  медициналық тексерістен өткіземіз. Оларды пульсоксиметриядан, термометриядан өткіземіз. Қан қысымын тексеріп,  созылмалы аурулары бар ма, жоқ па, барлығын зерделейміз. Азамат ерікті түрде келісім парағына қол қояды. Анкета толтырылады. Барлық талаптарға сәйкес келсе ғана, екпе егеміз.

РКС: Телеарна қызметкерлеріне «Спутник V» вакцинасы салынды. Ешкімде  қарсы реакция болған жоқ. Әріптестерім өздерін жақсы сезініп жүр. Бұл екпе егудің бірінші кезеңі. Вакцина алғандар 21 күннен кейін екінші дозасын қабылдайды.   

ТІЛЕК ҚАЙЫРЖАН, ДАРХАН МҮЖІБАЕВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ

Тақырып бойынша материалдар

САУЫН СИЫРЛАРДЫ КӨБЕЙТУ ЖОСПАРЛАНЫП ОТЫР
17:15, 14 мамыр 2021
САУЫН СИЫРЛАРДЫ КӨБЕЙТУ ЖОСПАРЛАНЫП ОТЫР
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

РЕСЕЙДІҢ ХАЛЫҚ ӘРТІСІ КӨКШЕЛІК КӨРЕРМЕНМЕН ҚАУЫШТЫ
17:39, 11 мамыр 2021
РЕСЕЙДІҢ ХАЛЫҚ ӘРТІСІ КӨКШЕЛІК КӨРЕРМЕНМЕН ҚАУЫШТЫ
Толығырақ...