ШҰҒЫЛ! ӨҢІРДЕГІ БІРНЕШЕ КӨЛ ТАЗАРТЫЛАДЫ Толығырақ

ТӘУЕЛСІЗДІК БАСЫМДЫҚТАРЫ: МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ ТӘРБИЕ

13:56, 8 маусым 2021

ДК: Ел мерейін асқақтатқан егемендікке биыл 30 жыл. Осы уақытта ырысы мен ынтымағы жарасқан еліміз жан жақты дамып, балғындар үшін түрлі білім нысандары есігін айқара ашты. Ал Ақмола облысында 539 мектепке дейінгі мекеме бой көтерді. Оның 186-сы балабақша болса, 353-ші шағын орталықтар.Сондай балабақшалардың бірі – «Достық» бақшасы. Балғындарды білімнің құнды нәрімен сусындатып келе жатқан мекеме 300 бүлдіршінге шақтап салынған.

ЖКС: Балабақшаның негізі қаланып отырғанына қырық жылдан асты. 1977 жылы «Чайка» атауымен белгілі болған мекмені қаладағылардың бәрі біледі. Бүгінде 300 орындық бақшада екі тілді 13 топ жұмыс істейді.

СНХ:ИРИНА МАСЛОВА, «ДОСТЫҚ» БАЛАБАҚШАСЫНЫҢ МЕҢГЕРУШІСІ: (аударма) Тәуелсіздік жылдары балабақша атауы бірнеше мәрте өзгертілді. Балаларымызды шығармашылық жағынан дамытуға тырысамыз. Түрлі байқауларға қатысып, жүлделі орындарды алып келеміз. Сурет салу, вокал, хореография, ағылшын тілінен балғындарға арналған үйірмелер жұмыс істейді. Былтыр жөндеу жұмыстары жүргізілді.

ЖКС: Ұжымда 26 тәрбиеші,  11 педагог жұмыс істейді. Қырық жылдан аса  осында еңбек етіп келе жатқан тәрбиешілердің бірі - Галина Романова. Балабақшаның ішкі ғұмырына қанық болған ол мұнда 20 жасынан келген.

СНХ: ГАЛИНА РОМАНОВА, ТӘРБИЕШІ: Біздің балабақшамызды қала тұрғындары арасында танымал деп айтуға болады. Бұрындары бәрі осында орналасқысы келетін. Қырық жылға жуық уақыт бойы осы бақшада еңбек етіп келемін. 25 жылдай логопед болдым. Балалардың тіл мүкістігін жойып, қоғамға дұрыс сөйлей алатындай, оқи алатындай тәрбиелеп шығару біздің мақсатымыз. Тәуелсіздік жылдарында бақшамыз өркендеп, гүлдене түсті.    

ЖКС: Алдағы уақытта балабақшада жаңа робототехника үйірмесі ашылмақ. Бұл елдегі Цифрландыру бағдарламасының қарқынды жүзеге асып келе жатқандығының бірден бір айғағы. Айта кетейік, бүгінгі күні облыста 35 мың 646 бүлдіршін мектепке дейінгі мекемелерде тәрбиеленуде.

ГҮЛМИРА АМАНБАЕВА, БАУЫРЖАН СМАҒҰЛОВ, «КӨКШЕ АҚПАРАТ»

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар

ЖҮК КӨЛІКТЕРІ ЖАҢА ТӨСЕЛГЕН ЖОЛДЫ БҮЛДІРДІ
14:06, 18 маусым 2021
ЖҮК КӨЛІКТЕРІ ЖАҢА ТӨСЕЛГЕН ЖОЛДЫ БҮЛДІРДІ
Толығырақ...