ШҰҒЫЛ! ӨҢІРДЕ ЭПИДЕМИОЛОГИЯЛЫҚ ЖАҒДАЙ УШЫҒЫП ТҰР Толығырақ

«ТӘУЕЛСІЗ ЕЛІМНІҢ БЕЙНЕСІ» АТТЫ АРТ-КӨРМЕ

18:50, 16 қараша 2021

ДИКТОР:  Тәуелсіздіктің  30 жылдығы аясында  «Тәуелсіз елімнің бейнесі» атты арт-көрме өтіп жатыр.  Іс-шара жас ұрпақтың бойындағы патриоттық сезімді қалыптастырып, отанға деген сүйіспеншілікті және қызығушылықтарын арттыратыны анық. 

РКС: Іс-шараның  мақсаты-жас ұрпақтың бойындағы патриотизм мен азаматтық жауапкершілікті қалыптастыру, отан тарихына деген қызығушылығын арттыру.  Сондай-ақ, жеткіншектердің өнерін насихаттау, қолдау көрсету.

СНХ: ҚУАНЫШ ОСПАН, КӨКШЕТАУ ҚАЛАЛЫҚ АҚПАРАТТЫҚ КІТАПХАНАЛАР ЖҮЙЕСІ ЖЕТЕКШІСІ:  Еліміздің Тәуелсіздігіне 30 жыл толып отыр. Сондықтан да, бүгін мына жерде біздің тарихымыздың сәулелі сәттерін, әдемілігін бейнелеген суретшілердің, балалардың жұмыстары қойылып отыр. Біздің қаламызда оқушылардың өнер мектебі жұмыс істейді.+СКЛ+Өнер мектебінің жасаған керемет жұмыстарына қарасаңыздар, Көкшетаудың, еліміздің табиғатын көруге болады.+СКЛ+Батыр аталарымыздың суретін бейнелейді.

РКС: Көрмеге Көкшетау балалар көркемсурет мектебі оқушыларының 7 еңбегі,  «Мұрагер» аулалық клубы тәрбиеленушілерінің 12 және Болашақ Сарайы жанындағы арнайы үйірменің жас қылқалам шеберлерінің 2 жұмысы қойылған. Сондай-ақ арт-көрменің орталық залында жоғары техникалық колледжі студенттерінің киізден құрап жасаған «Ұлы Жібек жолы» атты шығармашылық жұмысы орналастырылыпты. Жан-жағына матадан, бисерден, киізден жасалған туындылар да  қойылған. 

СНХ: ЛАРИСА МЕНИНА, ОРТАЛЫҚ ҚАЛАЛЫҚ ҮЛГІЛІ КІТАПХАНАНЫҢ МЕҢГЕРУШІСІ: Наша центральная городская модельная библиотека организовала арт-выставку посвященной 30 летию Независимости РК. А так же году поддержки чтению детей и юношество. На выставке представлены работы разной техники. Это живопись, прикладная исскуства, компьютерная графика. Мы хотели всем показать исскуства детей нашего города/// Аталған шара ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығына және балалар мен жасөспірімдердің кітап оқуын қолдау жылы шеңберінде өткізіліп отыр. Бұл жерде түрлі техниканы қолдана отырып жасалған жұмыстар қойылған.  Көпшілікке біздің өңір балғындарының керемет жұмыстарын осы көрме арқылы көрсеткіміз келді.

РКС: Туындылар жанры жағынан бір-біріне ұқсамайды. Қылқалам шеберлерінің сурет салу техникалары да алуан түрлі. Балғын шеберлер Отан тарихын, батырларды,  еліміздің көрікті жерлерін портрет ретінде бейнелеген. Көрме 1 желтоқсанға дейін жалғасады. 

ҰМСЫНДЫҚ НАУРЫЗБАЕВА, МЕДЕТ ҚАЙЫРКЕНОВ, «КӨКШЕ АҚПАРАТ

Тақырып бойынша материалдар

 ӨҢІРДЕ 4 ЖАҢА МЕКТЕПТІҢ ҚҰРЫЛЫСЫ ЖОСПАРЛАНҒАН
19:53, 21 қаңтар 2022
ӨҢІРДЕ 4 ЖАҢА МЕКТЕПТІҢ ҚҰРЫЛЫСЫ ЖОСПАРЛАНҒАН
Толығырақ...
ПӘТЕРДІ ЖӨНДЕУ ЖҰМЫСТАРЫНЫҢ ҚЫР-СЫРЫ
19:43, 21 қаңтар 2022
ПӘТЕРДІ ЖӨНДЕУ ЖҰМЫСТАРЫНЫҢ ҚЫР-СЫРЫ
Толығырақ...
ӨҢІРДЕ ЭЛЕКТРОНДЫҚ ҚЫЗМЕТТЕРДІҢ ҮЛЕСІ 94,5% - ҒА ДЕЙІН ӨСТІ
19:42, 21 қаңтар 2022
ӨҢІРДЕ ЭЛЕКТРОНДЫҚ ҚЫЗМЕТТЕРДІҢ ҮЛЕСІ 94,5% - ҒА ДЕЙІН ӨСТІ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ӨҢІРДЕ ЭПИДЕМИОЛОГИЯЛЫҚ ЖАҒДАЙ УШЫҒЫП ТҰР
19:39, 21 қаңтар 2022
ӨҢІРДЕ ЭПИДЕМИОЛОГИЯЛЫҚ ЖАҒДАЙ УШЫҒЫП ТҰР
Толығырақ...