ШҰҒЫЛ! ХАЛЫҚ: «ҚАНТТЫҢ БАҒАСЫ – 1000 ТЕҢГЕ» Толығырақ

ТӘУЕЛСІЗ ҚАЗАҚСТАН ТӨРТІНШІ ОНЖЫЛДЫҚТА

19:48, 15 қазан 2021

 ДИКТОР: Ақмола облысында «Тәуелсіз Қазақстан Төртінші онжылдықта» атты жастар форумы өткізілді. Іс-шара Тәуелсіздіктің 30 жылдық мерекесі аясында ұйымдастырылды. Форумға жастар қозғалысының жетекшілері мен көшбасшылары,еріктілер ұйымдарының өкілдері,белсенді жас кәсіпкерлер мен Тәуелсіздік құрдастары қатысты.

РКС: Аталған форумның басты мақсаты-еліміздің жас азаматтардың жағымды бейнесін қалыптастыру,30 жыл ішінде жетістіктерімізді ой елегінен өткізіп,болашақ міндеттерді айқындау. Қазіргі таңда Ақмола облысы бойынша 14-29 жасқа дейінгі 152 мыңға жуық жас азамат бар.Өңірде 84 жастар ұйымы жұмыс істейді.

СНХ: ІЛИЯС ТҮСТІКБАЕВ, «ҚАЗАҚСТАН СТУДЕНТТЕР АЛЬЯНСЫ» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ ПРЕЗИДЕНТІ: Бүгінгі осы форум аясында Көкшетау қаласында орналасқан екі бірдей университетпен мемарандумға қол қоямыз.Мемарандум аясында студенттерді ары қара дамыту,студенттерді  білім саласында өздерін тікелей араластыру.Қазір өздерініз білесіздер  білім саласында үлкен өзгерістер,реформалар жүріп жатыр.Соның бас қасында студенттер негізі өздері болуы керек.

СНХ: НҰРСҰЛТАН ШЫТЫРЫМБЕК, МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТ АГЕНТТІГІ АҚМОЛА ОБЛЫСЫ БОЙЫНША ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ БАС МАМАНЫ: Бүгінде жастар еңбек етіп, өңіріміздің дамуына өз үлестерін қосуда және тек өңірінде ғана емес, Қазақстаннан тыс жерлерде де танымал тұлғалар болып табылады. Еліміздің, облыстың басшылығы тәуелсіздіктің қалыптасуында жас ұрпаққа жеке рөл бөлетіні қуантады. Бұл жаңа салалардың, жаңа технологиялардың дамуына жаңа серпін береді, жаңа идеялар мен ниеттердің тууына қосымша серпін береді және олардың қолдауы сөзсіз

РКС: Қай қайсысы болмасын Тәуелсіздік жылдары еліміз жеткен жетістіктердің аз болмағанын айтып, баяндама жасады. Жастарға қазығы терең қағылып, отыз жылда өркендеудің дара жолына түскен ел егемендігінің мән-маңызын түсіндіре отырып, оған жалынды жастардың қосқан үлесінен хабар берді.

САЛТАНАТ СӘРСЕМБАЙҚЫЗЫ, ПАВЕЛ СОЛОВЬЕВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ

Тақырып бойынша материалдар

«АҚ БИДАЙ»  ЖАЗҒЫ СПАРТАКИАДАСЫНЫҢ АШЫЛУЫ ӨТТІ
19:11, 12 тамыз 2022
«АҚ БИДАЙ» ЖАЗҒЫ СПАРТАКИАДАСЫНЫҢ АШЫЛУЫ ӨТТІ
Толығырақ...
ТӨЛЕМ ЕНГІЗУДІҢ БАЛАМА ЖҮЙЕСІ ПАЙДА БОЛДЫ
19:11, 12 тамыз 2022
ТӨЛЕМ ЕНГІЗУДІҢ БАЛАМА ЖҮЙЕСІ ПАЙДА БОЛДЫ
Толығырақ...
ЩУЧИНСК ҚАЛАСЫНДА ЖОЛ ЖӨНДЕУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРІП ЖАТЫР
19:10, 12 тамыз 2022
ЩУЧИНСК ҚАЛАСЫНДА ЖОЛ ЖӨНДЕУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРІП ЖАТЫР
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

 93 МЫҢНАН АСА АҚМОЛАЛЫҚ МІНДЕТТІ ӘЛЕУМЕТТІК МЕДИЦИНАЛЫҚ САҚТАНДЫРУ ЖҮЙЕСІНЕ ЖАРНА ТӨЛЕМЕГЕН
18:57, 10 тамыз 2022
93 МЫҢНАН АСА АҚМОЛАЛЫҚ МІНДЕТТІ ӘЛЕУМЕТТІК МЕДИЦИНАЛЫҚ САҚ...
Толығырақ...
«JAS CAMP AQMOLA – 2022» ОБЛЫСТЫҚ ЖАСТАР ФОРУМЫ БАСТАЛДЫ
19:10, 10 тамыз 2022
«JAS CAMP AQMOLA – 2022» ОБЛЫСТЫҚ ЖАСТАР ФОРУМЫ БАСТАЛДЫ
Толығырақ...