ШҰҒЫЛ! 15 МАМЫР – ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ОТБАСЫ КҮНІ Толығырақ

ТӘРТІП БАР ЖЕРДЕ ІС АЛҒА БАСАДЫ

14:25, 4 мамыр 2021

ДК: Облыс орталығында 4 ірі жылыжай шаруашылығы жұмыс істейді. Олар өз өнімдерін еліміздің әр аймағына жөнелтеді. Облыс әкімі Ермек Маржықпаев жұмыс сапары барысында аталған компанияның қызметімен танысты.

ЖКС: «Жасыл ел НС» компаниясы нарықта 2009 жылдан бастап жұмыс істейді.  Бұл кәсіпорын облыс орталығымен қатар елорда мен алыс-жақын маңдағы аймақтарды жасыл желекке бөлеп, көгалдандырумен айналысады. Жоба қуаттылығына сәйкес, жылына шамамен 6 мыңға жуық ағаш және 3 миллиондай түрлі көшет отырғызылады.

СНХ: ЖӘДІГЕР АХИШЕВ, «ЖАСЫЛ ЕЛ НС» СЕРІКТЕСТІГІ  ДИРЕКТОРЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:///АУДАРМА///Мына жерде гүлдің 500-ге жуық түрі мен тұқымы бар. Біз Көкшетау қаласының көшелеріне егеміз, одан бөлек, облыс бойынша және еліміздің басқа аймақтарына да жөнелтеміз. Қазіргі кезде 4 жылыжай кешенінің әрқайсысында  7-ден 10 адамға дейін жұмыс істейді. Бұл тек жылыжайға қатысты. Ал қаланы көгалдандырған кезде адам саны 50-ден асады...

ЖКС: Айта кетейік, Көкшетау қаласы 18 мың шаршы метр аумақты көгалдандыруға тапсырыс берген. Облыс әкімі Ермек Маржықпаев жұмыс барысында жылыжайлардың біріне соғып, ұжыммен кездесіп қайтты.

ЖКС: «Молоко Синегорья» кәсіпорнының қуаттылығы тәулігіне 150 тонна. 2017 жылдан жұмысын тоқтатқан кәсіпорын, өткен жылдың ақпанынан жұмысын қайтадан жаңғыртты.

СНХ: РОЗА СҮЛЕЙМЕНОВА – КӘСІПОРЫН ДИРЕКТОРЫ ///аударма///Біз бүгінде өнімімізді Қазақстанның ішкі нарығына жөнелтіп жатырмыз. Теміржол вагондарымен жеткіземіз. Зауыттың жұмысы 3 жыл тоқтап тұрған еді. Бірақ температуралық режимді бірқалыпта ұстап тұрдық.

ЖКС: Бүгінде кәсіпорында 53 адам жұмыс істейді. Облыс басшысы сүт зауытының  жұмысымен танысып, өнімнің дәмін де татып көрді 

ЖКС: 2019-жылдан бері №1-ші мектеп-гимназиясы жанынан 600 орындық құрылыс нысаны салынып жатыр. Осылайша, үш ауысымды оқыту мәселесі түбегейлі шешілмек. Қазіргі таңда, 838 орынға шақталған мекемеде екі  мыңға жуық бала білім алуда. Облыс әкімі жаңа нысанның жұмыстарына бірқатар сын айтты. 

СНХ: ЕРМЕК МАРЖЫҚПАЕВ, АҚМОЛА ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ///рус///   Қалада салынып жатқан нысандар сапалы әрі мерзімге сай аяқталуы тиіс. Мына жерді түзу әрі әдемі қылып жасау керек еді. Қазір мына жерді қалай түзетесіздер?  Неліктен талапқа сай емес. Жоспарды орындаймыз деп жобаның сапасын назардан тыс қалдырмау қажет!

ЖКС: Құрылыстың қарқыны мен ішкі әрлеу жұмыстары да өңір басшысының көңілінен шықпады. Ермек Маржықпаев орын алған олқылықтарды тез арада реттеуді тапсырды. Мердігерлер болса, ішкі инженерлік желілерді орнату, су, жылу құбырларын тарту жұмыстарының аяқталуға жақын екенін алға тартты. Футбол және баскетбол алаңдарын орнату жұмыстары да аяқталуға таяп қалған.  

 ГҮЛМИРА АМАНБАЕВА, ЗАРИНА ДҮЙСЕКЕЕВА, АЗАМАТ БЕКМАҒАНБЕТОВ,  БЕРІК МАНАП,  «КӨКШЕ АҚПАРАТ»

 

Тақырып бойынша материалдар

САУЫН СИЫРЛАРДЫ КӨБЕЙТУ ЖОСПАРЛАНЫП ОТЫР
17:15, 14 мамыр 2021
САУЫН СИЫРЛАРДЫ КӨБЕЙТУ ЖОСПАРЛАНЫП ОТЫР
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

РЕСЕЙДІҢ ХАЛЫҚ ӘРТІСІ КӨКШЕЛІК КӨРЕРМЕНМЕН ҚАУЫШТЫ
17:39, 11 мамыр 2021
РЕСЕЙДІҢ ХАЛЫҚ ӘРТІСІ КӨКШЕЛІК КӨРЕРМЕНМЕН ҚАУЫШТЫ
Толығырақ...