ШҰҒЫЛ! ӨҢІРДЕГІ БІРНЕШЕ КӨЛ ТАЗАРТЫЛАДЫ Толығырақ

ТЕНТХАУСТАҒЫ ТУРИЗМ

13:44, 9 маусым 2021

ДИКТОР: Карантин ішкі туризмнің әлеуетін арттыруға мүмкіндік бергені рас. Шекаралардың жабылуы  кәсіпкерлердің жаңа туристік бағыттарды қолға алуына түрткі болды. Мәселен, тылсым табиғат құшағында тыныш қана демалуды қалайтын жандар үшін Біржан сал ауданында «Жұлдызды орман»  атты жаңа туристік нысан ашылды.

СТЭНД-АП: АЙСӘУЛЕ СЪЕЗБЕК, ТІЛШІ:  0044 Ну орманның арасында  орналасқан осындай шатырларда демалу экотуризмнің жаңадан дамып келе жатқан глэмпинг деп аталатын түрі.Біз қазір Бурабайдан 25 шақырым жердегі Жөкей көлінде орналасқан глэмпинг орталықтамыз. Туристерге бұл орталық қандай демалыс түрлерін ұсынады екен? Бірге білейік.

РКС:Былтыр карантинде төрт қабырғада қамалып отырудан шаршаған Айнұр Жәкібаева отбасы үшін табиғатта демалудың сан түрін зерттей бастайды. Осылайша шетелде белсенді дамып келе жатқан глэмпинг бағытын бизнеске айналдыру идеясына тоқталыпты. Бұл - жабайы табиғат пен эстетикалық жайлылықты ұштастыратын демалыс кешені, - дейді кәсіпкер.

СНХ: АЙНҰР ЖӘКІБАЕВА, ГЛЭМПИНГ ЖЕТЕКШІСІ: /русс/00:35 Глэмпинг термині 2005 жылы Ұлы Британияда шыққан. Бұл бағыт елімізде қатты дами қоймаған. Қазақстанда бірнеше жерде ғана бар. Ал Ресейде экотуризм өте жақсы дамыған. Бұл табиғат құшағында тыныш демалуды қалайтын жандарға арналған орын.

РКС: Демалыс орнының аумағында 10 тентхаус бар. Әр шатырға 2-5 адамға дейін орналаса алады. Айдаладағы глэмпинг әр тентхаус тұрғындары үшін жеке дәретхана мен жуынатын бөлме ұсынады.Ал бассейн мен аспан астындағы мейрамхана демалыс көркін одан сайын қыздырады.

СНХ: АЙНҰР ЖӘКІБАЕВА, ГЛЭМПИНГЖЕТЕКШІСІ: /русс/01:19 Мұндағы басты ерекшелік - табиғат. Неге біз «Жұлдызды орман» деп атадық десеңіз,  түнде жұлдыздар сондай жарық болады. + 02:14 Негізінен біздің басты ұстанымымыз – тыныштықтағы демалыс ұйымдастыру. +06:40 Бұл бизнесті бастар алдында біз Ақмола облысының ауыл шаруашылығын қолдау қорынан несие алдық. Олар бірден жаңа идеяны жан-жақты қолдады. Әрине, өзіміздің де жеке қаржымызды құйдық.

РКС:«Жұлдызды орман» глэмпингінің ашылғанына 2 аптадан енді асты.  Ұйымдастырушылардың айтуынша, қонақтардың басым көпшілігі - қала тұрғындары.

СНХ: ӘСЕЛ БЕКЕНОВА, ТУРИСТ: Бұл жердің табиғаты сондай тартымды екен. Әсіресе, таңды қарсы алуға шыққандағы әдемілікті сөзбен суреттей алмаймын. Негізі мен өзім суретшімін. Мына пейзаж менің шабытымды оятып жатыр. Көзім тояр емес. + 00:50 Осындай демалыс түрін таңдағанымызға қатты қуаныштымын. Дәретханалардың өзі тап-таза. Ауылға келдім дейтіндей емес. Адамдарға жайлы жағдай жасапты.

СНХ: ҚУАТ ЖАҚЫПОВ, ТУРИСТ:00:08 Нұр-Сұлтан қаласынан келдік. Демалыс керемет. Бәрі ұнады. Ағаштың бауырында. Су да бар екен. Барлық жағдай бар екен. Отбасымызбен келдік. Бәрі тап-таза. + 00:45 Ешқандай қиындық болған жоқ. Сары маса да ішінде жоқ. + 01:02 Ауа таза. Ұйқыны бастық бүгін біраз.

РКС: Бір қызығы –туристік нысан тек жылы маусымдарда ғана құрылады. Жоба жетекшілерібиыл қазанның 20-ына дейін қонақтарды қабылдауға дайынбыз, - дейді.

АЙСӘУЛЕ СЪЕЗБЕК, ДАРХАН МҮЖІБАЕВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар

ЖҮК КӨЛІКТЕРІ ЖАҢА ТӨСЕЛГЕН ЖОЛДЫ БҮЛДІРДІ
14:06, 18 маусым 2021
ЖҮК КӨЛІКТЕРІ ЖАҢА ТӨСЕЛГЕН ЖОЛДЫ БҮЛДІРДІ
Толығырақ...