ШҰҒЫЛ! МАКИНСК ЖЫЛУ ОҚШАУЛАУ ЗАУЫТЫ ӨНІМ КӨЛЕМІН АРТТЫРДЫ Толығырақ

«ТЕҢ ҚОҒАМ» ӘЛЕУМЕТТІК ҚОЛДАУ ОРТАЛЫҒЫ АШЫЛДЫ

19:09, 28 шілде 2021

ДК: Көкшетауда ерекше қажеттілігі бар жандарды әлеуметтік қолдау мақсатында «Тең қоғам» орталығы ашылды. Бұл іске облыстық бюджеттен 6 миллион теңге бөлінген «Бір терезе» қағидасы бойынша қызмет көрсететін орталық мүгедектерге қолайлы орта қалыптастыру мақсатында құрылып отыр. Мұнда оларға түрлі сала мамандары консультациялық кеңестер беріп, толғандырған мәселелерін шешуге көмектеседі.

РКС: Қазақстанда бүгінде 705 мыңнан астам мүмкіндігі шектеулі жан бар. Оның ішінде 430 мың адам еңбекке қабілетті, 181 мыңы – зейнеткерлік жаста, 94 мыңы – балалар. Ал Ақмола облысында 29 мыңнан астам ерекше қажеттілігі бар жан тұрады. Халықтың осынау әлеуметтік әлсіз тобына тиісті көмек көрсету – қоғам міндеті. Сол мақсатта құрылған орталық төрт бағытта жұмыс істейді. Нақтырақ айтсақ, әлеуметтік, психологиялық, құқықтық және жұмысқа орналастыру бойынша кеңестер беріледі.

СНХ: ДАНА ЖАНТЕМІРОВА, «ТЕҢ ҚОҒАМ» ЖОБАСЫНЫҢ ҮЙЛЕСТІРУШІСІ: Мамыр айынан бастап жұмыс істей бастадық. Ерекше азаматтарға мейлінше жан-жақты көмек көрсетеді. Ал ең бастысы-жұмыспен қамтамасыз ету. Түйіндеме жазудан бастап, жұмысқа орналасқан кездің өзінде ортаға бейімделуге көмектесеміз.

РКС: Дина Баум – бала кезінен үшінші топтағы мүгедек жан. Тұрақты жұмысқа орналасуды армандаған бойжеткен бүгінде тегін компьютерлік курстарға қатысып жүр. Орталықтан тағы осындай 4 адам бухгалтерлік білім меңгеруде.

СНХ: ДИНА БАУМ, ЖОБАҒА ҚАТЫСУШЫ: «Тең қоғам» жобасының арқасында мен қазір компьютерлік курстарға барып жүрмін. Қазір маған осы салада жұмысқа орналасуға көмектесіп жатыр. Себебі мүгедектікпен екі қолға бір күрек табу өтк қиын. Орталықта түрлі тренингтер өтеді. Психологиялық жағынан қолдау көп.

РКС: Мұнда заңгер, психолог мамандар 21 адамға қызмет көрсетеді. Ал облыс орталығынан алшақ ауылдарда тұратын мүгедек жандар үшін What’sApp, Telegram әлеуметтік желілері арқылы онлайн консультациялар жүргізіледі. Айта кетерлігі, жобаға қатысамын деушілерге Бәйкен Әшімов көшесіндегі 86-шы үйге барып, өтінім білдірсе жеткілікті.

ГҮЛМИРА АМНБАЕВА, ДАРХАН МҮЖІБАЕВ, «КӨКШЕ АҚПАРАТ»

 

Тақырып бойынша материалдар

АДАМ ҚҰҚЫҒЫН ҚОРҒАУ САЛАСЫНДАҒЫ ЗАҢНАМА ӨЗГЕРЕДІ
21:47, 27 қазан 2021
АДАМ ҚҰҚЫҒЫН ҚОРҒАУ САЛАСЫНДАҒЫ ЗАҢНАМА ӨЗГЕРЕДІ
Толығырақ...
«ЖАСЫЛ КЕҢСЕ» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ КОНКУРСЫНЫҢ ЖЕҢІМПАЗДАРЫ АНЫҚТАЛДЫ
21:03, 27 қазан 2021
«ЖАСЫЛ КЕҢСЕ» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ КОНКУРСЫНЫҢ ЖЕҢІМПАЗДАРЫ АНЫҚТАЛ...
Толығырақ...
ХАЛЫҚ САНАҒЫН ҚАЙТАДАН ОНЛАЙН ӨТУГЕ БОЛАДЫ
21:00, 27 қазан 2021
ХАЛЫҚ САНАҒЫН ҚАЙТАДАН ОНЛАЙН ӨТУГЕ БОЛАДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

 ТҮЙІТКІЛДІ ТАҚЫРЫП: ЖАТАҚХАНА МӘСЕЛЕСІ
19:38, 22 қазан 2021
ТҮЙІТКІЛДІ ТАҚЫРЫП: ЖАТАҚХАНА МӘСЕЛЕСІ
Толығырақ...
КӨКШЕТАУЛЫҚ  ӨНЕРТАПҚЫШ ҮЗДІКТЕР ҚАТАРЫНДА
21:09, 21 қазан 2021
КӨКШЕТАУЛЫҚ ӨНЕРТАПҚЫШ ҮЗДІКТЕР ҚАТАРЫНДА
Толығырақ...