ШҰҒЫЛ! ӨҢІРДЕГІ БІРНЕШЕ КӨЛ ТАЗАРТЫЛАДЫ Толығырақ

ТӘУЕЛСІЗ ЕЛДІҢ ҚҰРДАСТАРЫ

14:13, 10 маусым 2021

ДИКТОР: Тәуелсіздік құрдастары биыл ордалы 30 жасқа келіп отыр. Кеңес заманында қалыптасқан үрдістен алшақтап, заманауи дағдыларды бойына сіңірген ұрпақтан күтеріміз көп. Егеменді елмен қатар өсіп,  барыс бейнелі болашаққа бой түзеген жастар жайлы тілші тарқатсын.

РКС: Берік Бажыкенов 1991 жылы Солтүстік Қазақстан облысы, Бірлестік ауылында дүниеге келген. Жергілікті мектепті, кейін Көкшетаудағы лицейді тәмәмдады. 2011 жылы әскер қатарына шақырылып, Алматы облысында азаматтық борышын өтеді. Қазіргі кезде өрт сөндіру бөлімінде қызмет атқарып келеді.

СНХ: БЕРІК БАЖЫКЕНОВ – АҒА ӨРТ СӨНДІРУШІ ///аударма/// Біздің жұмысымыз ең қауіпті мамандықтардың бірі болып саналады. Көбінесе біз ауыр  психологиялық жағдайда жұмыс жасаймыз. Біз өрт сөндіруден бөлек адамдарды да, олардың мүлкін де құтқару үшін авариялық-құтқару жұмыстарын да жүргіземіз. Сондықтан бізді "көрінбейтін майдан жауынгерлері" деп атайды.

РКС: Дархан Нұржақсын – Тәуелсіздіктің құрдасы. Жас жігіт 2016 жылдан бастап құтқарушы болып жұмыс істейді. Оның айтуынша, қазіргі қазақстандық жастарда кеңес заманында өскен адамдарға қарағанда ішкі бостандық пен еркіндік көп.

СНХ: ДАРХАН НҰРЖАҚСЫН - АҒА ӨРТ СӨНДІРУШІ ///аударма/// Тәуелсіздік – өзім үшін және өз іс-әрекеттерім үшін жауапкершілік. Бұл жеке пікіріңіздің болуы. Өз көзқарасыңызды ұстануға және әрекет етуге қабілетті болу керек. Мен үшін тәуелсіздіктің құрдасы болу үлкен құрмет. Біздің елімізде өскелең ұрпақ үшін барлық жағдай жасалған.

РКС: Тәуелсіздік – ата-бабаларымыздың ерлік жолындағы күресінің жемісі. Олар көптеген қиындықтар мен сынақтарға қарсы тұрды. Тарихтың бұл беттері халық жадында қалуы аса маңызды, – деп атап өтті Тәуелсіздік құрдастары.

МАДИНА ҚАДЫРБЕК, ЗАРИНА ДИСЮКЕЕВА, БАУЫРЖАН СМАҒҰЛОВ, БЕРІК МАНАП, КӨКШЕ АҚПАРА

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар

ЖҮК КӨЛІКТЕРІ ЖАҢА ТӨСЕЛГЕН ЖОЛДЫ БҮЛДІРДІ
14:06, 18 маусым 2021
ЖҮК КӨЛІКТЕРІ ЖАҢА ТӨСЕЛГЕН ЖОЛДЫ БҮЛДІРДІ
Толығырақ...