ШҰҒЫЛ! 15 МАМЫР – ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ОТБАСЫ КҮНІ Толығырақ

ТЕМІРЖОЛДА 500-ДЕН АСТАМ ТӘРТІП БҰЗУШЫЛЫҚ ОРЫН АЛДЫ

14:03, 14 сәуір 2021

ДК: Жыл басынан бері облыс орталығындағы теміржол бойында 500-ден астам тәртіп бұзушылық анықталды. Олардың көбі жолаушылар мен жүк пойыздарының қозғалыс қауіпсіздігіне қатер төндіреді.

РКС: Жыл басынан бері жолаушылардың пойызда темекі шегуіне қатысты  3 әкімшілік құқық бұзушылық дерегі тіркелді. Сондай-ақ, белгіленбеген орындарда сауда жасаудың 7, алкоголь өнімдерін тұтынудың 30 жағдайы анықталды.

СНХ: ҚАЙРАТ АҚМҰРЗАЕВ, КӨКШЕТАУ СТАНЦИЯСЫНДАҒЫ ЖЕЛІЛІК ПОЛИЦИЯ БӨЛІМІ БАСТЫҒЫНЫҢ БІРІНШІ ОРЫНБАСАРЫ///аударма///Әкімшілік кодекстің талаптарын елемейтін азаматтардың бар екені өкінішті. Негізінен қоғамдық орындарда мас күйде жүру,  тыйым салынған жерде темекі шегу,  теміржол бойында белгіленбеген жерлерден өту секілді әкімшілік құқық бұзушылықтар орын алады. Теміржолмен жолаушылар да, қауіпті жүктер де тасымалданады. Сондықтан жүк және жолаушылар  вагондарының рельстен  шығып кетпеуі тиіс.   

РКС: 1 сәуірде желілік полиция бөліміне жүк пойызының жүргізушісінен телефон хабарламасы келіп түскен. Ясново-Володаровка бағытындағы 271 шақырымда 7-8 жас шамасындағы қыздың белгіленбеген теміржол бойынан өтіп бара жатқанын баяндаған. Жүргізушінің қырағылығының арқасында пойыз қозғалысы шұғыл тоқтатылды.

СНХ: ҚАЙРАТ АҚМҰРЗАЕВ, КӨКШЕТАУ СТАНЦИЯСЫНДАҒЫ ЖЕЛІЛІК ПОЛИЦИЯ БӨЛІМІ БАСТЫҒЫНЫҢ БІРІНШІ ОРЫНБАСАРЫ///аударма///Бірден желілік полиция бөлімінің қызметкерлері оқиға орнына, яғни Володарское станциясына жол тартты. 9 жастағы қыз үйден әпкесімен кездесу үшін шыққан. Баратын жеріне асыққандықтан, жолды қысқарту үшін теміржолды кесіп өткен. Кәмелетке жасы толмаған баласына қарамағаны үшін ата-анасына міндеттерін дұрыс орындамаған деген айып тағылды. Оларға 10 айлық есептік көрсеткіш  мөлшерінде айыппұл салынып, әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

РКС: Теміржол - қауіпті аймақ. Қазақстан Республикасы әкімшілік құқық бұзушылық Кодексінің 559-бабының 5-тармағы бойынша теміржол көлігінде қозғалыс қауіпсіздігін қамтамасыз ететін қағидаларды бұзғаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тарту көзделген. Белгіленбеген жерлерде теміржол арқылы өткені үшін 3 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде әкімшілік айыппұл салынады.

ТІЛЕК ҚАЙЫРЖАН, МҮСЛИМА АСХАТОВА, ПАВЕЛ СОЛОВЬЕВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ

Тақырып бойынша материалдар

САУЫН СИЫРЛАРДЫ КӨБЕЙТУ ЖОСПАРЛАНЫП ОТЫР
17:15, 14 мамыр 2021
САУЫН СИЫРЛАРДЫ КӨБЕЙТУ ЖОСПАРЛАНЫП ОТЫР
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

РЕСЕЙДІҢ ХАЛЫҚ ӘРТІСІ КӨКШЕЛІК КӨРЕРМЕНМЕН ҚАУЫШТЫ
17:39, 11 мамыр 2021
РЕСЕЙДІҢ ХАЛЫҚ ӘРТІСІ КӨКШЕЛІК КӨРЕРМЕНМЕН ҚАУЫШТЫ
Толығырақ...